Төртінші кезең – тапсырмалар бөлістіріледі, тəрбиеленушілердің баршасын түгелдей қамтыған жеке-дара, топтық, ұжымдық іс-шаралар жүктеме ретінде тапсырылады.
Бесінші кезең – тəрбиеленушілердің бəрі өз борышына алған шығармашыл жұмыстарды дайындауға кіріседі.
Алтыншы кезең – дайындалған тəрбиелік шығармашыл іс өткізіледі.
Жетінші кезең – тəрбиелік іс-шара өткізілгеннен соң ынталы топ жəне ұжым мүшелерінің қатысуымен көзделген бағдарламаның орындалуына ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады.
Аталған жеті кезеңнің əрқайсысының орындайтын өзіне тəн міндет, қызметі бар. Атап айтсақ, бірінші кезеңде - өзіндік басқару кешенін түзу тəжірибесі қалыптастырылады, тəрбиеленушілер өз тұлғалық қасиет-сапаларын бағалауға үйренеді; екінші кезеңде – топтық жоспар жасау қабілеттері дамиды; үшінші кезеңде – қызмет бабына, іскерлікке дағдыланады, табыс берер шарттарды көрегендікпен тануға баулынады; төртінші кезеңде - əлеуметтік тəжірибе қалыптасып, тұлғаның ұйымдастырушылық сапалары тұрақтанады; бесінші кезеңде – танымдық, ұйымдастыру, тақырыптық, ой-пікірлерін хаттау, іс-шараға сай безендіру əрекеттері нығайып, тəрбиеленушілердің өзара қатынастарынан іскерлік сапалары байи түседі; алтыншы кезеңде - əртүрлі ұжымдық, топтық, дара жұмыстарға
араласа отырып, тəрбиеленуші өзінің тұлғалық деңгейін көтереді. Жетінші кезеңде - өз əрекеттері мен ептіліктерін сын көзбен саралаумен өзіндік бағалауға үйренеді.
Ұжымдық шығармашыл іс-əрекеттерді ұйымдастырушының төмендегі технологиялық ұстанымдарды ескергені жөн:
ұжым мүшелерінің саны 7-9-дан 25-30 адамға дейін болуы мүмкін. Қатысушылар саны шектен тыс көбейіп кетсе, іс тиімділігі күрт төмендейді;
ұжымдық шығармашыл жұмысқа қатысушылардың жеке тұлғалық даму мақсаты басты назарға алынуы шарт;
шығармашыл мəселе, міндеттер тəрбиеленушілердің өздері тарапынан анықталып, белгіленгені дұрыс;
əрбір тəрбиеленушіге өз қызығулары мен тілектеріне сəйкес жұмыс түрлерін таңдау мүмкіндігі беріледі.
Жоғарыда баяндалған технология форма тұрғысынан əрқилы тəрбиелік шараларды өткізуде пайдаланылуы мүмкін (əртүрлі тақырыптағы сынып сағаттары; конференциялар; поэзия, əн-күй, би; ауызекі журналдар; конкурстар; əйгілі адамдармен кездесу; құрбы- құрдастарымен, мектеп түлектерімен дидарласу жəне т.б.).
Соңғы жылдары тəрбиелік жұмыстардың келесідей формалары кең тарап, мектеп тəжірибесіне енуде:
Достарыңызбен бөлісу: |