Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар



бет171/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы
УМКД Тарбие жумы 2020-2021, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word

Сұрақтар мен тапсырмалар





  1. Тəрбие əдіс, тəсілдері мəнін қалай түсіндірер едіңіз?

  2. Тəрбие əдістері қалай топтастырылады?

  3. Əміршіл-əкімшіл жəне гуманистік педагогикадағы тəрбие əдістері жүйелерінің айырмашылығы неде?

  4. Үлгі-өнеге əдісінің мəні қандай?

  5. Тəрбие əдісін таңдауда қандай шарттарды ескеру қажет?

  1. дəрісбаян. Тəрбие құрал-жабдықтары мен формалары

Жоспары



  1. Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі

  2. Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама

  3. Тəрбие формалары мен құрал-жабдықтарын таңдау



    1. Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі



Тəрбие құрал-жабдықтары бұл əлеуметтік тəжірибенің педагогикалық тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі тəрбие құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.

Тəрбие құрал-жабдықтары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды- техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рəмізін айқындай түседі, т.с.с.

Құрал- жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, инабаттылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт.

Педагог даралығына негізделген əдістер мен құрал-жабдықтар бірлігі тəрбиелік іс-əрекеттер формасына арқау болады.



«Форма» терминінің мəні: 1) тəрбие процесінің сырттай көрінісі; 2) тəрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тəсілдері мен тəрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; 3) тəрбиеленушілердің ұжымдық жəне жеке-дара іс-əрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі. Сонымен, форма – бұл тəрбиелік істер процесіндегі тəрбиеленушінің тəрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.

Тəрбиелік жұмыстар өз кезегінде төмендегі аталған тəрбиелік қызметтерді орындайды:



    • ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тəрбиелік жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды əрекеттерінің қисынын (логикасын) бейнелейді;

    • реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде əлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тəрбиешілер мен тəрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;

    • ақпараттық: тəрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймастан, олардың өзіндік тəжірибелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет