Таужынысын талқандаушы аспаптар ♣ ҚАШАУ — ҰҢҒЫМА ЗАБОЙЫНДА ОНЫҢ ЕНУІ КЕЗІНДЕ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫН МЕХАНИКАЛЫҚ БҰЗУҒА АРНАЛҒАН БҰРҒЫЛАУ ҚҰРАЛ-САЙМАНЫ.
ЖЫНЫСТАРҒА ӘСЕР ЕТУ СИПАТЫ БОЙЫНША ҚАШАУЛАРДЫ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ЖІКТЕУГЕ БОЛАДЫ:
КЕСІП-ОПЫРАТЫН ҚАШАУ — ҚАЛАҚШАЛЫ ҚАШАУЛАР, ҚАТТЫЛЫҒЫ ҮЛКЕН ЕМЕС, ЖЕМІРЛІГІ АЗ ТҰТҚЫР ЖӘНЕ ПЛАСТИКАЛЫҚ ЖЫНЫСТАРДЫ (ТҰТҚЫР САЗДАР, БЕРІКТІГІ АЗ САЗДЫ ТАҚТАТАСТАР ЖӘНЕ Т.Б.) БҰРҒЫЛАУҒА АРНАЛҒАН.
ҰСАТЫП-ОПЫРАТЫН ҚАШАУ — ШАР ҚАШАУЛАР, ОРТАША ҚАТТЫЛЫҚТАҒЫ, ҚАТТЫ, МЫҚТЫ, ӨТЕ МЫҚТЫ ЖЕМІРЛІКСІЗ ЖӘНЕ ЖЕМІРЛІКТІ АЗ ЖЫНЫСТАРДЫ,БҰРҒЫЛАУҒА АРНАЛҒАН.
КЕСІП-ҚАЖАЙТЫН ҚАШАУЛАР — АЛМАСТЫҚ ЖӘНЕ ҚАТТЫ ҚОРЫТПАЛЫ ЖЫНЫС БҰЗУШЫ ҚОСЫМШАЛАРЫ БАР ҚАШАУЛАР. ОЛАР ОРТАША ҚАТТЫЛЫҚТАҒЫ ЖЫНЫСТАРДЫ, СОНЫМЕН ҚАТАР ЖОҒАРЫ ПЛАСТИКАЛЫҚ ТҰТҚЫРЛЫҒЫ АЗ ЖЫНЫСТАРДЫҢ ОРТАША ҚАТТЫЛЫҚТАҒЫ, ТІПТІ ЖЕМІРЛІГІ АЗ ҚАТТЫ ЖЫНЫСТАРМЕН КЕЗЕКТЕСІП КЕЛЕТІН ЖЫНЫСТАРДЫ БҰРҒЫЛАУҒА АРНАЛҒАН.
БҰРҒЫЛАУ ҚАШАУЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ҮШ ТҮРГЕ БӨЛІНЕДІ: ♣ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫН ТҰТАС ЗАБОЙЫМЕН БҰЗАТЫН ҚАШАУЛАР;
♣ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫН САҚИНАЛЫҚ ЗАБОЙЫМЕН БҰЗАТЫН ҚАШАУЛАР (ҰСТАНДЫ ҚАШАУ);
♣ АРНАЙЫ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ҢАШАУЛАР.
Қашау түрлері Мұнай және газ кен орындарының құрылысында тек шөгінді тау жыныстары кездеседі. Мұнай және газ ұңғымаларының бұрғылау кезінде түптегі тау жыныстарының бұзу үшін және ұңғыманы тұрғызу үшін қолданылатын негізгі құралға қашау жатады. Қашау – ұңғыма түбін бұрғылап, тау жыныстарын бұзуға арналған бұрғылау үшін қолданылатын құрал - сайманы. Қашаулар төрт түрге бөлінеді. Қалақшалы қашау, шарошкалы қашау, колонкалы қашау, алмас қашау. Шарошкалы қашау Шарошкалы қашаулар - ең көп тараған шарошкалы қашаулар болып табылады. Олармен барлық бұрғылау жұмыстарының 95 пайызы жүргізіледі. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда негізінен шарошкалы қашаулар қолданылады.
Қашау түрлері
Бұрғыланатын тау жыныстары
М
Өте жұмсақ, бос созылмалы тау жыныстары (жұмсақ және тұтқыр саз балшықтар, сланецтер, жұмсақ әк тастар).
МЗ
Жұмсақ бос байланысқан түрпілі тау жыныстары (құмдақ және мергельдер).
МС
Жұмсақ және қаттылығы орташа тау жыныстары аралас (бор, тас тұзы, ангидрит аралас саз балшық сланецтері).
МСЗ
Жұмсақ, нашар байланысқан, түрпілік қаттылығы орташа тау жыныстары (құм-саз балшық сланецтері, құмдақ кездесетін шымыр саз балшықтар).
С
Созылмалы және созылмалы морт, қаттылығы орташа тау жыныстары (тығыз сазбалшықтар, сланецтер, қаттылығы орташа әк тастар).
СЗ
Қаттылығы орташа түрпілі (құмдақ, құмды сланецтер).
СТ
Қаттылығы орташа, қатты морт созылмалы тау жыныстары (әк құмдақ, әк тастар, ангидриттер).
Т
Қатты түрпілі емес (әк тастар, доломиттер, доломиттелінген әк тастар).
ТЗ
Қатты түрпілі (кварцталған әк тастар мен доломиттер).