Тəрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың басқаларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тəуелді:
уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта);
тəрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер;
педагогтың ықпал жасау тəсілі: тікелей, жанама;
нəтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мəнді өнім;
қатысушылар саны: жеке-дара (тəрбиеші –тəрбиеленуші), топтық (тəрбиеші –оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тəрбиеші – бірнеше топ) формалары.
Қатысушылар санымен ажыралған тəрбиелік жұмыстардың кейбір формаларының ерекшеліктерін қарастырып көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |