Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


Көпшілік тыңдарман тəрбиеленушілерге арналған дəрісбаяндар



бет175/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

Көпшілік тыңдарман тəрбиеленушілерге арналған дəрісбаяндар : əдемі əрі сəнді жағдайда 15-20 минут аралығында ұсынылатын қызықты да тосын мысал, деректерге бай жарқын ақпарат тəрбиеленушілердің баяндалып жатқан құбылыс не оқиғаға болған көзқарас, қатынасын жаңа қырынан қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Сократтық сұхбат» - кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып, қойылған проблеманың көптеген балама шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы.

Ашық микрофон формасы қоғамдық өмір проблемаларын талқылау үшін қолданылады.

Фəлсафалық бас қосу – тəрбиеленуші өмірінің мəн-мағынасын тереңдей түсінуге арналған ғұламалық сұхбат-кеңес.

Белгілі тақырып бойынша пікір-сайыс – екі топ кезегімен ой толғаныстарын ортаға салып, өз жобаларын қорғайды.

Интеллектуалдар саудасы – ақыл-ес əрекеттерін жарыстырудың ойын формасы. Ұсынылған «тауарды» – кітап, сурет, күйтабақ, қолөнер туындысы жəне т.б. «сатып алу» үшін, қатысушы қалаған затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс.

Мамыра жай əңгіме- сезім төрінде жатқан құпия көңіл сырларын бөлісу, тəлімдік мазмұнды өмір құндылықтары жөнінде сұхбат.

Даналар күні – арнайы күні, ұлы ғұламалар мерейтойларына орай өткізілетін танымдық, құндылықты бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара.

Кесірлі дөңгелек стол – алдын ала жинақталған пікір таласты материалдар негізінде заманның көкейкесті проблемалары жөніндегі тəрбиеленушілердің пікірін біліп, олар бойынша талдау салуға арналған сөз- жарыс.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет