Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


Тəрбие формалары мен құрал-жабдықтарын таңдау



бет176/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы
УМКД Тарбие жумы 2020-2021, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word

Тəрбие формалары мен құрал-жабдықтарын таңдау

Тəрбие құралдары мен формаларын таңдастыру тəрбиеші алдында тұрған күрделі мəселе. Тəрбиелік іс-əрекеттің тиімді болуы осы мəселенің дұрыс шешіміне тəуелді.

Тəрбие жабдықтары мен формаларын таңдап, іріктеудегі басты мақсат- олардың білім беру, дамыту жəне тəрбиелеу қызметтерінің толық іске асуы, оқушылардың рухани белсенділігіне дем беріп, ой- толғаныс əрекеттерін ұштауы, қоршаған болмыс заттарымен өзбетінше дербес қарым-қатынас жасауға жəрдем беруі.

Тəрбиелік істердің əрбір жекеленген жағдайларында өзіндік ерекшеліктерімен, қызығулары жəне мүмкіндіктерімен дараланған əртүрлі тəрбиеленушілер қатысады. Мұндай жұмыстарға араласқан ересектердің өздері де балалар сияқты қайталанбас сыр-сипатқа ие. Бұдан шығатын тұжырым –тəрбиелік жұмыстарда жоғарыдан берілетін көрсетпе –нұсқауларға таңылып не нақты ұжыммен байланысы жоқ сырттай біреулердің дайын сценарийлерін ойсыз пайдалана, іс жүргізуге болмайды. Жұмыстар жалықтыратындай бір текті де болмағаны жөн. Бұрыннан бар, тəжірибеде сыналып, тиімділігі сенімді тəрбиелік жұмыс формаларының кейбір идеалды не заттай элементтерін заман ыңғайы мен тəрбиеленушілер ерекшеліктеріне сəйкестендіре пайдаланған ойға қонымды . Мүмкін болғанша, іс-шара формаларының тəрбиеші мен балалар ұжымының өзара ықпалдастық қатынастары барысында туындағаны пайдалылау. Себебі, қалаулы істің орындалуы да қызықты.

Тəрбие формаларын іріктей отырып, дəл мезеттегі нақты тəрбие міндеттері мен тəрбиеленушілердің араласуымен орындалатын іс- əрекет түрлерін; тəрбиелік процестің ұйымдасу принциптерін, балалардың дайындығын, олардың қызығулары мен қажеттерін; материалдық қор мен сырттай шарт – жағдайларды, педагогтар жəне ата-аналар мүмкіндіктерін ескеру қажет.

Тəрбиенің қай формасы болмасын, ол өзіне сай нақты іс-əрекет əдіс, тəсіл, жол-жобаларын пайдалануды қажет етеді жəне бұлардың бəрі сол əрекетке қатысушылармен бірлікте іске асқаны жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет