Мұғалімдер, тəрбиешілер, мектеп жетекшілерінің біліктілігін (квалификация) көтеруге басшылық – білім саласындағы басқару қызметі бағыттарының маңызды да мəнділерінің бірі. Бұл қызмет төмендегідей аса маңызды əрі қажетті бірліктерден құралады:
Кəсіби қызметінің барысында барша мамандар өз педагогикалық шеберлігін арнайы курстарда, семинарларда, біліктілік көтеру мекемелерінде жетілдіріп баруы міндетті. Бұл мақсатта келесідей іс- шаралар ұйымдастырылуы мүмкін:
негізгі жұмыс орнында үзіліссіз өткізілетін қысқа мерзімді тақырыптық оқулар (соңғы емтихан, сынақ не нақты кəсіби қызмет мəселесіне орай реферат қорғаумен бітеді);
сала, ұйым, мекеме деңгейінде жүргізілетін тақырыптық не проблемді орташа мерзімді семинарлар (жұмыстан үзіліссіз);
мамандардың кəсіби қызмет бағытында біліктілік көтеру мекемесінде ұзақ мерзімді оқуы.
Жаңа бағдарламалар бойынша қосымша білім жəне ептіліктер игеру жəне кəсіби қызметке орай жаңа мазмұн мен соны технологияларды меңгеру үшін кəсіби қайта дайындық (екінші мамандық алу) оқулары ұйымдастырылады.
Қайта дайындық нəтижелері бойынша кəсіби іс-əрекеттің белгілі саласында жұмыс алып бару құқығына кепіл мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |