Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


Мектепішілік басқарудағы тың енгізулер бағдары



бет193/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы
УМКД Тарбие жумы 2020-2021, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word

Мектепішілік басқарудағы тың енгізулер бағдары

Нақты білім мекемесіндегі мектепішілік басқару жүйесінің жаңалану процесі көбіне ондағы жəне сыбайлас оқу орындарындағы инновациялық процестің жеделдігіне, мақсатты бағытына, мазмұнына тəуелді.



Мектепішілік басқарудың дамуында аса үлкен маңызға ие болар келесідей бағдар-бағыттарды атау орынды:

  • əлеуметтік орта мен мектептің өзін жаңа сипаттағы басқару қажеттіктерінің объектив күрделенуі;

  • мектептегі басқару іс-əрекеттеріне қойылатын талаптардың күшеюі;

  • мектепті тиімді басқарудың жаңа жағдайлы мүмкіндіктерінің пайда болуы;

  • мектепішілік басқару жүйесінің дамуы;

Жоғарыда аталған бағыт-бағдарлар мектепішілік басқару жүйесіндегі инновациялық процестердің өтуіне мүмкіндік береді. Мұндай жаңалықты іс-əрекеттер түрі төмендегідей:

  • тұлғалық бағыттағы оқуға бет бұру;

  • оқу-білім мекемелерінің жобаларын жасауда ұлттық жəне діни- рухани құндылықтарды да негізге алу;

  • оқушы тұлғасының кемелденуі процесінде білім мен мектептің ролі орнына мəн беру;

  • демократиялық жəне гуманистік басқару бағытын ұстану;

  • кейбір аса маңызды құндылықтардың мектеп өміріне ену себепшісі ретінде мектепішілік басқару жүйесінің сыр-сипатын тереңдей түсіну;

  • нақты əлеуметтік тапсырысты ескеру;

  • мектептің даму бағдарламалары мен тұжырымдарын дайындау жəне т.б.

Білім мекемелерінің құқықтық мəртебесіндегі, басқару нысандары жағдайы мен міндеттеріндегі күрделі өзгерістер басқару қызметтерінің жаңа түрлерін пайда етті:

  • мектептің жан-жақты іс-шаралар жүргізуге байланысты құқықтық аясы мен оған қатысты басқару нысандары шеңберінің кеңеюі;

  • бұл процестің басқарушылық санада орын тебуі;

  • басқарылушы нысан мəн-бейнесінің молаюы;

  • жаңа біртұтас басқару нысандарының (мектептердің жаңа типтері, түрлері,жобалары) немесе олардағы жаңа элементтер, қырлар, байланыстар мен қатынастардың туындауы не туындау қажеттігі;

  • əлеуметтік тапсырыс жəне жаңа табысты қор келтіру көзі – мектеппен байланысты сырттай ортаның көзге түсер сапалық өзгерістерге келуі;

  • стратегиялық жəне ұзақ мерзімді жоспарлауға өту;

  • нысанда жаңа процестер мен іс-əрекет түрлерінің (зерттеу жəне қолданым түріне келтіру, эксперимент, сын баға беру) пайда болуы,

  • басқарудың жаңа түрлерін игеру.

Басқару қызметтерінің арасында инновациялық процестерді басқару жəне оларды бұдан былай дамыту мақсатындағы арнайы қызметтер салаларының (сапа менеджменті, білім маркетингі, мектеп психодиагностикасы жəне т.б.) пайда болуы – бүгінгі оқу-тəрбие орындарындағы жаңа құбылыстар. Мектептер өзін қоршаған ортаны жəне ол ортаның болашақ өзгерістер бағытында талдау жұмыстарын жүргізе бастады. Мектеп өзінің бəсекелестік заман жағдайына дайындығын ойластырып, одан жеңіп шығу жолдарын іздестіретіндей санаға жетуде. Бұл орайда білім ордасы өзінің барша тіршілігінің нəтижесін тек оқу –тəрбие процесін ұйымдастырудағы табыстарымен ғана байланыстыруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет