Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет143/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Джон Чивердің (1912-1982) романдары мен әңгімелері рухани құндылық­тардың жоғалу тақырыбына және өмірден түңілуге арналған. Ол шығарма­шылығын новеллист ретінде бастап («Кейбір адамдар қалай өмір сүреді», 1943; «Алып радио», 1953; «Шейди-Хиллден шыққан баукеспе», 1958), америкалық «Сибурбии» (қала сыртындағы аудан) тұрғындарның өмірі жайлы айтып, 30-шы жылдардағы «Ұлы депрессия» кезінде түрлі қиыншылықтарды бастан кешіріп, 60-шы жылдардың қиын-қыстау кезеңдеріне төтеп берген халықтың сыртқы ішкі күйзелісін шебер суреттеп, өмірдің қиыншылықтары мен күнделікті күйбелең тіршілігі жайында жазады.

«Уопшоттар отбасының хроникасы» (1957) мен «Уопшоттар отбасындағы жанжал» (1964) атты романдарында, отбасы өміріне өзгерістер еніп, олар туған жерімен, табиғатпен байланыстарын үзеді. Уопшоттар жанұясындағы өмір сүру деңгейі жақсы болғанымен, олардың рухани жан-дүниесінен күйзеліс байқала­ды. Шығарманың бірінші томындағы көтеріңкі көңіл-күй екінші томда қайғы мен сарказмға айналады. Елдегі өмірдің өзгеруі Чивердің кейіпкерлеріне де өз әсерін тигізбей қоймайды: отбасылық байланыстар ажырап, тыныштық жоғалады. «Америкалық арманның» жойылу тақырыбы «америкалық өмір сүру бейнесіне» ауысып «Буллет-Парк» (1969), «Фолконер» (1977) романда­рында көрініс табады.

Чивер реалист жазушы болғанымен, ешқашан адамға деген сенімін жоғалтпайды. «Мен жиі өзімнің интеллектуалдық және физиалық қабілеттерім­нің арасындағы айырмашылықты сезінем» деп, «Фолконер» романын аяқтап, десе де жер бетіндегі адам өмірінің мәні еркін­дікте, әр адам өзінің тұрмыстық шектелерге қарамастан өз еркіндігін барынша қолдана алуы керек» деп жазады.

XX ғасырдың ортасы мен екінші жартысындағы америкалық драматур­гияның дамуына Артур Миллер мен Теннесси Уильямс, Эдвард Олбидің шығармалары өз әсерін тигізеді. Олардың әрқайсысы драматизмді өзінше күшейтіп, қарапайым америкалықтардың өмірінде кездесетін қиыншылықтарды өзінше шешуге тырысады. Артур Миллердің (1915) бағдар­ламалық мақаласы­ның «Трагедия және қарапайым адам» аталуы да кездейсоқ емес болатын. Жазушылардың назарында адам тағдырын тоқырауға ұшыратқан америкалық арман тақы­рыбы болады.

Артур Миллердің шығармашылығында бұл тақырып оның «Жолы болған адам» (1944) атты пьесасы мен «Менің барлық балаларым» (1947) атты драмасында, драматургке үлкен табыс әкелген «Коммивояжердің өлімі» (1949) атты ең атақты пьесасында да сөз болады. Өмір мұраты мен құрғақ қиял мәселесі Миллерің кейінгі шығармашылығында да орын алады («Америка сағаты», 1980). Жазушының әлеуметтік-саяси тақырыптағы шығармаларына макартизм, саяси қудалау мен «суық соғыс» жағдайларында жазылған «Ауыр сынақ» (1953), «Көпірден көрінетін көрініс» (1985) атты пьесаларын жатқызуға болады. Миллер өзінің трагедия туралы түсінігін «Коммивояжердің өлімі» атты пьесасы жарық көрген жылы жазған. Қатардағы америкалықтың отбасы­лық өмірінен көріністер, фирмасының агенті коммивояжер Вилли Ломеннің тағдыры мен оның ұлдарының хикаялары – бұл америкалық трагедияның бір нұсқасы. Вилли Ломен өзін осындай аптқа алып келген жағдайдың себебі мен түсінігін өткеннен іздейді. Пьеса құрылымының ерекшелігі ретінде кейіпкердің осы шақтағы көріністеріне өткен шақтан эпизодтардың енуін айтуға болады.

Миллердің пьесалары шыншыл. Ол өз шығармашылығына «Адбстрактылы реализм» деген сипаттама береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет