Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет149/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Карпентьер Больмант - Куба жазушысы, ақын, эссеист, музыкант әрі қоғам қайраткері. Ол Гаванада «интернационал» отбасында дүниеге келген. Оның әкесі француз, ал мамандығы бойынша архитектор, ол Гаванадағы көптеген атақты ғимараттарды салған. Анасы Бакуде туылған орыс, музыкант; Карпентьердің нағашы атасы белгілі орыс ақыны Константин Бальмонттонның әкесінің ағасы болған. Куба жазушысының толық фамилиясы­ның Карпентьер Больмант болуы да кездейсоқ емес. Карпентьердің ата-анасы бір-бірімен Швейцарияда танысып, үйленгеннен кейін Кубаға көшіп келеді. 1913 жылы Карпентьер алғашқы жазба жұмыстарын бастайды, ал әдебиет жолын 1921-1922 жылдары Гавана баспасында журналистика қызметінен бастайды. 1930-33 жылдары елде орын алған төңкерістің жүрегіне айналып, Хуан Маринелломен достасады. Ол ақын, сыншы, сонымен қатар «минорист», кейін жұмысшылар мен комму­нистер қозғалысының белсенді мүшесі, социалистік Кубаның көрнекті қоғам қайраткері болады.

Полицияның үздіксіз бақылауынан шаршаған Карпентьер сол кезде Гавана­да жүрген жас француз ақыны Робер Десностың көмегімен Кубадан Францияға қашып кетеді.

Карпентьердің жазушы болуына оның 1943 жылғы Гаити мен 1947-1948 жылдардағы Венесуэллаға сапары айтарлықтай әсер етеді. Оның Гаитиге сапары «Жер патшалығы» (1949) романында көрініс табады. Бұл шығарма Латын Америкасының «жаңа» романы атанып, әлемдік сұранысқа ие болады. Екінші сапарының қорытындысы ретінде «Жоғалған іздер» (1953) атты романы дүниеге келеді. Онда автор Латын Америкасында орын алған түрлі тарихи кезеңдер туралы айтады. Карпентьер «Жер патшалығы» романында 18-19 ғасырлары Гаитиде болған төңкеріс пен негрлердің түйсігіне сәйкес мифологиялық апаттар туралы жазады. Латын Америкасының «Керемет шындығын» ашып, халықтың шынайы өмірін, күнделікті тұрмыс-тіршілігін мифологиялық тұрғыда керемет суреттейді. Осы жердегі тайпалардың тұрмысы, әсем әрі үйлесімді халық фантастикасы иррационалды хаосқа жүгінетін түйсікте туындаған қараңғы және ұрықсыз «Кереметке» қарсы тұрады. Карпентьер Латын Америкасы өнерінде байқалған халықтық мифологиялық–фантастикалық кәсіби өнерінің «Үзіндісін» көрсетеді. Осылайша, Карпентьер тұжырымдамасы мен Латын Америкасының шынды­ғына негізделген жаңа әдіс дүниеге келеді.

1959 ж. Карпентьер Куба революциясының жеңісінен кейін Венесуэлла­дан Отанына қайта оралып, өмірінің соңына дейін елінің қоғамдық өмірі мен жаңа құрылымы үшін белсенділік танытады. Ол кітаптар фестивалін ұйымдас­ты­рып, мәдениет саласындағы Ұлттық Кеңес хатшысының орынбасары, 1966 жылдан бастап Франциядағы Куба елшілігінде мәдениет кеңесшісі, халық үкіметінің Ұлттық Ассамблеясы елдің жоғары заң шығару органының депутаты болып, Кубаның ұлттық баспа орталығын басқарады.

Жазушы жоғарғы айтылған шығармаларынан басқа да көптеген жоспарлы тарихи романдар («Білім ғасыры», 1962) жазған. Онда Латын Америкасы дамуының арнайы тарихи мәселелері сөз болады. Жазушының қорытынды шығармасы болып табылатын «Барокко» (1974) атты еңбегі терең мәдени философиялық идеяла­ры­мен ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет