Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет183/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Ясунари Кавабата (1899-1972) – жапон әдебиетінің классигі. Ол 1968 жылы Нобель сыйлығының иегері атанып, бүкіл әлемге танымал болады. Сыншылар оған «нағыз жапон прозаигі» атағын береді. Кавабата өзінің шығар­ма­ларында шәй рәсімдері, гүлденген сакура­ның әдемілігін тамашалау сияқты өз халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын шебер сурет­те­ген. Ол Х-ХІ ғ. жапон жазушысы Мурасаки Сикибудың «Гэндзи-моногатари» рома­ны, Х ғасырда өмір сүрген Сэй Сёнагонның «Жастық астындағы жазбалар» шығармасы мен Мацуо Басёның поэзиясына, жапон ортағасыр әдебиетінің рухани құндылықтарына сүйен­ген. Жазушы өзінің жаңашыл-кейіпкерлерін ата-баба дәстүрін берік ұстанғандар ретінде суреттейді.

Жазушының «Идзудан келген биші» атты повесі үлкен жетістікке жетіп, жазушыға атақ әкеледі. Идзу - Жапониядағы ең жылы аймақ. Басты кейіпкер Токиода оқып жүрген студент кезбе актерлердің тобындағы биші қызбен кездесіп, үлкен бақытқа кенеледі. Жас биші қыз студент жігітті ұнатып қалады, бірақ кейін әрқайсысы өз жолдарымен кетеді. Мұндай ажырасуға қарамастан, кейіпкер өзін бақытты сезінеді, себебі махаббат – адамның жүрегінн апаратын жол. Жазушының алғашқы әңгімелерінде Кавабатаның М.Пруст, Дж.Джойсқа еліктегені байқалады. Кавабата өзінің шағын прозаларында жапон көркем суретінің классикалық бейнесін қайта жаңғыртады. «Бамбук дауысы, шабдалы гүлі» атты әңгімесінде автор шатқалдың үстінде кеуіп қалған қарағайға үлкен мән береді. Қарт Мияков әр кез үйінен шыққан сайын кеуіп қалған қарағайды көреді де, оны жамандыққа жориды. Бірақ бір күні өлген қарағайдың басына қонған сұңқарды көріп нағыз бақытты сезінеді. Себебі сұңқар – күш пен ұзақ өмірдің нышаны.

Ясунари «Қарлы елді мекен» (1934-1947) атты романын жазуды Екінші дүниежүзілік соғысына дейін бастап, Жапонияның жеңіліске ұшыраған кезінде аяқтайды. Романда сол жылдары бүкіл әлемде, Жапонияда орын алған жағдайлар суреттеледі. Қар жапондықтар үшін – тазалық пен жылулықтың нышаны. Кавабата «қарды елді мекен» деп Жапонияның солтүстігінде орналас­қан Ниигата провинциясын айтады. Шығарма кейіпкері Симамура жас әдемі гейшаны көру үшін Токиодан осы жерге екі рет келеді. Романның бас кейіпкер - Еуропа мәдениетіне қызығушылық танытқан жапон зиялысы. Симамура өзі мүлдем көрмеген классикалық балет туралы мақалалар жазып, тек атауын ғана білетін батыс фильмдері туралы пайымдаулар жасайды.

Романда гейша Комаконың бейнесі Симамураға қарсы қойылады. Ол өзі сүйетін күйеу жігіті үшін өзінің абройын да құрбан етеді. Симамура қызға тәнті болып, үлкен махаббатқа бөленуді аңсайды. Романда оқиға шалғайда орналасқан қарлы аймақтағы өртпен аяқталады. Бұл апатқа қарсы барлық адам біріге бастайды, тек Симамура ғана немқұрайлық танытады. Ясунари Кавабата өз кейіпкерін сынға алудан бас тартып, оны оқырманның еркіне қалдырады.

«Мыңдаған қанатты тырналар» (1951) атты романы жапон өнер академия­сының сыйлы­ғына ие болады. Бұл шығармада ұлттық дәстүрлер асқан шеберлікпен суреттелген. Романда негізгі оқиғалар шәй рәсімімен бірге жүреді. Жас жігіт Кикудзидің әкесі ескі рәсімнің шебері болады. Жапондықтарда «шай жолы» - тазалық пен жетістіктің жолы, қоршаған ортамен үйлесімді бірлікке жету жолы деген түсінік бар. Әкесінің жақын достары жас жігітті шәй рәсіміне шақырады. Роман тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігімен ерекшеле­неді. Кикудзи ата-анасының өлімінен кейін баспана мен шәй үйіне, сонымен қатар әкесі мен анасына жақын адамдарға мұрагер болады. Роман кейіпкерлер осы адамдармен кездескен кезде өзінің әкесін терең түсіне бастайды, оның ойы мен сезімін басынан кешіріп, ата тегін жалғастырушы болады. Жапондықтар үшін тырна бақыт пен саулықтың нышаны. Бұл құс әкесінің досының қызы Юкиконың орамалында да әшекейленген. Тырна жас кейіпкерлердің некеде бақытты болатынына және Юкиконың әдемілігі мен рухани тұрақтылығы түрлі ойда жүрген жас кейіпкердің жандүниесіне шипа болатынына сенім береді.

«Таудан шыққан дыбыс» (1953) атты романы отбасы хроникасы ретінде жазылған. Отағасы Синго кезінде әйелі Ясукоға оның үлкен әпкесіне ғашық болған­дықтан үйленеді. Олардың бұл некесі асқан бақыт та, қайғы да әкелмейді. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жауапкершілігі махаббат құштарлығынан әлдеқайда жоғары болады. Сәтсіздік пен қиыншылықтар балаларының отбасында басталады. Олардың қызы Фусако есірткі сатумен айналысатын күйеуінен балаларын алып кетіп қалады. Ол өзінің күйеуін жақсы көреді, бірақ күйеуі полицияның қолына түсіп, соңында өз-өзіне қол жұмсайды. Қарт Синго мен Ясуко немерелерін қатты жақсы көреді және ұрпақтарының ары қарай жалғасқанын қалайды. Шығармада оқиға тау етегінде орналасқан шағын қала Камакурада орын алады. Бұл елде кімде-кім таудың ыңырсығын даусын естісе, өлімнің жақындағанын білдіреді деген түсінік қалыптасады. Кавабата өз шығармасында табиғат әсемдігі, гүлденген бақтар мен таудың көрінісін шебер суреттейді.

Ясунари Кавабата өмір бойы қоғамдық өмірден өзін алшақ ұстап, саясаттан да бас тартады. 1968 жылы Кавабата Нобель сыйлығын алғаннан кейін оның өмірі күрт өзгеріп кетеді. Ол жапон жазушыларының ПЕН-клубын басқарады, көп саяхаттап, аз жазып, жиі күйзеліске ұшырайды. Соңында жүйкесі жұқарған жазушы газбен уланып өледі. Мұндай шешімге өзінің шәкірті әрі досы Ю.Мисиманың қайғылы өлімінен кейін келеді. Квабата өзінің болашағын білместен досы туралы «Бұл әлем қаншалықты жат болғанымен, өз-өзіне қол жұмсау кемелдікке әкелмейді» деп айтады. Екі жылдан кейін жазушы да өз-өзіне қол жұмсайды. Негізі, өз-өзіне қол жұмсау жапон менталитетіне тән құбылыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет