Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет184/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Юкио Мисима (1925-1970) тек шығармашылығымен ғана емес, сонымен қатар тұлға­лық ерекшелігімен оқырмандарды таңқалдырған. Оның шын есімі – Кимитакэ Хираока, бірақ ол өзіне өлімнен басы айналған шайтан мағынасын­дағы лақап атын таңдайды. Жазу­шы­ның шығармаларында кейіпкерлер жақын­да­ры­на, соңында өздеріне де өлім әкеледі.

Мисима атақты жанұяда дүниеге келген. Жастық шағында музыка мен театрға қызығушылық танытып, университетте оқыған. Кейін физикалық күшке жету үшін карате, кэн-домен айналысқан. Ол жазуды ерте бастайды. Оның «Бетперде тәубәсі» (1949) атты алғашқы автобиографиялық романы үлкен жетістікке жетіп, жазушыға атақ әкеледі. Бастап­қыда баяндау үлгісі дәстүрлі болып көрінеді. Әжесінің тәрбиесінде өскен бала тез ер жетуге ұмтылады. Ол өзінің ішкі сезімін жолдасының қарындасына ашық айтады. Бұлардың махаб­бат­тары соңында тоймен аяқталуы керек, бірақ қорыққан күйеу жігіт қашып кетеді. Ал қызбен қайтып кездескісі келген кезде, қыз күйеуге шығып кетеді.

«Махаббат құмарлығы» (1950) атты романында жас жесір әйел қайын атасының жақындығынан бас тартпастан, жас бағбанға ғашық болады. Эцуко – текті әулеттен шыққан әйел, ол өз сезімдерін ашып айтпаса да, жандүниесінде түрлі толқындар тулап жатады. Оның күйеуі оған ашық түрде көзіне шөп салады. Бірақ ол сүзек ауруына шалдыққан кезде әйелі оның қайғысына ортақтасып, мейірімділік танытып, қамқорлық көрсетеді. Намысы тапталған әйел күйеуінің әрекеттеріне қарамастан, күйеуі үшін өзін құрбандыққа шалуға дайын болады. Эцуко ауылда өзін жалғыз сезінеді, оның жалғыз сүйікті ісі – әсем табиғатта сер­уендеу. Шығармадағы пейзаждар оқырманды таңқалдырады. Эцуко өзінің күнделікті өміріне дағдыланып қалады, оған қоса момын бағбанға ғашық болады. Оның сезімі қызғаныштан басталады. Ол өзінің жалшысы мен бағбанның арасындағы жақындастықты байқап қалады да, оның махаббат сезімі арта түседі. Оның бойындағы мейірімділік қатігездікке айналады. Соңында жас жігіттің құшағында шексіз бақытты сезінген әйел намыстан жарылып кете жаздайды да, жігітті аяусыз өлтіреді.

Мисиманың шығармаларында махаббат ұғымы «қанмен» қатар жүреді. Бірақ бұл жапон әдебиетіне тән емес құбылыс болатын. Мисимидің кейіпкерлері арасындағы махаббат қаты­нас­тары өмір емес, өлім үшін күреске айналады. Эцуконың махаббаты әу бастан өзімшілдік пен қатыгездікке толы болатын. Жазушы адамзат өмірі елестердің жиынтығы, тек өлім ғана ақиқат деген тұжырымға келеді.

Жазушының қалдырған мұрасы ұшан теңіз. Мисима ондаған роман, новеллалар мен пьесалар жазған. Оның ең жемісті кітабы «Алтын мазар» (1956) атты шығармасы шынайы оқи­ғаларға негізделген. 1950 ж. буддалық мазардың тыңдаушысы Кинкакудзи ертедегі Жапо­­ния астанасы Киото қаласындағы ескерткішті өртеп жібереді. Автор өз кейіпкерінің ақылға қонымсыз әрекетін түсіндіруге тырысады. Ол алтын мазардың таңғажайып кереметін бірден түсінбейді, ал оның әдемілігіне тәнті болған кезде, ол мазарға ғашық болып қалады. Кейіпкердің мазарға деген махаббатының шексіздігі соншалық, ол мазарды тек өзінікі болуын қалайды. Монах лаулап жатқан мазарға енгісі келеді. Бірақ мазардың есіктері жабы­лып, ол ішке ене алмайды.

Юкио Мисиманың прозасында өлім туралы жиі айтылады. Мұның себебін тек автордың дүниетанымымен ғана емес, сонымен қатар сол уақытта орын алған жағдайлармен де байла­ныстыруға болады. Соғыс пен Хиросима және Нагасаки қалаларындағы атом жарылысы да жазушыға өз әсерін тигізбей қоймады. Жазушы Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшырауын ұлттың масқара болуы деп қабылдайды. Осыған орай оның самурай дәстүріне деген қызығушылығы басталады.

Жазушының «Патротизм» новелласында саяси қастандыққа қатыспаған жапон әскерінің офицері өзінің бұрынғы достары, яғни қастандық ұйымдастырушыларды өлтіруге міндетті болады. Ол бұл мәселенің шешімі ретінде достарын өлтіріп, арынан айырылғанша әйелінің көзінше өз-өзіне пышақ салып, өмірімен қоштасады. Әйелі де күйеуенің артынан кетеді. Жас офицер «Император әскері жасасын!» деген хат қалдырады. Шығарманың негізгі мақсаты солдаттың адамгершілік қасиеттері мен оның қаһармандығын көрсету болып табылады.

Юкио Мисима – ХХ ғ. ерекше дарынды драматургтардың бірі. Ол «Но» ежелгі жапон театры­ның дәстүрлері мен қазіргі Батыс Еуропа драматургиясының жетістігін шебер үйлес­тіре білген. Жазушы «Ханьдань жастығы», «Комати құлпытасы», «Қамқалы барабан» атты пьесаларында ортағасырдағы сюжеттерге сүйеніп, ондағы адамгершілік құндылықтарына күмән келтірместен, ирониялық тұрғыда оларды қайта қарастырады. «Ханьдань жастығы» пьесасында жас бала түсінде бақыт пен қайғыға толы келешегін көреді, бірақ сиқырлы жастық оның өмірге деген құштарлығын оятады. Келесі екі пьесада қарттықты ұмыттырған махаббат жайлы айтылады. Себебі махаббат адамның жүрегінде мәңгі сақталмақ. «Маркиза де Сад» (1965) драмасының кейіпкерлері құштарлық пен жек көрушілік, мейірімділік пен сатқындық туралы толғанады. Шығарманың кейіпкері он сегіз жыл бойы өз өмірін не түрмеде не болмаса жындыханада өткізеді. Маркиза де Сад жылдар бойы күйеуіне адал болып, қайғысына ортақтаса отырып, оны түрмеден шығарып алуға тырысады. Бірақ күйеуі бостандыққа шыққанан кейін, ол монастырьға кетеді. Юкио Мисиманың «Менің досым Гитлер» (1968) атты шығармасының жарыққа шығуы қоғамда үлкен жанжал туғызады. Пьеса атауының өзінен жазушыны айыптауға болатын, бірақ автор қулыққа барады. Себебі Эрнест Рем Гитлерді өзінің досы деп атайды.

Жазушы 1970 жылы 25 қараша айында өзінің қаруланған жақтастарымен бірге Токио базасына барып, солдаттар мен офицерлерді саяси төңкеріс жасау үшін батыл әрекет жасауға шақырады. Қолдау таппаған жазушы өз-өзіне пышақ салып, өмірмен қоштасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет