Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет185/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Кобо Абэ (1924-1993) – көрнекті жапон прозаиктерінің бірі. Медициналық білім алға­ны­мен, дәрігер болудан бас тартады. 50 жылдары әңгімелер мен повестерін жарыққа шыға­рып, әдебиет саласындағы Акутагава атындағы сыйлықтың иегері атанады.

Кобо Абэның «Құмдағы әйел» (1962) атты алғашқы романы оның халық арасында кең тарап, жазушыға үлкен табыс әкеледі. Жазушы дәстүрлі жапон менталететі мен еуропа философиясын шебер үйлестіре отырып, күмәнді оқиғаларды нақты сенімділікпен жеткізеді.

Қарапайым мұғалім автордың құрдасы әуесқой энтомолог Ники Дзюмпей демалыс кезінде ешкімге айтпастан сирек жәндіктерді іздеуге шығады. Кенеттен пария кастасының қолы­на тұтқынға түседі. Оларды Никиді ұрлап кетіп, жалғыз әйел мекендейтін құмды шұңқырға қамап тастайды. Бұл жерден шығуға талпынғанмен, барлығы да сәтсіз аяқталады. Егер құмды үнемі тазартып отырмаса, ол өмір бойы шұңқырда қалады да, шұңқыр олардың моласына айналады. Тұтқын мен әйелдің арасында махаббат оянып, аман қалу үшін бірлесіп еңбек етеді. Құммен күрескен еркек пен әйелдің бұл оқиғасы А.Камюдің «Сизиф туралы миф» атты шығармасын еске түсіреді. Олардың еңбектері де жеміссіз және үнемі қайталанып отырады. Бірақ бір айырмашылығы, шұңқырды құмнан тазарту олардың аман қалуының бір ғана жолы болып табылады. Егер тағдырдың сынағынан өте алмаса, екеуі де қаза болады.

«Бейтаныс келбет» (1964) атты романында қайғылы оқиға баяндалады: ғалым-тәжі­ри­беші сұйық оттегі жарылысының құрбаны болады. Оның беті өртке шалдығып, ол бетперде киюге мәжбүр болады. Кобо Абэнің әңгімесі бойынша, келбетінен айырылған адам өзін де жоғалтпақ. Зардап шеккен адамның ең негізгі мақсаты жаңа келбетке ену болады. Ешқандай амалы қалмаған зардап шегуші бейтаныс біреудің келбетін сатып алады. Бірақ кейіпкер өзін жек көріп, бүкіл адамзаттың қас жауына айналады. Соңында өзін жоғалтып, қанішерге айналады. «Бейтаныс келбет» романында кейіпкердің аты аталмайды. Романының бас жағында жазушы Ф.Кафка және А.Камюдің тәжірибесіне сүйенген.

Жазушының «Өртенген карта» (1967) романында оқиға отыз төрт жастағы Хироси Нэмуроның жоғалып кетуімен басталады. Оны іздеп табу үшін әйелі арнайы агент жалдайды. Оқиға романның жарыққа шыққан жылы орын алады, ал оның бас кейіпкері автормен құрдас. Жазушы бұл әңгімені қазіргі заманға сай баяндап, бас кейіпкерді өзінің жақтаушысы ретінде сипаттайды. Шығармада оқиға америкалық детектив секілді баяндалады: жапондық тыңшы түрлі жағдайларға тап болып, есірткі және адам саудасымен айналысатын топтарға түседі. Автор техникалық жетістіктердің зардаптарын көрсетіп, компьютерге сеніп кетіп, жауапты сәттерде нақты шешім қабылдай алмайтын жандар мен қылмысты істермен айналысудан басқа шаралары қалмаған миллиондаған адамдардың бейнесін жасайды.

Шығарманың кейіпкері Хироси Нэмура өзі қызмет етіп жүрген алып фирманың жеке бөлшегіне айналып бара жатқанын сезініп, бұл ойынан шығып, жоғалып кетпекші болады. Осы арқылы ол өзінің тұлғалық ерекшелігін сақтап қалмақшы еді. Өмірдің шындығынан бас тарта отырып, ерекше сюжеттер құрастырған жазушы үлкен қалалардағы көшеде бос жәшіктер мен қорапты мекен еткен қайыршыларды көріп, «Қораптағы адам» (1973) атты романын жазады. Шығарманың кейіпкері – әлеуметтік ортадан оқшауланған философ. Ол адамзат қоғамдастығынан бас тартып, бүкіл әлемнен алшақтап, қарапайым адамдардың қарым-қатынасынан жасандылық пен қылмысты ғана көреді. Кобо Абэнің шығармаларында әйел бейнесі мәңгілік өмірдің нышаны ретінде көрсетіледі.

Кобо Абэнің «Нұх кемесіне кіргендер» (1984) атты соңғы романында бұрынғы шығар­маларында кездескен мәселелердің барлығы топтастырылған. Сондықтан оның бұл шығар­ма­сы өте күрделі шыққан, онда фантастикалық жағдайлар мен кейіпкерлердің әрекеттерінде қайталаулар жиі кездеседі.

Кобо Абэ өзін шебер драматург әрі режиссер ретінде көрсете білді. Ол «Дәу туралы аңыз» (1960), «Бекініс» (1962), «Тоқпаққа айналған еркек» (1969) сынды фантастикалық пьесаларды дүниеге әкеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет