Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет193/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Ахмад Махмұд (1931) өзінің алғашқы әңгімелерін «Омиде Иран» («Иран үміті») атты журналына жариялаған, кейін 1959 ж. «Муль» («Азғындық»), 1960 ж. «Дарйа хануз арам аст» («Теңіз әлі тыныш»), 1962 ж. «Бихудеги» атты жинақтарын жарыққа шыға­рады. Атал­мыш үш жинаққа кірген әңгімелер идеясы жағынан ұқсас келеді. Оның әңгімелерінен сол кез­дің интеллигенция өкілдеріне тән пессимизмді айқын байқауға болады. Махмұдтың кейіп­керлері өмірдің ауыр сынағына ұшырап, тығырыққа тіреледі, соңында дүниемен қош айты­сады. Жазушы шығармаларының көбі құрғақ газет тілінде жазылған. Ол Хедаят пен Чубакқа еліктей отырып, қарапайым адамдардың өмірін шынайы суреттеуге тырысса да, модер­низм­нің ықпалынан қашып құтыла алмайды.

Кітап дүкендерінде эротикалық сипаттағы романдар мен повестердің, детективтер мен көркемдігі жоқ шығармалардың саны арта түсіп, мерзімдік баспаларда мұндай туындылар үл­кен сұранысқа ие болады. Қоғамда қалыптасқан осындай өзгерістер нағыз талантты жазу­шы­лардың шығармашы­лы­ғының дамуына кедергі бола алмайды. Олар мифология, аллегория сынды тәсілдерді қолдану арқылы оқырмандарға елдегі әлеуметтік-саяси жағдайларды жеткізіуге тырысады. Егер 1941-1953 ж. аралығында жазушылар өздерінің саяси көзқарас­та­рын білдіру үшін мифтерге жүгінсе, 1953 ж. реакция жылдарына дейінгі аралықта бұл тәсіл қор­қы­нышты шындықтан сақтайтын романтикалық қалқан қызметін атқарады. Прозаның жанрлық формаларының арасында роман басты орынға ие болады.

Екінші кезеңге жататын романдарға Таги Модарресидің «Яколия уә танхаийе у» («Яко­лия мен жалғыздық»), Бахрам Садектің «Малакут» атты туындыларын жатқызуға болады. Таги Модарреси 1932 ж. Тегеранда дүниеге келіп, 1997 ж. Балтиморда (АҚШ) қайтыс болады. Ол өзінің «Яколия мен жалғыздық» атты алғашқы романын 1955 жылы жарыққа шы­ға­­рады. «Сохан» журналында «Яколия» романы жылдың ең үздік шығармасы деп аталып, оның авторы ең атақты Иран жазушысы болып танылады. Моддареси он жылдан кейін Аме­рикада өзінің «Насле кялагха» («Арамтамақтар үйірі» немесе «Шариф-жан, Шариф-жан») атты екінші романын басып шығарады. Жазушы өзінің «Жонге Эсфахана» («Исфахандық жинақ») мен «Сохан» журналында жариялаған бірнеше әңгімелерінен кейін шығармашылық қызме­тімен де қоштасады.

Әдебиетшілердің көбі реакция жылдарында мифологияға асқан қызығу­шылық таны­тады. Астарлап айту, аллегория, ертегілер мен аңыздар өмірдегі шындықты жеткізудің тиімді құралы болған. Сол кездегі Эхсан Табари, Бехазин, Реза Марзбан, Голамхосейн Гариб, Надер Ибраһим сынды жазушылар өз шығармашылығында осы тәсілдерді шебер қолданған. 40-шы жыл­дары саяси ертегілер жазған Эхсана Табари ендігі жерде философияға асқан қызы­ғу­шы­лық танытып, зороастризм мифологиясына негізделіп жазылған «Афсанейе Юшт Фарйан» («Юшт Фарйане жайлы ертегі», 1957) атты туындысын жарыққа шығарады. Табаридің проза­сы ескі үлгіде жазылғанымен, Надер Ибраһим мен Таги Модарреси сынды жазушылар оған еліктеп жазған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет