Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет196/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар


  1. XX ғ. Иранда пайда болған әдеби журналдар және олардың ел өміріне әкелген өзгерістері.

  2. Парсы көркем прозасының дамуындағы өзгерістері сипаттама беріңіз.

  3. 20-30 жылдары Иранда пайда болған авторлар мен шығармаларының негізгі тақырыбы.

  4. Садек Хедаят туындыларында басым болған жанр.

  5. Бозорг Алауидің шығармашылық жолы мен туындылары.

  6. 40-50 жылдары әдебиетте пайда болған жаңа тәсілдер, жазушылар және олардың шығармалары


Араб әдебиеті
Жаңа заманғы араб әдебиетінің қалыптасып, дамуына Мысыр, Сирия, Ливан, Ирак, Иор­да­ния, Алжир, Тунис, Марокко және Арабия түбегінің елдері септігін тигізді. Дегенмен бұл үдерісте Мысыр, Сирия және Ливан елдері өкілдерінің рөлі зор.

Араб зерттеушілерінің көпшілігі бүгінгі араб елдерінің әдебиетін бірегей әдебиет ретінде қарастырып, оның мысырлық, сириялық, тунистік деп бөлінуін мойындамайды. Жер­гі­лікті ерекшеліктер мен айырмашылықтарды ескере отырып, араб әдебиеттанушылар «Мы­сыр­дағы араб әдебиеті» деген терминді қолданады, бірақ «Мысыр әдебиеті», «Ирак әде­бие­ті» және т.б. терминдерге қарсы. «Мысырлық», «сириялық» деген анықтамалар тек жанрға қатысты қолданылады. Мысалы: мысырлық роман, сириялық новелла және т.б.

XX ғасырдың басында әдебиет тағдырында араб интеллигенциясының эмиграциясы ерекше бір із қалдырды. Осындай бір эмигрант жазушылардың бірі Адиб Исхак болатын. Ол Дамаск қаласында шенеуіктің отбасында дүниеге келеді. Діни көзқарас жағынан католик болатын, бірақ монастырлық мектепте оқып, ағылшын және францух тілдерін жақсы меңге­ріп шығады. Исхактың публицистика мен журналистика саласындағы жетістікке жетуі «Миср» («Мысыр») және «Ат-Тиджара» («Сауда») атты газеттерімен байланысты. Екі газет те «исламдағы модернизмді» мақалаларының негізі етіп алатын. Сол себепті екеуі де үкімет шешімімен жабылады. Содан Адиб Исхак Парижге қоныс аударуға мәжбүр болады. Онда Исхак туберкулез дертіне шалдығып, 30 жасқа толмай дүние салады. Исхак қайтыс болғаннан кейін ағасы Ауни Исхак оның кейбір маңызды шығармаларын жинақтап «ад-Даур» атты жинақ шығарады. Бұл жинақ бірнеше рет баспадан өтеді.

Көптеген зерттеушілердің пікірінше, араб қоғамында стихиялық экспрессивтілік, терең тамырлаған сезімталдылық пен поэзия, метафора мен символизмнің орны ерекше болған.

Араб көркемдік өнері әдеби тілмен тығыз байланысты екендігі айдай анық. Сөз әдебиет саласында ғана емес, сонымен қатар музыка, сурет, архитектура, мүсін өнері саласында да негізгі элемент болып саналады. Тіл құдіреттілігін арабтар ашық түрде мойындап қана қоймай, оны жаңарту жолында да көп еңбек еткен.

Мәдениет әлеуметтік құрылымдар және әлеуметтік қызметпен бірлесе отырып қалыптасады. Соның ішінде роман жанры әлеуметтік шындықты бейнелеуде ерекше рөлге ие болады. Дегенмен араб әдебиеті термині әдетте поэзиямен тығыз байланысты болған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет