Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет189/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Мохаммад Хеджази (1900-1973) министрлікте бірнеше қызметтер атқарып, «Иране эмруз» («Қазіргі таңдағы Иран») атты журналды шығарған. Өзінің саяси және тілшілік қыз­ме­тімен қатар 20-шы жылдардан бастап роман­дар жаза бастайды. Оның махаббат тақыры­бына арналған романдары Иранда кең тарап, үлкен жетістікке ие болады.

Хеджазидің «Хома» атты алғашқы романы 1927 ж. Тегеранда жарыққа шығып, кейін бірнеше рет қайта басылады. 1929 ж. «Паричехр», кейін «Зиба» атты романдары да басылып шығады. Әйел есімдерімен аталған бұл романдарда Иран қоғамында пайда болған әйелер тобына сипаттама беріледі. Бұл шығармада Мошфек Каземидің «Қорқынышты Тегеран» атты романын­дағыдай жалпы қоғамдық-әлеуметтік мәселелер көтерілмейді. Осы уақытта Иран жазушылары екі топқа бөлінеді. Бір тобы Мұхаммад Хеджази секілді махаббат тақыры­бын­дағы романдар жазуды таңдаса, енді бір тобы батыл жазылған шынайы әлеуметтік романдардың авторы болады.



Саид Нафиси (1896-1966) - жан-жақты білімді, талантты әдебиетші, Тегеран универси­те­тінің профессоры, шетелдік университеттердің құрметті докторы, Иран тіл және әдебиет Академиясының мүшесі, филолог, әдебиетші, ақын, прозаик және қоғам қайраткері. Оның «Фарангис» атты шығармасы парсы прозасындағы сентиментальды бағытта жазылған алғаш­қы романдардың бірі болып табылады. Бұл шығарма «Эттелаат» («Хабаршы») газетінде жарияланып, кейін кітап болып жарыққа шығады. Роман сюжеті мен құрылымы жағынан Гетенің «Жас Вертердің қасіреті» атты шығармасына жақын келеді.

Фарангиске ғашық болған жас Вертер ауруға шалдығып, емделу үшін елден кетеді де, ғашығына махаббат хатын жолдап тұрады. Ол өмірдің мәні алға қойған мақсаттарды орын­дап, жетістікке қол жеткізу деп ойлайды. Бірақ өмірдің ауыр сынағын бастан кешіріп, үлкен қасіртке душар болған жігіт өзінің ғашығы Фарангиске арналған 60-шы хатында өмірмен қош айтысады. Ал 61-ші хатында өзін өзімшіл санап, отыз жыл бойы ұйықтап келгенін түсініп, болашаққа сеніммен қарайтынын айтады. Бұл романда тығырыққа тірелген жас жігіттің қайғы-қасіреті қоғамда орын алған жағдайларға байланысты екені де көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет