Сабақтың тақырыбы: Адал дос. Мақсаты: Адал достық туралы түсінік беру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу



бет1/3
Дата27.12.2016
өлшемі344,14 Kb.
#6218
түріСабақ
  1   2   3
4 сыныпта өткізілген «Өзін-өзі тану» сабағы бойынша

рефлексивті есеп
Сабақтың тақырыбы: Адал дос.

Мақсаты: Адал достық туралы түсінік беру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.



Міндеттері:

  • Достық қарым-қатынаста шындықты айтудың маңызын түсіндіру;

  • Батылдық қасиеттерін дамыту;

  • Қарым-қатынасты бұзбауға тәрбиелеу.

Сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерін сабақ жоспарына сәйкес өткіздім. Балалардың сабаққа көңілін аудару үшін «Су астына саяхат» атты тыныштық сәтін өткіздім, себебі ол мәтінде дельфин туралы айтылады, ал ол жануар қамқорлықтың белгісі болып саналады, әрқашан адамдарға көмекке келеді. Тыныштық сәті кезеңінде балалар өздері сабаққа іштей дайындалды.

Дәйексөз ретінде «Айнымас досы бар адам ең бақытты адам» деген халық мақалын алдым. Балалар дәйексөздің мағынасын аша білді, түсінді, бірінші қыздар, сосын ұлдар және барлығы бірдей қайталап оқыды, дәптерге жазып алды, естерінде сақтап қалды, өйткені мағынасын жақсы түсіндіре білді. Содан кейін өзім балалардың жауаптарын қорыттым.

Тақырыпты ашу үшін «Екі дос» әңгімесін әңгімелеп айтып бердім. Әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап берді. Адал достықтың қадірін, маңызын біледі. Өздері өмірмен байланыстырып, ойларын ашық білдіре алады. Өздерін әңгіме кейіпкерлерінің орнына қойып, жауап беруге тырысты. Шығармашылық жұмысқа қызығушылық танытты. Жағдаяттарды оқып, талқылап, шешуін айтты. Жауаптарында өздері дұрыс әрекет жасай алатынын көрсетті. Сабақ материалын жақсы қабылдады. Топтық жұмыста ұжым болып, бірлесіп жұмыс жасай алды. Топтан бір бала шығып топтың атынан жұмыстарын қорғады. 1 топ адал достықтың қасиеттерін санамалап айтып берді. Екінші топ достық туралы мақал-мәтелдерді жазып оқып берді. Үшінші топ достық туралы өлеңді толықтырып, құрастырды. Мұғалімнің сыйы ретінде «Балапан және оның достары» мультфильмін көрсеттім. Балалар алған әсерлерімен бөлісті. Осы жұмыстардан балалардың өмірде өздерін қалай ұстай алатынын, дұрыс ірекет жасай алатынын аңғаруға болады.

Сабақтың соңында «Дос болайық бәріміз» әнін орындадық. Әннің мәтіні де адал достыққа шақырады. Соңғы тыныштық сәті балаларды барлық жақсы әсерлерін ойша қорытындылады. Сабақты өткізудегі мақсатым орындалды деп ойлаймын, өйткені балалар достықтың қандай болуы керек туралы біледі. Сабақты өткізу барысында байқағаным балалардың жан дүниелерінде досына көмекке келу, қамқор болу, досын тастап кетпеу, кешірімді болу тағы сондай қасиеттер бар. Адал достың қасиеттерін айтып қана қоймай, достық қарым-қатынастарды бұзбайтынын, өмірде әрдайым шындықты айтатын, достары үшін батыл қадамдарға баратын ұл-қыздар екенін дәлелдеді. Болашақта еліміздің мақтанышы болатынына сенімім зор.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет