Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары



бет136/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu
Лабораторная 4

Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары


Қара топырақты шалғынды-дала зонасының оңтүстігіне қарай ауа райы құрғақтай бастайды. Бұл алқаптардың ауа райы жылы. Ауадан түсетін ылғалдан булану мөлшері де мол. Ылғал мөлшері жылына 200-300 мм-дей. Осыған орай, өсетін өсімдіктер де өзгереді. Қалың өсетін бозды-бетегелі даланың орнын сирегірек өсетін бетегелі- жусанды құрғақ дала басады. Осының əсерінен өсімдіктердің топыраққа түсетін қалдықтары да азайып, қара шірінді мөлшері кемиді, қара топырақтың түсі қара қоңырға өзгереді.


Құрғақ даланың зоналық топырағы – қара-қоңыр. Жалпы көлемі 107 млн гектар, яғни ТМД елдерінің 4,8%-ын алып жатыр. Негізгі көлемі Қазақстан территориясында.
Қара шірінді мөлшері бұл топырақтарда 4% арасында. Қара қоңыр топырақтың морфологиялық құрылысы төмендегідей:
А – 0-20 см, қара қоңыр түсті, нығыздалған, 35-45 см-ден əк кездеседі.
ВС – 50 см-ден төмен ашық ақшыл, көптеген əк қосылыстары бар.
С – 100-120 см-ден гипстелген аналық тау жынысы қабаттары кездеседі.
Бұл зонаның өзі де терістіктен оңтүстікке қарай жылжыған са- йын бірнеше зонашаға бөлінеді. Зонаның ең солтүстік бөлігінде күңгірт қара-қоңыр топырақ, орталығында жай қара-қоңыр топырақ, ал оңтүстігінде ашық қара-қоңыр топырақтар кездеседі. Ең терістігіндегі зонаша құрғақтау дала саналса, ортасындағы зона- ша – нағыз құрғақ дала, ал зонаның оңтүстік шеткі бөлігі жартылай шөл (шөл дала) зонашасының үлесіне тиеді. Бұл топырақтарды пай- далануды Қазақстан мысалында қарастырамыз.
Ауа райының құрғақтығынан зонаның басым бөлігін жайылым алып жатыр. Зонада сортаң жəне сорланған топырақтар мол. Деген- мен, күңгірт қара қоңыр, жай қара қоңыр топырақтар зонашаларының кейбір аймақтарында жыртылған жер көлемі бұл зонашалардың 20- 30%-ға жуығы құрайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет