Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет94/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақтағы ылғал режимі оған түсетін ылғал мен одан шығын болатын ылғалдар мөлшерімен анықталады.
Түсетін ылғал: а) ауа ылғалы (жаңбыр, қар); ə) еріген қар суы; б) будан түсетін ылғал; в) жерасты ыза суынан көтерілетін ылғал.
Шығын болатын ылғалдар: а) булану; ə) топыраққа сіңбей ағатын ылғалдар; б) өсімдіктер арқылы буланып транспирацияланатын ылғалдар; в) өсімдіктердін жапырақтары мен бұтақтарында қалатын ылғалдар. Түсетін ылғал мен шығын ылғалдың арақатынасы əртүрлі топырақтардың ылғалдану коэффициентін анықтайды.
Табиғаттың салқын-орманды, жылы-субтропикалы тропикалық зоналарында түсетін ылғал мол, шығын аз болып топырақтарда ша- йылу ылғал режимі бой көрсетеді. Ал орталық коңыр салқын зона- ларда ылғалдану коэффициенті шамамен, 1-ге тең, сулану мен була- ну тепе-теңге жуық. Табиғаттың басым аймақтарында ауадан түсетін ылғал топырақтан шығын болатын ылғал мүмкіндігіне қарағанда анағұрлым аз. Бұл аймақтарда (құрғақ дала, шөл-дала, шөл) негізінен ылғалдың булану режимі өріс алады. Ал игерілген жерлер- де ылғал режимін адам өз мұқтаждығына ыңғайлап, кей жерлерді қолдан құрғату, ал көп жерлерде су көздері табылған жағдайларда топырақтың ылғал режимін суару арқылы өзгертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет