Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақтың қатты фазасымен берік байланған ауыр метелдарға



бет63/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақтың қатты фазасымен берік байланған ауыр метелдарға – біріншілік жəне екіншілік минералдардың құрамына кіретін химиялық қосылыстар, қиын еритін тұздар, органикалық жəне органо-минералды заттар жатады.
Топырақ қатты фазасы құрамындағы ауыр металдардың жылжымалы түрлеріне – топырақтың сіңіру кешініндегі алма- сып ауысуға қабілетті иондарды жатқызады, борпылдақ байланған қосылыстар – жеңіл жəне орташа еритін тұздар мен кешендер.
Топырақ ерітіндідегі ауыр металл қосылыстарына еркін ион жəне олардың су жəне басқа химиялық элементтері молекулары мен иондардың өзара əрекеттесуі нəтижесінде пайда болған жылжыма- лы қосылыстар жатады.
Топырақ ауасында ауыр металдар кейбір газдар түрінде кездесуі мүмкін.
Тірі ағзалар құрамындағы ауыр металдар ең алдымен, микроэле- мент түрінде кездеседі, белгілі жағдайларда жоғары мөлшерде ауыр металдар иондарын топтастыру мүмкін.
Техногендік əсері нəтижесінде ауыр металдар негізінде топырақтың жоғары қабатында жиналады. Ал қоршаған ортада тірі ағзаларға қауіп тудыратын ауыр металдарды жылжымалы түрлері болып табылады.
Топырақ қабатындағы ауыр металдардың өзгеруіне, көшіп-қону қасиеттеріне, жылжымалығына төмендегі негізгі факторлар:

  1. топырақтың механикалық құрамы;

  2. топырақтың қышқылдығы (рН көрсеткіші);

  3. топырақтың буферлігі;

  4. органикалық зат мөлшері жəне тағы басқалар əсер етеді Топырақтың механикалық құрамы. Ол ауыр металдардың

жылжымалығына тікелей əсер етеді. Механикалық құрамы ауырланған сайын топырақ бөлшектері мен жылжымалы түріндегі ауыр металдардың бекітілуі артады.
Топырақтың қышқылдығы. Топырақтын рН көрсеткіші ауыр металдардың жылжымалығына айтарлықтай əсерін тигізеді. Қышқыл ортада (< рН 5,5-6) Pb, Zn, Cu сияқты ауыр металл

11–1427
161



иондардың жылжымалығы арта түседі, ал Cd жəне Co иондары сілтілі (>рН -8) ортада өсімдіктерге жақсы сіңеді.
Топырақтың буферлігі. Топырақ жүйесінен топырақ ерітіндідегі микроэлемент қоспаларын белгілі бір кезеңге дейін бір концентра- ция деңгейінде ұстап тұру қабілеттілігі бар. Топырақтың бұл қасиеті оның құрамындағы қарашірінді, физиологиялық балшық, карбонат- тар мен біржарымды тотықтар мөлшеріне жəне рН көрсеткішіне тығыз байланысты.



    1. кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет