Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет34/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақтағы кірмелер. Топырақта оның түзілу процесіне қатысы жоқ бөтен заттар кездесуі мүмкін. Тас, кірпіш, т.б. Бұлар топырақтағы кірмелер болып есептелінеді.
Топырақтағы қосылыстар. Кейбір топырақтардын пішінінде əртүрлі жаңа қосылыстарды байқауға болады. Олардың түстерінің топырақтың жалпы түстерінен айырмашылығы айқын көрінеді. Бұл заттар химиялық немесе биологиялық жолмен пайда болуына байла- нысты екіге бөлінеді. Химиялық қосылыстар:

  1. Тез ерігіш тұздар NaСІ, Nа2410.Н2О, МgСІ2, СаСІ2. Бұл түздардың түстері ақ, көбінесе тұзданған топырақтарда кездеседі.

  2. Гипс СаSО4Н2О. Бұл да ақ сарғыш түсті. Топырақтың бос кеуекті жерлерінде шоғырланады. Құба, сұр-құба топырақтарға тəн.

  3. СаСО3 көміртегі карбонаты, түсі ақ. Бұл тұз да топырақ пішінінде ерекше көрініп тұрады. НСІ мен қайнаған реакция береді.

  4. 2О,Н2О, Мп2О4, А12(РО4)3, FеРО4. МnО, т.б. қара, қызғылт, тот басқан сияқты түстерге боянған қосылыстар.

  5. FеСО3, Fe3(РО4)28Н2О – көк, жасыл түсті қосылыстар. Батпақты топырақтарда кездеседі.

6–1427 81



  1. SіО2 – ақ түсті, күл сияқты болып күлгінді, орманды-сұр, сортаң топырақтарда кездеседі.

  2. Қара шірінді – жолақ-жолақ қара түсті өтпелі қабатқа дейін жетеді.

Биологиялық қосындылар:

  1. Капролиттер – жаңбыр құрттарының іштерінен шығады.

  2. Көртышқандардың жүрген жолдары.

  3. Үлкен ағаштардың тамырлары.

  4. Құрттардың топырақтағы іздері.

Осы айтылған қосындылардың құрамы, түрлері топырақтың түзілу құбылысына байланысты. Сондықтан да осылар арқылы топырақтың типтері, оның агрономиялық құндылығы туралы айтуға болады.
Тағы бір морфологиялық сипаттамаға қатысы бар нəрсе – ол топырақтың НСІ тамызғанда болатын реакцияның белсенділігі. Бұл реакция топырақта карбонаттардың бар немесе жоқ екенін көрсетеді.
СаСО3+2НСІ=СаС122О+СО2.
СО2 қайнап шығады, соның деңгейіне қарап, карбонаттардың бары-жоғын, мөлшерін айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет