Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

218
219
Осылайша, «субъект»  жəне  «субъектілік»  ұғымдары    қазіргі 
заманғы  психология  мен  акмеологиядағы  жетекші  ұғымдар  болып 
саналады. 
«Субъект» жəне «субъектілік» феномендеріне қатысты тұғырлар 
мен  көзқарастарды  талдау,  субъектілік  əлеуетінің  адамның  өмірлік 
жағдайлармен байланысының алуан түрлілігі, олар арқылы қорша-
ған əлеммен байланысын есепке алғанда ғана түсінікті болатынын 
көрсетті.  Субъектінің  өзінің  танымындағы  шынайы  болмысын 
есепке  алу  нəтижесінде,  адамның  рухани,  шығармашылық 
өсуінің  заңдылықтарын  түсінуге,  оның  өзінің,  өзіндік  тұлғасының 
шекарасынан  шығуға  деген  трансцендентті  қажеттілігіне  ықпал 
етеді. Қазіргі кезде субъектінің дара жетілдіру жəне өзін-өзі жүзеге 
асыру тəжірибесінің, əлеуметтік қайта құрудың тəжірибесімен тығыз 
үйлесетіні айқын байқалады. 
Тұлғалық-кəсіби  даму,  субъектінің  іс-əрекетінің  мəнін    жəне  
оның  кəсіби  іс-əрекеттің  барлық  қырларының  өзара  байланысын-
дағы  рөлін  анықтайды.  Кəсіпқойдың  бейнесі  келесі  сипаттамалар-
ды  қамтиды:  психологиялық  ресурс,  психикалық  қасиеттер, 
үдерістер  жəне  қалыптар,  мінез,  темперамент,  мотивациялық-
əрекеттік  ерекшеліктер (кəсіби өзіндік сана, бағыттылық, кəсіби іс-
əрекет  стилі);  кез  келген  жағдайда  жұмыстың  қызығушылықтары 
мен  басымдылықтарына,  қабілеттерді  жəне  шығармашылық 
əлеуетті  дамыту  жəне  жүзеге  асыруға,  кəсіби  іс-əрекеттің  барлық 
қырларының оңтайлылығына жетуге негізделген ұстанымда бірізді 
қалу жағдайындағы біліктер. 
К.К.Платонов  кəсіпқойдың  моделінің  бірнеше  түрлерін 
айқындайды:  нормативті,  экспективті  жəне  эмпирикалық.  Норма-
тивті  модель  дайындықтың  нұсқаулары,  уставы,  бағдарламасы 
негізінде құрастырылады. Экспективті модель аталған кəсіпті жақсы 
меңгерген  сарапшылардың  пікірлерімен  негізделген.  Кəсіпқойдың 
эмпирикалық  моделі – белгілі  жағдайда  орташа  кəсіпқойдың 
шынайы моделі. 
Объективті  қажетті  білімді,  біліктерді  жəне  дағдыларды  дамы-
ту,  субъектінің  талап  етілген  сапалық  сипаттамалары  негізінде 
жүзеге асырылады. Бірінші кезекте, оларға кез келген басқа саламен 
салыстырғанда,  таңдалған  кəсіби  іс-əрекетте  өзін-өзі  дамыту  мен 
өзін-өзі  жүзеге  асырудың  мүмкіндіктерін  түсінуді;  кəсібиліктің 
шыңдарына  жету  мотивациясын;  əлеуметтік-құндылықты  «Мен-
тұжырымдамасының»  қалыптасуын;  кəсіби  іс-əрекетті  жетістікпен 
жүзеге асыру жəне бағалау қабілетін; іс-əрекеттің нəтижесіне деген 
қызығушылықты дамытуды жатқызуға болады. 
Шығармашылық  іс-əрекет  субъектісі  санасының  мазмұнының 
түрлері  айқындалады:  интеллектуалды  жəне  тұлғалық,  сонымен 
бірге соған сəйкес мəндер. 
Интеллектуалды  мəндер  іс-əрекеттің  негіздемесін  саналы 
ұғынуды қамтамасыз етеді, ал тұлғалық – проблемалық-кикілжіңді 
жағдайларды  қайта  саналы  ұғынуды  қамтамасыз  етеді.  Сонымен, 
жүзеге  асырылатын  іс-əрекет  рефлексияланбайды,  сонымен  бірге 
онда  дамушы  тұлға  рефлексияланады,  бұл  өз  кезегінде  кəсіби 
шеберліктің констелляциясын қамтамасыз етеді. 
Туындайтын проблемалық  жағдаяттарды  шешу  үдерісінде кə-
сіби    шеберліктің    акмеологиялық  деңгейіне    жетуді    қамтамасыз  
ететін,  шығармашылық  əлеуетті  дамытудың,  эвристикалық  реф-
лексияның  тиімді  құралдары  құрастырылған,  жоғарыда  аталған 
проблемалық  жағдаяттарды  шешу  тəжірибесі  рефлексияда 
шығармашылықты  дамытуға  ықпал  етеді.  Рефлексия  ойлаудың 
таптаурындарын саналы ұғыну жəне қайта ойлауды, оларды сананың 
мазмұнының  жаңа  құрылымдарына  (креативті-инновациялық)  де-
йін жоюды білдіреді. 
Рефлексивті  қабілеттер  жеке  формада  (шығармашылық  тап-
сырмаларды дербес шешуде), сонымен бірге диалогты жəне топтық  
формаларда  (бірлескен  пікірталаста  жəне  өзара əрекетте) дамиды. 
Мұнда  рефлексияның  алуан  түрлері  сараланады:  интеллектуалды, 
тұлғалық, коммуникативті, кооперативті, экзистенциалды, мəдени. 
Интеллектуалды – когнитивті  іс-əрекетті  қамтиды,  тұлғалық 
–  жағдаяттағы  жеке  мінез-құлықты  қамтиды,  коммуникативті – 
тұлғааралық  қарым-қатынасты  қамтиды,  кооперативті – бірлескен 
іс-əрекетті  қамтиды,  экзистенциалды – өмірлік  өзіндік  анықталу 
мен  өмір  сүруді  қамтиды,  мəдени – мəдениетке  енуді  жəне  оны 
қайта  жасауды  қамтиды.  Білім  беру  саласындағы  кəсіпқойға 
шығармашылық  іс-əрекетте  жетістікке  жетуі  үшін  рефлексияның 
барлық    түрлерін    меңгеруі    жəне    олардың    оңтайлы    өзара 
əрекеттестігін  дамыту  маңызды.  Рефлексивті-инновациялық  ор-
таның  нəтижесінде,  соған  сəйкес  аса  тиімді  жағдайлар  құрылады, 
онда  қарқынды  ойын  əдістері  арқылы  адамның  рефлексивті-
шығармашылық  мүмкіндіктері  дамиды.  Соңғы  кезде  рефлексивті 

220
221
психологияның  жəне  шығармашылық  педагогикасының  аясында 
құрастырылатын  зерттеу  əдістері  мен  білім  беру  технологиялары, 
белсенді 
əлеуметтік-психологиялық 
əдістердің 
позитивті 
элементтерін үндестіреді жəне конструктивті дамытады. 
Жоғары  кəсіби  білім  беру  жағдайында,  тұлғалық-кəсіби 
қалыптасу  феноменін  зерттеудің  толыққандылығы  акмеологиялық 
міндетке,  аталған  қалыптасуды  адамның  біртұтас  психологиялық 
жүйеде,  оның  өзін-өзі  ұйымдастыруды  көрсетудің  формасы 
ретінде  қарастырған  жағдайда  жетуге  болады.  Адамның  жүйелі 
көруі  тұрғысында  ғана,  оның  өзін-өзі  ұйымдастыруы  туралы 
айтуға  болады,  себебі  мұндай  тұғырдан  тыс  өзін-өзі  ұйымдастыру 
ұғымының  барлық  мəні  жоғалады – ол  ең  алдымен,  өзін-өзі 
ұйымдастырушы жүйелердің қасиеті жəне белгісі болып саналады. 
Сондықтан  тұлғалық-кəсіби  қалыптасуды  психологиялық  жүйелер 
контексінде (ПЖК) зерттеудің өзекті міндеті деп санауға болады. 
Тұлғалық-кəсіби қалыптасу мəселесіне қатысты психологиялық 
теорияның мүмкіндіктері, адамның психологиялық танымның пəні 
ретінде жүйелі анықтауына ие болып, ұйымдастырудың аса оңтайлы 
тəсіліне  жетуді  қамтитын,  жүйенің  өзін-өзі  ұйымдастырумен 
байланысты  акмеологияның  əдіснамалық  қиындықтарын  шешуге 
мүмкіндік  береді.  Өзіндік  адамзат  өмір  сүруінің  құндылықты-
мағыналық  базасы  ретінде,  осы  үдерістегі  іс-əрекет  ретінде, 
факторлардың  барлық  ауқымын  талдауды  талап  етіп,  ғылыми  тар 
салалардың шекарасынан шығатын өмір сүру əрекетінің шыңдарына 
жету мəселесіне деген қызығушылықтың пайда болуының кездейсоқ 
болмауын  атап  өту  қажет.  Дəл  осы  жүйе  өзіндік  дамуды,  сыртқы 
жəне ішкі жүйелердің дамуын шектейтін эволюцияны анықтайтын 
факторларды өндіреді жəне туындатады. 
Адамның өзін-өзі ұйымдастыруын психологиялық жүйе ретінде 
өзгертетін,  əлеуметтік  өзара  əрекеттестікті  (жоғары  мектептің 
білім  беру  ортасы)  қарастырудың  мүмкіндігі  айқындалады. 
Психологиялық 
жүйелер 
теориясының 
контексінде, 
мұны 
жүйенің  дамуының  детерминациясына  енгізілетін  психологиялық 
жүйелердегі  жаңа  құрылымдардың  пайда  болуы  деп  түсіндіруге 
болады;  өзін-өзі  ұйымдастыру  дамуды  ұйымдастыру  ретінде  бола 
бастайды.  Нəтижесінде,  тұлғалық-кəсіби  қалыптасу  ең  алдымен, 
белсенділіктің  қайнар  көздерін  талдауды  білдіреді,  олардың 
алмасуы адамның өзін қайта жасауға, өзіндік тұтастығын сақтауға 
бағытталған іс-əрекеттің мазмұнын анықтайды. 
Өзіндік  қозғалыс,  өзін-өзі  дамыту  кез  келген  өзін-өзі  ұйым-
дастырушы  жүйелерге  тəн  болады.  Тұлғалық-кəсіби  қалыптасу 
жалпы түрде саналы адекватты адамға тəн, өзін-өзі дамыту үдерісі 
ретінде  түсіндіріле  отырып,  ілгері  бағыттылықпен  (конструктивті 
интенция),  үдемелілікпен  (тасқынды  динамизм),  түбегейлі 
аяқталмаумен  (дамудың  келесі  айналымына  деген  ашықтық) 
сипатталады,  біз  оны  адамның  табиғатына  сəйкес  имманентті, 
инвариантты белгі деп санаймыз. 
Талдаудың  акмеологиялық  жəне  жалпы  психологиялық  əдісте-
рін біріктіру үшін əдіснамалық, теориялық жəне өзіндік əдістемелік 
негіздемелерді  іздеу,  адам  болмысының  мəдени,  экономикалық, 
əлеуметтік-саяси  контексінде,  даму  нəтижесі  ретінде,  адамда 
болатын  өзгерістерді  ғылыми  тұрғыда  түсіндірудің  қажетті  шарты 
болып табылады. 
Осылайша,  жоғары  кəсіби  білім  беру  жағдайында,  тұлғалық-
кəсіби  қалыптасу  мəселесін  қою,  жүйелі  талдауды  тартудың 
қажеттілігіне міндетті түрде əкеледі. 
Өзін-өзі  дамыту  жəне  өзіндік  детерминация,  адамның  өзін-өзі 
ұйымдастырушы психологиялық жүйе ретінде болмысының тəсілі, 
шекарасы  болмайтын,  əртекті  қалыпты  шығармашылық  қозғалыс 
ретінде өмірдің қажетті шарты болып табылады. 
Жалпы  мағыналық  құрылымдардың  саналы  ұғынылуы  жəне 
рефлексиялануы,  əрдайым  саналы  ұғынылған  сипаты  болмайтын 
тұлғалық  мағыналары  бойынша  айрықшаланып,  тұлғаның 
құндылықтары  немесе  тұлғалық  құндылықтар  жайлы  айтуға 
мүмкіндік береді. Осылайша, тұлғалық құндылықтар – бұл адамның 
эмоционалды-толғанатын өмірдің жалпы мəнін саналы ұғынуы жəне 
қабылдауы. Эмоциялар адам үшін құндылығы жəне мəні бар əлемнің 
заттарын  санасына  енгізуді  қамтамасыз  етеді.  Жалпы  мағыналық 
құрылымдар  (оларды  саналы  ұғыну  жағдайында – тұлғалық 
құндылықтар) тұлға санасының негізгі конституциялық (құраушы) 
бірліктері  болып  табылады,  адамның  өмірдің    негізгі  салаларына 
–  əлемге,  басқа  адамдарға,  өзіне  деген  басты  жəне  салыстырмалы 
тұрақты қатынастарды анықтайды. 
Тұлғалық-кəсіби  қалыптасу  мəселесі  аясында,  акмеологиялық 
ғылым тұрғысында, адамның өсуі мен шығармашылығында, жетістік 
пен шығармашылықтағы қажеттіліктерін қамтитын, өзін-өзі жүзеге 
асыру жəне өзін-өзі жетілдірудің интегралды қажеттілігін айқындау 
керек. 

222
223
Соған  байланысты,  тұлғалық-кəсіби  қалыптасудың  мəнді 
сипаттамаларының  бірі  ретінде,  тұлғаның  өзін-өзі  жүйелі 
ұйымдастырудың  жоғары  деңгейі  ретінде,  өзін-өзі  жүзеге  асыруда 
шығармашылық белсенділікті дамыту алынады, ол арқылы білім беру 
үдерісінде,  іс-əрекет  жəне  мінез-құлықта  əлеуметтік  детерминация 
жүзеге асады. 
Өзін-өзі  жүзеге  асыру  (А.А.  Реан,  Э.В.  Галажинский,  Л.А.  Ко-
ростылева)  кемелденген  тұлғаның  болмысымен  байланысты,  ол 
акмеологияда даму бағытталатын жəне аяқталатын бірқатар соңғы 
қалып  ретінде  қарастырылмайды,  керісінше,  тұлға  қаншалықты 
дəрежеде психологиялық жəне əлеуметтік тұрғыда аса кемелденген 
болса,  оның  əрі  қарай  дамуға  деген  қабілеті  артады.  Тұлғалық 
кемелдену  кезеңі,  оның  қалыптасуы  үшін  сапалық  жаңа  жəне 
əлеуметтік құнды мүмкіндіктерді ашады (Л.И. Анцыферова).
Дəл  кемелдену  кезеңінде,  тұлғаның  қойылған  өмірлік 
міндеттерді шешу сатысынан, түбегейлі маңызды, жаңа мəселелерді 
қою,  сапалы  жаңа  міндеттерді  құрастыру  сатысына  өтуі  жүзеге 
асады. Кемелденген тұлғаның ойлауының динамикалық құрылымын 
күрделендіру  жəне  дамыту,  оған  шығармашылық  белсенділіктің 
жаңа деңгейіне көтерілуге мүмкіндік берді (Л.И. Анцыфирова).
А.А. Реан тұлғалық кемелденудің төрт компонентін айқындады:  
(базалық,  іргелі) – жауапкершілік,  төзімділік,  өзін-өзі  дамыту 
жəне  интегралды  компонент  (позитивті  ойлау,  əлемге  позитивті 
көзқарасты  анықтайтын,  əлемге  позитивті  қатынас).  Мұнда 
жауапкершілік кемелденген тұлғаның əрекетінің қажетті құрамдасы 
болып саналады. 
Əлеуметтік  кемелдену  жəне  оның  құрамдасы – жауапкершілік-
кəсіби  білім  берумен  байланысты  шығармашылық  адекватты  іс-
əрекетте  ғана  қалыптасады  (А.А.  Реан).  Өзін-өзі  дамытуға,  өзін-
өзі маңызды етуге деген қажеттіліктің кемелденген тұлғаның негіз 
құраушы  компоненті  болатынын  ескере  отырып,  өзін-өзі  дамыту 
жəне  өзін-өзі  маңызды  ету  идеясы  акмеологиялық  ұстанымды 
қалыптастыруға  бағытталған,  білім  беру  үдерісінде  жетекші  рөл 
атқаруы  қажет.  Өзін-өзі  дамыту  мен  өзін-өзі  жүзеге  асырудағы 
өзекті қажеттіліктің үлкен құндылығы бар, ол кемелденген тұлғаның 
көрсеткіші  жəне  бір  мезгілде  оған  жетудің  қайнар  көзі  болып 
табылады (А. Маслоу).
А.А.  Реан  əлеуметтендірудің  қашан  жəне  қандай  жағдайда 
«акмеге»  ықпал  ететіні  жəне  жеке  «акмеге»  жетуге  əкелетіні, 
тұлғаның  əлеуметтік  кемелденуін  дамыту  туралы  мəселені  шешу 
тұрғысында, əлеуметтендіру үдерісін талдай отырып,  бұл үдерістің 
белгілі мақсаты бар, «белгісіз соңы» бар үдеріс ретінде анықтайды. 
Ол    адамның  онтогенезінің  бойында  үздіксіз  жалғасады  жəне 
ешқашан  аяқталмайды,  алайда  «ешқашан  толық  болмайды».  Бұл 
тұлғаны өзіндік дамытудың шексіздігінің жəне шектелмеуінің негізі 
ретінде интерпретациялануы мүмкін. 
Осылайша,  жоғары  кəсіби  білім  беру  жағдайында,  тұлғалық-
кəсіби  қалыптасу  мəселесіне  қатысты,  адамның  өзін-өзі  ұйым-
дастырушы  психологиялық  жүйе  ретінде  ұғымдарына  сүйенуге 
болады.  Соған  сəйкес,  адам  өзіндік  қозғалыстың  ресурстарын, 
жүйелі детерминацияны жəне факторларды өндіру қабілетін игереді, 
оларға  сүйеніп,  жүйе  өзін-өзі  дамыту  мен  өзін-өзі  жүзеге  асыру 
стратегиясын құрастыра алады.  
Жоғары  кəсіби  білім  беруді  сипаттау  үшін  психологиялық-
акмеологиялық  үдерістің  жетекші  категориясын – тұлғалық-кəсіби 
қалыптасуды негіздеу қажет.
Психологиялық  зерттеулерде  аса  кең  тараған  «кəсіби  даму» 
ұғымымен  теңдестірілетін  «кəсіби  қалыптасу»  ұғымы  кездеседі. 
Кəсіпқойды  қалыптастыру  жəне  дамытудың  механизмдерін 
қарастыруға байланысты алуан түрлі көзқарастар бар. 
«Кəсіби қалыптасу» ұғымының кең қолданылуына қарамастан, 
оның  дəл,  айқын  анықтамасы  жоқ.  Атап  өтетін  бір  жайт,  ғылымда 
айқындалған ұғымдардың нақты ажыратылуы болмайды. B.C. Лед-
нев тұлғаның қалыптасуын «адамның сапаларын ілгері  өзгертуінен» 
құралатын, яғни келесі компоненттерді: психиканың функционалды 
механизмдерін  дамыту,  тұлғаның  тəжірибені  меңгеруі;  тұлғаның 
типологиялық қасиеттерін тəрбиелеуді» қамтитын құрамдас ретінде 
анықтайды.  Берілген  анықтамада  қалыптасу  жеке  тəжірибеде 
көрініс табатын позитивті сапалық өзгерістер  ретінде түсіндіріледі. 
Е.М.Борисова көпшілік жағдайда қалыптасу деп өзінің аяқталуынан 
алыстау  пайда  болған  үдерісті  атайды. «Мұндай  түсініктемедегі 
қалыптасуды  уақыт  бойынша  кеңейтілген  кəсіпті  меңгеру  үдерісі 
ретінде қарастыруға болады».   
Үдеріс  белгілі  сатыларды,  кезеңдерді  қамтуы  қажет, 
олардың  əрқайсысының  психофизиологиялық  жəне  əлеуметтік-
психологиялық  ерекшеліктерінің  сипаттамасы  болады,  олар  өз 

224
225
кезегінде кəсіби іс-əрекеттің табысты жүзеге асырылуын қамтамасыз 
етеді.  Мұндай  контексте  оған  мағынасы  бойынша  кəсіби  дамыту 
ұғымы жақын болады...». 
Акмеология тұрғысында, еңбек адамын тұлға ретінде қарастыру 
қажет.  Мұнда  аталған  үдеріс  «адамның  психикалық  бейнесіндегі 
сапалы, позитивті жаңа құрылымдардың пайда болуы, ескі мотивтер, 
мақсаттар,  қатынастарды  қайта  ұғыну  мен  жаңаны  құру»  ретінде 
анықталады. 
Ф. Парсонс ұсынған тұғырға сəйкес, əрбір адам өзінің дара жəне 
кəсіби маңызды қабілеттері бойынша бір кəсіпке аса оңтайлы сəйкес 
келеді;  кəсіби  жетістік  пен  кəсіппен  қанағаттану,  кəсіптің  адамға 
ұсынатын  талаптарының  оның  дара  ерекшеліктеріне  сəйкестік 
дəрежесімен негізделеді. 
Қазіргі кезде психологияда жəне акмеологияда кəсібилендірудің 
алуан түрлі тұғырлары ұсынылған. 
«Тұлғаның  кəсіби  қалыптасуы»  ұғымы  қазіргі  заманғы 
психологияда жеткілікті кең ауқымда қолданылады. Е.А.Климовтың 
көзқарасы 
бойынша, 
адамның 
еңбектегі 
белсенділігінің 
психологиялық  мазмұны  кəсіби  білім  беру  мен  өзіндік  білім 
алуды  түсіндіру  үшін,  адамның  еңбектің  жетістікті  субъектісі, 
кəсіпқой  ретінде  қалыптасуы  үшін  аса  маңызды  болып  саналады. 
«Қалыптасу»  ұғымына  жақын,  кейде  теңестірілетін  ұғым  ретінде, 
«қалыптастыру» жəне «дамыту» ұғымдары алынады. 
«Дамыту»  феноменінің  анықтамасына  жекелей  тоқталамыз, 
себебі  ол  ұғым  адамның  кəсіби  дамуын  əрі  қарай  зерттеуге  негіз 
болады.  Философияда  даму  өзгерістің,  жетілудің,  қозғалыстың, 
өсудің  өзгеше  түрі  ретінде  қарастырылады.  С.Т.Мелюхин  бұл 
жайлы  былай  деп  жазады: «Даму – бұл  өмір  сүрудің  жеткілікті 
ұзақ  кезеңі  бойында,  жаңа  мүмкіндіктер  мен  үрдістердің  пайда 
болуын қамтитын, жүйенің сапалық, қайтып оралмайтын, біртұтас 
жəне  заңды  өзгерісі».  Аталған  анықтамада  дамудың  белгілерінің 
біртұтас кешені тіркелген:  бұл екі бағыт негізге алынатын біртұтас 
айналымды үдеріс: жоғары өрлеуші жəне төмен түсуші. 
«Жоғары  өрлеуші  саты  деп  көптеген  мүмкіндіктердің  кеңеюі 
жəне  артуы  жүзеге  асырылатын  даму  кезеңі,  жүйенің  өзгерістер 
үрдісі,  оның  ішкі  жəне  сыртқы  байланыстарын,  құрылымын, 
қозғалыс формаларын күрделендіру кезеңі аталады. 
Төмен  түсуші  саты  көптеген  мүмкіндіктер  мен  өзгеру 
үдерістерінің  қысқаруымен  сипатталады,  бұл  көп  жағдайда 
құрылымның  салыстырмалы  қысқаруымен  жəне  тоқырауымен,  
қозғалыстың  формалары  мен  байланыстарының  реттелмеу 
дəрежесінің артуына сəйкес келеді...». Автор регрессті дамудың бір 
бағытта қозғалыс жасауымен, екінші бағыттағы дамуды шектейтіні 
жағдайында түсіндіреді. 
Даму  барысында  болатын  өзгерістердің  ерекшелігі  ретінде 
дамудың  тек  сандық  өзгерістер  ретінде  түсіндірмейтіні,  оның 
сапалық  өзгерістер  болатыны  алынады,  себебі  регрессті  дамуды 
алдыңғы  сатыларына  қайтып  оралу  үдерісі  ретінде  қарастыруға 
болмайды. 
Көптеген  психологиялық-акмеологиялық  зерттеулерде,  адам-
ның  өзінің  əлеуетін  жүзеге  асыруы  үшін  белгілі  əлеуметтік 
жағдайлардың  қажет  болатыны  көрсетілген.  Сондықтан  адамның 
дамуына  əлеуметтік  əсерлерді  сипаттау  үшін  Л.С.Выготский 
«дамудың  əлеуметтік  жағдайы»  ұғымын  енгізді,  ол  тұлғаның 
қатынастар  жəне  əлеуметтік  болмыс  жүйесі  ретінде  анықталады. 
«Дамудың  əлеуметтік  жағдайы»  аталған  кезеңде  дамуда  жүзеге 
асатын  барлық  динамикалық  өзгерістердің  бастапқы  сəті  ретінде 
болады. Егер тұлға түбегейлі өзгеретін болса, онда осы қатынастар-
ға сəйкес өзгеруі керек. 
Адамның  кəсіби  даму  барысындағы  тұлғалық,  когнитивті, 
рефлексивті  жəне  психикалық  қасиеттерінің  өзгеру  сипатын  осы 
дамудағы  екі  ірі  сатыға  ажыратуға  болады:  жалпы  алғашарттарды 
қалыптастыру,  атап  айтсақ,  еңбекке  жалпы  дайындық  түрінде; 
еңбек субъектісінің өзіндік кəсіби дамуы, оның басталуын көптеген 
мамандар кəсіби  оқыту сатысына жатқызады. 
С.Л.Рубинштейннің  тұжырымдамасында, «адамның  дамуы 
«тəжірибені»  жинақтаумен,  білім,  біліктерді  жəне  дағдыларды 
меңгерумен  салыстырғанда,  дəл  осының  өзі  адамның  қабілеттерін 
дамыту  болып  саналатыны,  білім  жəне  білікті  жинақтаумен 
салыстырғандағы  даму  болып  саналатыны»  туралы  қағидасы  өте 
маңызды  болып  саналады.  Басқаша  сөзбен  айтқанда,  белгілі  іс-
əрекетті  меңгерудің  нəтижесі  ретінде,  адамның  жалпы  қабілеттері 
негізінде қалыптасатын кəсіби қабілеттерді дамыту алынады. 
Б.Г.  Ананьев  функционалды,  операционалды  жəне  моти-
вациялық  механизмдерді  дамыту  ретінде  көрініс  табатын,  еңбек 
субъектісінің  операционалды  саласының  негізіне  алынатын, 

226
227
психикалық  функцияларды  дамытуға  сəйкес  сызбаны  айқындады. 
Əрбір психикалық функцияның өзіндік операциялық механизмдері 
қалыптасады.  Функционалды  жəне  операциялық  механизмдер  бір-
бірімен өзара күрделі əрекеттеседі. Функционалды механизмдердің 
дамуының  белгілі  деңгейінің  негізінде,  операциялық  механизмдер 
дами  бастайды,  олардың  бірлескен  дамуы  олардың  жедел  дамуын 
туындатады.  Іс-əрекет  үдерісінде  операциялық  механизмдер  іс-
əрекетке бейімделеді, нəтижесінде олардың оперативтілік белгілері 
пайда болады. Мотивациялық механизмдердің реттеуші функциясы 
болады. Мотивацияны дамыту операциялық механизмдердің қайта 
құрылуын  ынталандырады,  нəтижесінде  психикалық  қасиеттердің 
даму  деңгейі  артады.  Д.А.  Ошанин  кəсіби  даму  жағдайында, 
мотивациялық  механизмдердің  қайта  құрылуының  операциялық 
механизмдерден  бұрын  жүзеге  асатынын  жəне  соңғысының  қайта 
құрылуына  əкелетінін  анықтады.  Егер  осындай  қайта  құру  жүзеге 
аспаса,  іс-əрекеттің  аталған  түріне  жарамсыздықты  негіздеп, 
қабілеттер дамымайды. 
Кез келген дамудың, əсіресе кəсіби дамудың қайнар көзі ретінде, 
қарама-қайшылықтардың  болуы  алынады.  Ю.В.  Поваренковтың 
пікірі бойынша, «кəсіби мүмкіндіктер мен адамның қажеттіліктері-
нің  талаптары»  жүйесінде  туындайтын  қарама-қайшылықтар, 
дамудың  əлеуметтік  жағдайының  динамикасын,  қайта  құруын 
жəне  алмасуын  анықтайды.  Кəсіби  дамудың  деңгейінің  өлшемдері 
ретінде, кəсіби-маңызды сапалардың жəне мотивтер құрылымының 
қалыптасуымен байланысты өлшемдер алынуы қажет. 
Қазіргі  кезде  жалпы  қабылданған  анықтама  ретінде,  дамудың 
қалыпты  тəсілдермен  əрекет  етуге  мүмкіндік  бермейтін  жағдай 
болғанда басталатыны туралы қағида алынады, яғни даму оқиғаның 
үздіксіз  барысы  тоқтағанда,  аяқталғанда,  бұрын  болмаған  нəрсені 
құрған сəтте басталады. Б.Д.Эльконин бұл туралы былай деп жазады: 
«даму  дайын  автоматизмді  қолдану  мүмкін  болмаған  жағдайда, 
мінез-құлықтың қажеттілігі «нүктесінде» жүзеге асады, яғни мінез-
құлықтың формасын қайта құру нүктесінде (өмір сүру тəсілі) жүзеге 
асады». Аталған қағиданы ескеріп, адамның мінез-құлқының жаңа 
формаларын ғана емес, оның болмысқа деген өзгертілген қатынасын 
қамтитын,  əлеуметтік-тұрмыстық,  экономикалық  жəне  өмір  сүру 
əрекетінің  басқа  жағдайларын  өзгертуде  ғана  тұлғалық-кəсіби 
дамудың мүмкіндігін   атауға болады. Алайда, дамудың өзі кəсіптің 
талаптары іс-əрекет субъектісінің мүмкіндіктерінен жоғары болған 
жағдайда ғана басталуы мүмкін. 
Е.А.  Климов,  Т.В.  Кудрявцев,  В.Д.  Шадриковтың  пікірлері 
бойынша, кəсіби даму адамның кəсіпті меңгеру үдерісін қабылдау-
дан жəне оған енуден басталады. Кəсіпті қабылдау адамның аталған 
кəсіптегі  талаптар  мен  құндылықтар  жүйесіне  «енуінің»  өзгеше 
жағдайын  құрады.  Бұл  өз  кезегінде  адамды  кəсіби  іс-əрекетті 
меңгеруге  деген  бағыттылығын  туындатады,  оның  барысында 
адамның  талаптар  мен  мүмкіндіктер,  кəсіппен  байланысты 
құндылықтар  мен  адамның  мотивациялық  саласы  арасындағы 
қарама-қайшылықтарды түсіру жүзеге асады. 
Е.А.  Климов  адамның  кəсіби  дамуы  тұжырымдамасында 
осы  дамудың  психикалық  мазмұнының  барлық  компоненттерін 
көрсететін бес негізгі бағытты айқындайды: 
– «адамның  қоршаған  ортада  аса  дəл  жəне  кең  бағдарлануын  
меңгеруі»,
– «еңбек, кəсіби бағыттылықты қалыптастыру»;
– «əрекеттің  қоғамдық  өңделген  тəсілдерін  меңгеру  (өзінің 
жетістіктері ретінде жетілдіру) жəне іс-əрекет құралдарын қолдану»;
– «іс-əрекетті табысты орындауға мүмкіндік құратын, тұлғаның 
тұрақты жеке сапалар жүйесін қалыптастыру»;
– «өзі туралы білімді дамыту». 
Аталған  бағыттар  жəне  компоненттер  белгілі  дəрежеде 
жəне  əртүрлі  үйлесімде,  адамның  кəсіби  дамуының  көптеген 
модельдерінде  көрсетілген.  Осындай  модельдің  екі  типі  аса  кең 
тараған: онтогенетикалық (жас ерекшелік) жəне кəсіби-генетикалық. 
Онтогенетикалық  модельдер  адамның  кəсіби  дамуын оның өмі-
рінің  жас  кезеңдеріне  бөлу  контексінде  біртұтас  қарастырады,  ал 
кəсіби-генетикалық модельдер осы дамуды субъектінің белгілі еңбек 
іс-əрекетін шынайы орындау кезеңімен байланыстырады. 
Е.А.Климов  бойынша, «даму»  қарастыру  пəні  ырықсыз 
өзгертуді  жоғары  көтеріңкі  бағалау  ретінде  түсіндірілуі  мүмкін. 
«Қалыптастыру»  термині,  адамға  бірнəрсені  таңу,  байланыстыру 
туралы 
ойға 
жетелейді 
(В.И.Слободчиков). «Қалыптасу» 
термині  аса  сенімді  ұғым  болып  саналады,  себебі  адам  өзін-
өзі  «қалыптастырушы»  болып  саналады.  Бұл  адамды  өзін-өзі 
ұйымдастырушы  психологиялық  жүйе  ретінде  түсіндіретін 
ұсынылған əдіснамалық ұстанымға сəйкес келеді (В.Е.Клочко). Бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет