Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о


–  Германия,  2013. – 486 с. 208



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

 
–  Германия
2013. – 486 с.

208
209
3-модуль. Кəсіби акмеологияда креативтілікті 
дамытудың психологиялық негіздері
3.1  Кəсіби  шығармашылықты  қалыптастырудың  акмео-
логиялық мəселелері
Тақырыптың  негізгі  ұғымдары:  акмеология,  акмеологиялық 
білім,  кəсіби  акмеология,  креативтілік,  шығармашылық,  кəсіби 
шығармашылық,  субъектілік,  акмеологиялық  даярлық,  өзін-өзі 
жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту.  
Үздіксіз  кəсіби  білім  берудің  интегративті  ашық  дамушы 
жүйесі, қазіргі жағдайда білім беру саласында ғана емес, сонымен 
бірге  қоғам  өмірінің  көптеген  басқа  салаларында  сұранысқа  ие 
болатын,  арнайы  бейінді,  психологиялық-педагогикалық,  жалпы 
ғылыми, жалпы мəдени пəндер саласында іргелі білімді меңгерген 
мамандарды  даярлаудың  бірегей  феномені  болып  табылады. 
Университет  студентінің  меңгеретін  жүйелі  психологиялық-
педагогикалық  білімінің  пəндік  жəне  қайта  құрушы  күші  болады, 
ол белгілі жағдайда оны меңгерген адамның «даралыққа жетуінің» 
ішкі механизмдерін, тұлғалық жəне кəсіби өзін-өзі жүзеге асырудың 
əлеуетін ашуды «қосады». 
Алайда,  тəжірибе  көрсеткендей,  бұл  жоғары  кəсіби  білім  беру 
жүйесінің  басымдылығы,  қазіргі  кезде  əрдайым  жəне  толыққанды 
дəрежеде қолданыла бермейді. 
Білім  беру  саласындағы  мамандардың  сапасы,  оның  кəсіби-
педагогикалық іс-əрекеттің функцияларын тиімді орындау қабілетін  
сипаттап  қоймайды  (білімгерлерді  оқыту,  тəрбиелеу  жəне  дамыту-
мен  байланысты  типтік  жəне  стандартты  емес  мəселелер  мен 
міндеттерді  шешу),  сонымен  бірге  іс-əрекеттің  алуан  түрлерінде 
кəсібиліктің  шыңдарына  жетудің  маңызды  факторы  ретінде  өзінің 
даралығын белсенді «құруды» сипаттайды.  
Акмеология зерттеудің пəнаралық саласы ретінде, ересек адам-
ның балалық шақ пен жастық шақпен салыстырғанда, оның басты 
ерекшелігін – кəсібилікте  кемелдікке  жетуді  (ақыл-ой,  азаматтық, 
еңбек)  жəне  кəсіби  іс-əрекеттің  алуан  түрлерінде  шығармашылық 
қабілеттерінің өркендеуін зерттейді. 
Психологиядағы  жəне  акмеологиядағы  кəсіби  шығармашылық 
мəселесі  дəстүрлі  түрде  тұлғаның  шығармашылығымен  жəне 
креативтілігімен  байланысты  қарастырылады.  Шығармашылық 
жəне  креативтілік  мəселесі  акмеологиялық  зерттеулерде  кəсіби 
іс-əрекеттің  жəне  тұлғаның  өмір  сүруінің  үдерістерін  жəне  ме-
ханизмдерін  жетілдіруді  зерттеу  контексінде  қарастырылады  (Б.Г. 
Ананьев, О.С. Анисимов, Н.Ф. Вишнякова, А.А. Деркач,  Е.А. Кли-
мов, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, И.Н. Семенов, С.Ю. Степанов). 
Креативтілікті дамыту үдерісін оңтайландырудың акмеологиялық 
шарттары  мен  факторларын  зерттеуде,  креативтілікті  дамытудағы 
басты  рөлді  акмеологиялық  ортаның  арнайы  ұйымдастырған  өзін-
өзі дамыту үдерістері атқарады. 
Білім 
беру 
ортасы 
тұлғалық-кəсіби 
ілгері 
дамушы 
мүмкіндіктерден  тыс  қарастырыла  алмайды.  Жоғары  кəсіби  білім 
беру  жүйесінен  өтіп,  адам  ғылымды  жəне  болашақ  кəсіби  іс-
əрекеттің  бірқатар  тəжірибесін  қарапайым  қабылдамауы  керек,  ол 
өзінің əлемді қабылдаудағы жəне əлемге қатынасында көпдеңгейлі 
жəне көпқырлы бағыттылықты меңгеруі, санада келесі деңгейлерде 
көрініс беретін өзіндік болмысының мəні мен құндылықтары туралы 
сенімділігін  қабылдауы  қажет:  жалпы  деңгей  (адамзатқа  қатынас), 
ерекше деңгей (өзіндік отанына қатынас); бірегей деңгей (нəтижелі 
түрде  өзін-өзі  жүзеге  асыру),  яғни  мұндай  адамның  санасындағы 
əлемнің бейнесі түйіскен, айқындалған мəндер арқылы көрсетілген. 
Білім  беру  мекемесінің  шекарасынан  шығып,  мұндай  адам  жеке 
өндірістік  салада  жоғары  білікті  маман  болу  мақсатын  ғана 
қоймайды, сонымен бірге өз Отанын қайта жаңғырту үшін пайдалы 
болуды мақсат етіп қояды. 
Жоғары  оқу  орынының  қызметі  болашақ  педагогты  кəсіби 
əрекетке мақсатты даярлаумен қоса педагогикалық шығармашылық 
қызметке  əзір  болуға  дайындаумен  тікелей  астасып  жатуы  тиіс. 
Ол  болашақ  мұғалімнің  жалпы  мəдени,  əдіснамалық,  əдістемелік 
пəндерді меңгеру арқылы қамтамасыз етіледі. Мамандықты меңгеру 
барысында  олардың  ішкі  ашылмаған  мүмкіндіктері  іске  қосылып, 
жаңашыл педагог болуға қажетті таланттары, қабілеттері жетіледі. 
Бұл бағытта жүргізілген зерттеулер қатарына болашақ педагогтардың 
кəсіби дарындылығын дамыту мəселесіне арналған. 
Л.М. Нəрікбаева, болашақ маманның біліктілігін, шығармашылық 
əлеуетін  дамытуды  қарастырған  Б.А.  Тұрғынбаева  еңбектерді 
жатқызамыз.  Соңғысының  пікірінше,  педагогика  маманы  АКМЕ 

210
211
жағдайға  бірден  жоғарылай  қоймайды.  Ол  алдымен  шеберлік, 
кəсібилік,  құзырлылық  сияқты  сатылардан  өтуі  тиіс.  Бұл  ойлар 
біздің зерттеуіміздің пропедевтикалық бағыттылығын айқындайды. 
Aкмеологиялық  тұрғыдағы  кəсіби  əрекетке  дайын  маман  бойында 
болуға  тиісті  тұлғалық  қасиеттердің  міндетті  минимумына  мына 
төмендегілер  жатқызылады:  өзге  адамды  оң  қабылдау;  серіктесті 
белсенді  эмпатиялық  тұрғысынан  қабылдау;  өз  сезімдері  мен  эмо-
цияларын  шынайы  білдіру;  ар-ұят;  шыншылдық;  толеранттылық; 
шығармашылық  белсенділік;  азаматтылық  деген  болар  едік.  Тек 
осындай ізгілік қасиеттері бар педагогтар басқаны төмендетпей, өз 
биігіне көтеріле алады, биікте тұрып басқаларға шарапатын шаша-
ды. 
Бұл  ойларымызды  жоғарғы  оқу  орнында  болашақ  мамандарды 
рухани-адамгершілікке тəрбиелеу мəселесін қарастырған Г.А. Ома-
рова, Р.А. Mукажанова еңбектерінен де көруге болады. Олар білім 
беруді ізгілендіру тұрғысынан бес ұстанымды ұсынады: 
– жалпы адамзаттық құндылықтар ұстанымы; 
– ғылыми-зерттеу іс-əрекеті барысында тұлғаның өзін-өзі дамы-
туы ұстанымы; 
– бірыңғайлық ұстанымы; 
–  əлеуметтік  өзара-əрекеттесу  немесе  қоғамға  қызмет  ету  ұс-
танымы; 
– мəдени тұрпаттылығы ұстанымы. 
Нəтижесінде,  жоғары  кəсіби  білім  беру  ортасы  адамның  өз 
өмірін  адамгершілік  тəжірибемен  толықтыруды  үйлестіре  оты-
рып,  болмысының  қосымша  өлшемдерін  саналы  ұғынуының 
мүмкіндіктерін  қамтамасыз  етуге  бағытталуы  керек.  Дəл  осын-
да  оның  психологиялық-акмеологиялық  мəні  (білім  беру  жүйесі) 
құралады. 
Өзін-өзі дамыту саласында тұлғалық сапа жəне шығармашылық 
ретінде  креативтілікті  дамыту,  адамға  өмірлік  жолдағы  даму 
үдерісінде өзін-өзі жүзеге асыру алгоритмін құруға мүмкіндік береді: 
• өзін-өзі дамыту саласындағы мақсаттың болуын саналы ұғыну;
•  іс-əрекет  жəне  өзара  əрекет  жағдайында,  акме-бағдарланған 
өзіндік  өзгерістер  үшін  мүмкіндіктерді  саналы  ұғыну  жəне  осы 
мүмкіндіктерді  өзін-өзі  жүзеге  асырудың  өзіндік  жобасымен 
арақатынаста  ұстау,  яғни  жағдайларды  акме-оқиғалар  ретінде 
қабылдау;
•  өзіндік  ресурстарды,  сонымен  бірге  объективті  жəне  субъек-
тивті кедергілерді аса нақты саналы ұғыну;
•  өзін-өзі  дамытудың  оңтайлы  жоспарларын  жəне  бағдарла-
маларын құрастыру;
•  іс-əрекеттің  жəне  өзін-өзі  дамытудың  нəтижелерінің  ықти-
малдығын жəне маңыздылығын дəл бағалау;
•  энергетикалық  жəне  уақытша  шығындардың  оңтайлы  шама-
сында өзін-өзі жүзеге асырудың жоғары деңгейіне жету. 
Осылайша,  шығармашылықтың  адамның  өзін-өзі  дамытудың 
механизмін  көрсетудің  нақты  формаларының  бірі  болады  деп 
санауға болады. Шығармашылықтың нəтижесі ретінде, материалды 
шығармашылық өнімдер ғана емес, сонымен бірге тұлғаның өзінде 
болатын өзгерістер: қабілеттерді ашу, шығармашылық біліктер мен 
дағдыларды жетілдіру алынады. 
Мамандардың  кəсіби-шығармашылық  іс-əрекеті  тұлғаның 
кəсібилігі  жəне  шеберлігі  арқылы  қарастырылады.  Акмеологияда 
тұлғаның  кəсібилігі,  кəсіби  маңызды  жəне  тұлғалық-іскерлік 
сапалардың  жоғары  деңгейін,  кəсібиліктің  акмеологиялық  ин-
варианттарын,  креативтіліктің  жоғары  деңгейін,  қалаулардың 
адекватты  деңгейін,  маманның  ілгері  дамуына  бағытталған 
мотивациялық  саланы  жəне  құндылық  бағдарларды  көрсететін 
еңбек  субъектісінің  сапалық  сипаттамасы  ретінде  түсіндіріледі  
(А.А. Деркач).
Өкінішке  орай,  акмеологиялық  тұғырлар  жоғары  мектептің  бі-
лім беру тəжірибесіне жеткілікті кең ауқымда енгізілмей келеді. Бұл 
акмеологияның  ғылым  ретінде  қалыптасу  үдерісімен,  оның  пəнін 
табиғи  нақтылаумен,  сонымен  бірге  жоғары  мектептің  жекеленген 
оқытушыларының  акмеологиялық  білімнің  өзгешелігін  жеткіліксіз 
түсінбеуімен байланысты болады.
Жоғары кəсіби білім берудің Мемлекеттік білім беру стандарты-
на сəйкес, кəсіби-педагогикалық іс-əрекеттің негіздері дəстүрлі түр-
де психология жəне педагогика пəндерінде, негізінен 1-3 курстарда 
қарастырылады.  Оқытудың  аталған  кезеңінің  мəселелерінің  бірі 
ретінде,  студенттердің  педагогикалық  іс-əрекетпен  əрі  қарай 
айналысуға  деген  мотивацияның  қалыптасуының  біржақты  бол-
мауы,  кəсіби  өзін-өзі  анықтаудың  күрделілігі  мен  қарама-қайшы-
лығы алынады. «Кəсібилік», «педагогикалық шеберлік», «нəтижелі 
педагогикалық іс-əрекет» ұғымдары  төменгі курстарда студенттер 

212
213
үшін  тұлғалық  дəрежеде  аса  маңызды  болмайды,  сондықтан 
формалды  түрде  меңгеріледі.  Өкінішке  орай,  бұл  білімдер  бола-
шақ  маманның  санасында,  жоғары  курстарда  қажетті  деңгейде 
əрдайым  жүйеленбейді  жəне  интеграцияланбайды.  Пəндердің 
психологиялық-педагогикалық курстары жеткілікті біріктірілмеген, 
ал пəнаралық байланыстардың жүйелі емес сипаты болады. Жоғары 
курстарда психологиялық-педагогикалық білім, пəндік сала арқылы 
көрсетіледі  (əдістемелік  білім),  бұл  айқын  жеткіліксіз,  себебі 
білім  берудің  бұл  саласында  болашақ  кəсіпқойдың  педагогикалық 
бағыттылығын  жəне  құзыреттілігін  қалыптастыру  үшін  басты 
«уақыт  пен  кеңістік»  болып  саналады.  Мұндай  интеграция  мен 
жүйелеуді тек акмеологиялық білім жүзеге асыруға қабілетті болады. 
Акмеологиялық  білімнің  оны  психологиялық  жəне  кəсіби 
білімнен айрықшалайтын өзгешелігі болады. 
Біріншіден,  бұл  өзінің  мəні  бойынша  кəсіби  іс-əрекет  жəне 
оның  тиімділігінің  факторлары  туралы  интеграциялық  білім 
болып  саналады.  Бір  жағынан,  ол  адамның  индивид,  тұлға,  іс-
əрекет  субъектісі  жəне  даралық  ретінде  біртұтас  ұғымдарға 
(жаратылыстану,  физиология,  гигиена,  валеология,  психология, 
əлеуметтану) сүйенеді, ал екінші жағынан – педагогикалық жүйелер 
теориясына (педагогика) сүйенеді. 
Екіншіден,  акмеологиялық  білім  бастапқыда  тұлғалық  бағ-
дарланған,  себебі  іс-əрекетті  тиімді  жүзеге  асырудың  жалпы 
заңдылықтарын  ғана  қарастырмайды,  сонымен  бірге  адамның 
кəсіби іс-əрекетінің дара стилін жалпы заңдылықтарды есепке алып 
қалыптастыратыны ерекше маңызды болып саналады. 
Үшіншіден,  акмеологиялық  білім  біршама  технологиялық,  
себебі  əрбір  студентті  өзінің  шығармашылық  əлеуетін,  дара-
лығын  айқындау,  дамыту  жəне  жүзеге  асырудың  тек  оған  тəн 
алгоритмдерімен жəне тəсілдерімен қаруландырады. 
Жоғары кəсіби білім берудің көпсатылы жүйесінде мамандарды 
даярлауды жетілдіру, ең алдымен, студенттерді өзіндік тұлғалық жəне 
кəсіби дамытудың, барынша өзін-өзі жүзеге асырудың субъектілері 
ретінде  қалыптастырудың  құралдарын  жəне  ұйымдастырушылық-
педагогикалық жағдайларын іздеумен байланысты. 
Мұның  бəрі  жоғары  кəсіби  білім  беру  жағдайында,  кəсіби 
даярлаудың  мазмұнындағы  акмеологиялық  идеяларды,  принцип-
терді,  заңдылықтарды  жəне  технологияларды  аса  мақсатты 
бағытталған тұрғыда қолдануды талап етеді. 
Осылайша,  жоғары  кəсіби  білім  беру  жағдайында  мамандарды 
акмеологиялық даярлаудың жүйесін құрастыру туралы сөз қозғауға 
болады. Акмеологиялық білімді білім беру саласында мамандарды 
кəсіби  даярлаудың  мазмұнына  ендірудің  бірнеше  жолдарын 
айқындауға болады. 
Олардың  бірі  ретінде,  психологиялық-педагогикалық  норма-
тивті курстағы акмеологиялық идеяларды айқындау жəне білім бе-
ру  үдерісінде  акмеологиялық  технологияларды  қолдану  алынады. 
Ол үшін: 
•  Мамандарды  психологиялық-педагогикалық  кəсіби  даярлау-
дың мазмұнында «акмеологиялық тіректі» табу;
•  Оқытылатын  курстардың  мазмұнында  акмеологиялық  идея-
ларды ашу үшін қолданылатын негізгі, тіректі ұғымдарды үйлестіру, 
акмеологиялық глоссарий құрастыру;
•  Жоғары  кəсіби  білім  берудің  əртүрлі  сатысында  мамандар-
ды  кəсіби  даярлаудың  мазмұнындағы  акмеологиялық  модульдерді 
айқындау;
• Студенттер-болашақ мамандарды акмеологиялық диагностика-
лау əдіснамасын, процедурасын құрастырудағы негізгі бағыттарды 
жəне тұғырларды анықтау қажет. 
Басқа, маңызды жолдың бірі – өзіндік акмеологиялық пəндердің 
бағдарламасын  құрастыру  жəне  оларды  Мемлекеттік  білім  беру 
стандартының  ұлттық-аймақтық  (ЖОО)  компоненті  жəне  таңдау 
курстары есебінен ендіру болып табылады. 
Осылайша,  жоғары  кəсіби  білім  берудің  көпдеңгейлі  жүйесі, 
мамандарды  акмеологиялық  даярлау  жүйесін  құрудың  мүмкіндігін 
ұсынады. 
Мұндай тұғырда бір мезгілде бірқатар маңызды педагогикалық 
мəселелер шешіледі:
Біріншіден,  тəжірибелік  пайдалы  маңыздылығы  бар  кəсіби 
психологиялық-педагогикалық  білімді  студенттердің  саналы  түрде 
меңгеруі жүзеге асады. 
Екіншіден,  студенттердің  психологиялық-педагогикалық  жəне 
акмеологиялық диагностика мен өзіндік диагностиканың əдістерін, 
əдістемелерін тəжірибелік тұрғыда меңгеруі жүзеге асады. 
Үшіншіден,  бұл  студенттердің  өзіндік  мəселелерін  саналы 
ұғынуына,  мотивациялық  өзін-өзі  дамытуға,  өзін-өзі  жетілдіруге, 
кəсіби іс-əрекеттің дара стилін саналы қалыптастыруға, жеке білім 
беру жəне кəсіби маршрутты таңдауына ықпал етеді. 

214
215
Сонымен,  студенттердің  психологиялық-кəсіби  айналымдағы 
пəндерге  жəне  педагогика,  психология  жəне  акмеология  саласын-
дағы  ғылыми-зерттеу  іс-əрекетіне  деген  қызығушылықтары 
объективті  түрде  артады,  болашақ  мамандардың  педагогикалық 
бағыттылығы жəне кəсіби өзіндік санасы қалыптасады. 
Акмеологиялық тұғырда кəсіпқойларды даярлау мен жетілдіру-
дің  алуан  түрлі  аспектілерін  ескеріп,  шығармашылық  қабілеттерін 
дамыту мəселесі басым болады: 
1.  Зерттеудің  жас  аспектісі  педология  құралдары  арқылы  (ба-
лалар  мен  жастарды  зерттейді),  ересектер  андрогогикасы  (сту-
денттер  мен  кəсіпқойларды  зерттейді)  жəне  геронтология  (еңбек 
ардагерлерін  зерттейді)  құралдары  арқылы  нышандар  мен 
қабілеттерді диагностикалауға бағытталған. 
2.  Білім  беру  аспектісі  жалпы,  кəсіби  жəне  үздіксіз  білім  беру 
жүйесінде  білім  жəне  біліктерді  диагностикалауға  жəне  дамытуға 
бағытталған. 
3.  Кəсіби  аспект  кəсіби  жарамдылықты  анықтау,  аталған  еңбек 
түріне жəне оның үдерісі мен нəтижесіне əлеуметтік жауапкершілік 
дəрежесіне  психологиялық  дайындықты  айқындау  арқылы  еңбек 
іс-əрекетін  жүзеге  асырудың  мүмкіндіктерін  жəне  нəтижелерін 
анықтауға бағытталған. 
4.  Креативті  аспект – шығармашылық  үдерісінде  алынған 
инновациялардың  əлеуметтік  мəнділігін  бағалау,  рефлексивті-
инновациялық əлеуетті шеберлік дəрежесіне жетілдіру, кəсібиліктің 
деңгейін  айқындау  жолы  арқылы  жұмсалатын  күш-қуаттың  жəне 
оны жүзеге асырудың жетістігін  анықтауға бағытталған. 
5.  Рефлексивті  аспект,  тұлғаның  дамушы  «Мен»  ретінде 
өзіндік  санасымен  жəне  кəсіби  іс-əрекет  үдерісінде  коммуникация 
серіктестерін  түсінумен  байланысты,  ол  адамды  кəсібилендірудің 
айқындалған  акмеологиялық  аспектілерінің  оңтайлы  өзара  сəй-
кестігін қамтамасыз етіп, жүйе құраушы болып саналады. 
Ойын  рефлексиясының  құрастырылған  дара,  диалогты  жəне 
топтық  тəсілдері,  білімгерлердің,  студенттер  мен  кəсіпқойлардың 
кəсіби-шығармашылық  міндеттерді  шешу  рефлексияны  наси-
хаттаудың  интенсивті-ойын  əдістерін  қолдану  жағдайында 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. 
Жаңа  мүмкіндіктер  мен  ресурстарды  іздеудің  конструктивті 
жолдарының бірі, инновациялық жоғары технологияларды құрумен 
байланысты,  ол  байланыс  дəстүрлі  өндірістік  салада  ғана  емес, 
сонымен  бірге,  адамзат  іс-əрекетінің  басқа  салаларында,  атап 
айтсақ  акмеологияда  болады.  Мамандардың  жоғары  кəсібилігі 
жəне  шығармашылық  шеберлігі – өзекті  мəселелерді  оңтайлы 
шешудің  факторы  болатын  маңызды  адамзат  ресурстарының  бірі 
болып табылады. Əлеуметтік-мəдени контексте жаңа интегративті-
кешенді  ғылым – акмеология  ерекше  мəнге  ие  болады,  ол  кəсіби-
лікті  жəне  шығармашылықты  дамытудың  заңдылықтарын  жəне 
технологияларын зерттейді. 
Акмеология  адам  өмірінің  əртүрлі  сатыларында  кəсіби  іс-
əрекетінің  (шығармашылық  жетістік,  əлеуметтік  танылу,  жеке 
жетістік  түрінде)  нəтижелілігіне  ерекше  зейін  аударып,  адам 
болмысының  диахрондық  аспектісін  зерттейді.  Акмеологияның 
тіректі  мəселелерінің  бірі  ретінде,  адамның  кəсіби  іс-əрекеттің 
алуан  түрлерінде  шығармашылық  əлеуетін  қалыптастыру  жə-
не  дамыту  мəселесі  алынады.  Акмеологиялық  мəселелер  жиын-
тығындағы  жас  ерекшелік  тұғырдың  үлгілеріне  сəйкес,  кəсіби 
шығармашылықтың 
нəтижелілігі, 
əлеуметтік 
факторлармен  
негізделген  (білім  беру, мансап жəне т.б.), адамның жас ерекшелік 
мүмкіндіктерін  ашудан  туындаған  кумулятивті  əсер  ретінде 
түсіндіріледі. Мұнда акмеологиядағы жүйелі-функционалды тұғыр 
балама  қызметін  атқарады,  соған  сəйкес  аталған  тұғыр,  өзінің 
дамуында  шығармашылық  шеберліктің  оңтайлы  сатыларына 
жəне  белгілі  қоғамдық  танылуға  жететін,  кəсіби  іс-əрекетте  (оның 
мəдениеттанушы, əлеуметтанушы, психологиялық, физиологиялық, 
генетикалық  жəне  басқа  детерминанттарын  ескеріп)  жетістікке 
жетелейтін,  адамның  шығармашылық  əлеуетін  қалыптастыру 
үдерістерін 
зерттеуге 
бағытталған. 
Жетістіктің 
маңызды 
психологиялық ерекшелігі ретінде, оның əрдайым нақты болатыны, 
іс-əрекет  субъектісінің  ұзақ,  қарама-қайшылықты,  кикілжіңді 
дамуының нəтижесі болатыны алынады. 
Қазіргі  кезде  «субъект»  жəне  «субъектілік»  ұғымдары 
психологияда  ғана  емес,  сонымен  бірге  акмеологиядағы  жетекші 
ұғымдар  болып  табылады.  Соған  байланысты,  салалас  ғылыми 
пəндерде қолданылатын, классикалық акмеологияның құрылымын-
да тұрақталған категориялар ретінде, «субъект» жəне «субъектілік» 
ұғымдарын  талдау  жəне  саналы  ұғынуды  қамтитын  əдіснамалық 
рефлексиядағы қажеттілік артып келеді. 

216
217
Қазіргі  заманауи  өмір  субъект  жəне  субъектілік  феномендерін 
зерттеу  үшін  аса  қолайлы.  Бір  жағынан,  еркіндік,  өзін-өзі  жүзеге 
асыру,  креативтілік,  жауапкершілік  сияқты  ұғымдар,  жеке  жəне 
əлеуметтік құндылық ретінде танылды. 
С.Л.  Рубинштейн  бойынша,  субъект – бұл  адамның  өзінің 
əлемдегі  адамзаттық  мəнін  жүзеге  асыру  тəсілі.  Сөз  жоқ,  мұндай 
анықтама  өте  ауқымды.  Субъектінің  тар  мағынасы – іс-əрекет 
субъектісі,  қарым-қатынас  субъектісі,  өзін-өзі  дамыту  субъектісі, 
ұжымдық субъект. 
А.В. Петровский жəне В.А. Петровскийлердің теориясы бойын-
ша,  персонализация  өзіндік  детерминациялайтын  үдеріс  ретінде 
қарастырылады,  себебі  тұлғаның  экзистенциалды  қажеттілігіне 
сəйкес,  ол  тұлғаның,  субъектінің,  əлеуметтік  байланыстардың 
таңбасын алатын ресурс ретінде қолданылады. 
Бұл  өзіндік  белсенділіктің  детерминациялаушы  бастау  рөлін 
атқаруға  мүмкіндік  беретін,  тұлғаның  өзін-өзі  жүзеге  асырудың 
сапалы  деңгейі  ретінде,  кемелденуінің  белгілі  деңгейінде  пайда 
болатын  шынайы  субъектілік  туралы  акмеологиядағы  ұғымдармен 
сəйкес келеді. 
Кемелденген тұлға іс-əрекет субъектісі ретінде, қайта құрушы іс-
əрекетке арналған құралдарды құру, таңдау немесе қолдану қабілеті 
арқылы көрінеді. 
Акмеологиядағы  іс-əрекеттің  субъектілі-тұлғалық  маңызды 
сипаттамаларының  қатарында  «кəсібилік» (А.А.  Бодалев,  В.Г.  За-
зыкин,  А.К.  Маркова  жəне  т.б.), «шеберлік»  жəне  «құзыреттілік» 
ұғымдары  болады.  Аталған  үш  ұғым  іс-əрекетті  жетілдірудің 
бағытын,  өлшемдерін,  оны    жүзеге  асырудың  жоғары  сапасы  мен 
деңгейін білдіреді, яғни тікелей  акмеологияның пəніне жауап бере-
ді. 
Көпшілік  қазіргі  заманғы  зерттеушілер,  кəсібилікті  іс-əрекет 
субъектісінің  ерекше  сипаттамасы  ретінде  қарастыруға  бейім 
болады.  Н.В.Кузьмина  бұл  сипаттаманы  субъектінің  кəсіби 
міндеттерді  шешудің  қазіргі  заманғы  мазмұнын  жəне  құралдарын 
меңгеру шамасымен, сонымен бірге оны жүзеге асырудың нəтиже-
лі  тəсілдерімен  анықтайды.  Сондықтан  акмеологиядағы  кəсібилік, 
құзыреттілік жəне шеберлік субъектінің міндетті атрибуттары болып 
саналады. 
Н.В.  Кузьмина,  А.А.  Деркач  жəне  басқа  ғалым-акмеологтар 
өздерінің  еңбектерінде,  тұлғаның  кəсібилігінің  тұлғаның  өзіндік 
кəсіби  іс-əрекет  субъектісі  ретінде  қалыптастырумен,  өзін-өзі  да-
мыту,  өзін-өзі  жүзеге  асыру  қабілеттерімен  тікелей  байланысты 
екендігі  туралы  тұжырым  жасайды.  Осы  акмеологиялық 
тұжырымдаманың  аясында,  субъект  өзекті  қарама-қайшылықты 
шешуді талап ететін, өзіндік белсенділікті өзін-өзі анықтау жүйесі-
нің,  өзін-өзі  ұйымдастыру,  өзіндік  детерминациялаудың  белгілі 
деңгейі ретінде түсіндіріледі. 
Субъектілік  тұлғалық  жəне  психикалық  мүмкіндіктерді  өзіндік 
ұйымдастыруда, ішкі белсенділікті теңдестіруде, іс-əрекетті объек-
тивті ұйымдастыруда көрініс береді. Бұл тұлғаның ішкі жəне сыртқы 
ресурстарды қолданудағы, қойылған мақсаттарды жүзеге асырудағы 
белсенділік шамасы болып саналады. 
Субъектілік – бұл  ресурстарды  қолданудың  тиімділігін 
арттыруды іздеуде қайта қарастыруға мүмкіндік беретін инструмент. 
Соған  байланысты,  акмеологияда  субъектіліктің  құрылымдарын 
қарастыруда,  үш  негізгі  өлшем  ұсынылады:  белсенділік,  өзіндік 
сана,  өзіндік  дамыту.  Осы  үш  өлшемді  анықтау  келесі  идеяларды 
талдауға жəне біріктіруге негізделеді: 
•  адамның  өзіндік  тұжырымдауға  ұмтылысын,  өзіндік  белсен-
ділігін  детерминациялауды,  онтогенезде  адамның  субъект  рөлін 
атқару қабілетін дамытуды көрсететін субъектогенез идеясы; 
•  бастамашылдық  жəне  жауапкершілік,  ынталандырудың  ба-
сым  типтері,  тұлғаның  негізгі  бағдарлары,  қалаулар,  қанағаттану 
жəне  өзіндік  реттеу  сияқты  ұғымдар  арқылы  жүзеге  асуы  мүмкін, 
белсенділік субъектісі ретінде тұлғаның біртұтас психологиялық си-
паттамасы туралы субъектогенетикалық теорияның қағидалары;
• К.А. Абульханованың субъектіліктің көрінуі жəне оны диагнос-
тикалау мəселелері бойынша еңбектері. 
Осылайша,  айқындалған  өлшемдер  шынайы  субъектіліктің 
келесі жалпы сипаттамасын анықтауға мүмкіндік береді: 
•  адамның  қажеттіліктерінің  əрекеттік  жəне  өмір  жағдайлары 
ұсынған  мүмкіндіктермен,  тұлғалық  мəн  негізінде  оңтайлы 
арақатынас тұрғысындағы оқшауланбаған белсенділік (Э. Фромм);
•  бірінші  сипаттамамен  өзара  байланысты,  барлық  тұлғалық 
болмыстық кеңістіктердің оңтайлы тепе-теңдігі; 
•  өзін  субъект  ретінде  қабылдау  жəне  белгілі  позиция  ұстану, 
субъектілі позиция ұстануға деген ішкі қажеттілік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет