176
ақшасының 30-40 пайызын алып пайдалана беруіне болады. Келісім 2-5
жəне одан да көп жылдарға жасалады.
Келісім бойынша, егер астықты қабылдамаса, онда сол өнімнің
3 пайыз құнын төлейді жəне оны тасымалдауға шыққан шығын қоса
төленеді, егер келісілген уақытынан кейін қабылдаса 0,1 пайыз айып
төлейді, ал егер кешігу мepзімі 10 күнге жетсе, онда айып мөлшері 2
пайызға дейін өседі.
Контрактациялық келісімдерде өнімнің сапасына қарай, базистік
кондицияға сəйкес, үстеме ақы төлейді немесе салмағын, не ақшасын
кеміту шаралары да көрсетіліп жазылады. Барлық астықты қабылдауға
шыққан көлік шығынын мемлекет атынан дайындау мекемелері төлейді.
1988 жылдан бастап күшті бидай дайындауға арналған үстеме ақы
25-тен 100 пайызға дейін, ал қатты бидайға 150 пайызға дейін өсті.
Осы жасалған келісімдер облыстың, республиканың қабылдау
жоспарларының негізін құрайды. Осыған сəйкес өнімдерді сақтау, та-
сымалдау, шетелдерге сату, т.б. мемлекеттік-əлеуметтік жоспарлардың
нeгізі жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: