Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-тарау АСТЫҚТЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет114/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

10-тарау
АСТЫҚТЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ 
ЖОЛДАРЫ
10.1. Астық орудың технологиясын жетілдіру
Халықты жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету – тамақ 
өнеркəсібі саласының ең басты міндеті. Осы міндетті орындау-
да Қазақстанның да үлесі өте зор. Қазақстан ауылшаруашылық 
дақылдарының eгic көлемі жəне өндірілетін астық, үкіметке тапсыры-
латын астықты мөлшері жағынан ТМД елдерінде Ресей мен Украина-
дан кейін үшінші орын алады. Қазақстан астығын тауарлық, сапасы 
өте жоғары республиканың барлық облыстарында тек күшті, бағалы 
жəне қатты бидайдың сорттары егіледі. Олар басқа елдерден төмен 
сапалы бидайдың технологиялық қасиеттерін жақсартуға пайдала-
нылады, шет мемлекеттерге сатылады. Осындай бағалы бидай өндіру 
жөніне Қазақстан бірінші орын алады. Жоғары сапалы бидай көбінесе, 
солтүстік, орталық, шығыс жəне батыс облыстарында өсіріледі. 
Соңдықтан Қазақстанда барлық ауылшаруашылық дақылдарының 
ішінде бидайдың үлесі салмағы 73-тен 92 пайызға дейін жетеді.
Астық өндірісінде оның сапасы бірінші орынға қойылады. Астықтың 
сапасы дегеніміз – өте күрделі фактор. Ол ауыл шаруашылығында 
себілген тұқымнан бастап, оны үкіметке тапсыру, тазалау, өңдеу, ең 
ақыры тамақ өнеркəсібінде нан пicipy үдерісімен аяқталады. Осы 
үдерістерге көптеген адам күші, машиналар мен аппараттар қатысады.
Ауыл шаруашылығында ең шешуші фақторларға дақылдың сорты, 
оны өсірудің технологиясы, ауа райы мен жер қыртысының құнары, 
зиянды жəндіктер мен аурулардың зардабы астықты орып-жинаудың 
тəсілдері жəне көптеген басқа да жайттар жатқызылады. Астықтың са-
палы болуы осы көрсетілген факторларды мүлтікciз орындауға байла-
нысты.
Астықты өcipy тек жазда ғана болатын науқандық жұмыс, ал оны 
тамақ өнеркəсібінде жыл бойы үздіксіз пайдаланады. Соңдықтан астық 
сақтау орындары қызметкерлерін астықтың сапасын арттыруда ала-
тын орны ерекше. Халықтың «даладағы астық астық емес, коймадағы 
астық астық» деген мақалы өте орынды. Астықтың өзіне ғана тəн, 
басқа ешқандай тамақ өндірісінде пайдаланылатын шикізаттарда 


170
кездеспейтін ерекшелігі – оның шексіз сақтауға шыдамдылығы. 
Астықты жақсы сақтау үшін ол толық піскен кезінде орылып жиналған, 
құрғақ жəне таза болуы керек. Соңдықтан қоймадағы астықты, оның 
сапасын төмендетпей, толық сақтау үшін:
– егін орағын алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланып, тез 
жəне сапалы жүргізу;
– астық өткізушілерден астықты дер кезінде, прогрессивтік, мыса-
лы, сағаттық график əдісімен тасып жеткізу;
– астықтың сапасын алдын ала ауылшаруашылық мекемелерінің 
өзінде анықтау;
– астық қабылдау мекемелерінің технологнялық базасын науқанға 
тыңғылықты əзірлеу;
– астықты дұрыс қабылдау, үлкен астық партияларын жасақтап, олар-
ды тазалау, кептіру, т.б. астықты коймаға құю науқаның біp мерзімде 
жүргізу (қоймаға тек кондициясына жеткізілген астықты ғана құю, 
оның көп уақыт бойы сапасын төмендетпей сақталуын қамтамасыз 
етеді) сияқты шараларды іске асыру қажет.
Қазақстанның солтүстік жəне шығыс облыстарында өсі 
ріл-
ген астықтың бірқатары орақ кезінде немесе астық өткізушілердің 
қырмандарында, ылғалдылығы жоғары болғандықтан өніп, өзінен-өзi 
қызып бұзылады. Мұндай астықтың сапасы кенет төмендейді. Бұл 
көбінесе, орақтың кесірінен болады. Сондықтан піскен астықты тез 
түгел жинап алу проблемасы барлық ауылшаруашылық құрылымын 
зерттеу мекемелерінің, шаруашылық, мамандарының алдына қойылған 
кезек күттірмейтін міндеттердің бipi болып есептеледі.
Күз ерте түскен жылдары, егін орағы жауын-шашынға ұрынып, 
өнімнің 20-30 пайызға дейінгі бөлігі шіріп кетіп жүр. Бұл кемшілікті 
жоюдың бip жолы – өте ерте пісетін астықтың сорттарын шығару. 
Бірақ ол өсімдіктер өзінің қысқа өмірінің ішінде жоғары өнім бай-
лап үлгере алмайды да, олардың түсімі төмен болады. Сондықтан 
ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу мекемелерінде ерте пісетін 
астықтың түсімін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Қaзipгi кезде астықты орып жинаудың жаңа озық технологиясын ой-
лап табу да өзінше маңызды орын алады.
Қазақстанда астықты орып жинау eкi əдіспен жүргізіледі: бірінші 
– комбайнмен бірфазалы немесе тікелей орып-жинау. Екінші – фазалы 
немесе ору мен бастыру жұмыстарын eкi бөлек жүргізу əдісі. Бұл екі 
əдістің өздерінше лайықты жетістіктері де, кемшіліктері де бар.
Комбайнмен тікелей бip фазада орып-жинау əдісі (Г. В. Коренев, 


171
А. П. Тарасенко, 1983) астық толық түскен кезде, оның ылғалдылығы 
16 пайыздан төмен болған кезде жүргізіледі де, өте жақсы нəтиже 
береді. Бұл əдic бойынша, орақ 7-8 жұмыс күн ішінде біту керек. 
Қaзipгi миллиондаған гектар астықты мұндай мерзім ішінде орып-жи-
нап алу мүмкін емес. Егер астық түскен мезгілінде орылмай, сабағында 
тұрып қалса, жауын-шашынның, ауа қозғалыстарының, құстардың 
əрекетінен оның масағындағы ipi дəндер төгіліп, түсімi азаяды. Бұған 
тышқандар да көмектөседі. Соңдықтан мұндай тұрып қалған астықтың 
орағы қанша күн кешіксе, соншама түсімнің мөлшері де, сапасы да 
төмендейді. Г. В. Кореневтің мəліметтеріне қарағанда, осы жағдайларға 
байланысты өнімнің 15-20 пайызы шығын болады. Орыс ғалымы Е. Д. Ка-
заковтың (1964) мəліметі бойынша eгic орағы кешеуілдесе, оның зиян-
ды жəндіктермен зақымданған дəндерінің үлеci де өceдi.
Қазақстанның онтүстігінде тасбақа сары ала қоңыздар көбінесе, 
күздік бидайға көп зақым келтіреді. Олар дəнді балауыз жəне толық 
пicкен кезеңдерінде көбipeк зақымдайды. Олар дəнмен қоректену үшін 
өзінің ұзын тұмсығы арқылы дəннің қабыршағын теciп, оның ішіне 
өзінің түкірігін жібереді. Түкіріктің ішінде əртүрлі органикалық зат-
тарды ыдыратып, сұйылтатын, ең алдымен, амилаза жəне протеаза 
ферменттері көп болады. Сол ферменттер дəннің эндосперміндегi крах-
мал мен ақуызды сұйылтып, қоңыздың сорып алуына мүмкіндік береді. 
Қоңыз қоректеніп біткен соң, ол ферменттер дəннің ішінде қалып қояды, 
дəнмен біргe кебеді. Осындай дəннің саны кей жылдары 5-10 пайызға 
дейін жетеді. Бұндай дəннің тыныс алуы жиілейді, сақтауға төзімсіз.
Дəннің өзі жеңіл болады. Астық піскеннен кейін тұрып қалса, 
қоңыздар, тіпті, өpшiп кетеді. Осыған сəйкес, онымен зақымданған 
дəннің саны тез өceдi, астықтың сапасы кенет төмендейді.
Қазақстанның солтүстігінде күз ерте түседі, басқаша айтқанда, жа-
уын-шашын ерте басталып, егін орағы қиындайды. Егінді тез орып 
алу үшін көптеген комбаиндар, автомашиналар жəне адам күші ке-
рек болады. Бұларды табу өте қиын. Соңдықтан осы аймақта астық 
орағына республиканың барлық ресурстарын түгел жұмылдыруға тура 
келеді. Осыған қарамастан өндірілген астықтың бірталай бөлігі жауын-
шашынға ұрынады. Ауа райының бұл ерекшеліктері астықтың өнімін 
тек азайтып қана қоймай, онымен бipгe жинап алынған астықтың сапа-
сын да өте төмендетіп жібереді.
Тікелей жинау əдісінің осындай кемшіліктерінің бірқатарын екі-
фазалық ору мен бастыруды бөлек жүргізу кезінде жоюға болады. Бұл 
əдіс астықтың балауызданып пicy кезеңінің аяқ кезінде, 5-6 күн ерте-


172
рек орақты бастай беруге мүмкіндік береді. Бұл əдіс бойынша егінді 
орып дестеге салады. Дестедегі астық тезірек кебеді жəне жоғарыда 
көрсетілген, астықтың түсімі жəне сапасының төмендеу көрсеткіштерін 
едəуip азайтады. Дестеде жатқан өсімдіктердің жапырағындағы, 
сабағындағы қоректік заттар масаққа тездеп жетіп, дəнге кұйылуы əлі 
де жалғаса береді, осының арқасында дəн əлі де тола береді. Бірфазалық 
əдіспен салыстырғанда, дəн төгілмейді. Е. Д. Казаковтың (1983) 
мəліметтеріне қарағанда, дестедегі дəннің ылғалдығы өте тез төмендеп 
бір грамм органикалық заттардың синтезіне кететін судың мөлшері 
азая ды. Осыған байланысты олардың тыныс алу үдерісі де баяулайды.
Дестедегі астық кепкен соң, оны жинап бастырады. Бұл əдістің тех-
нологиясы оқулықтың ауыл шаруашылығы бөлімінде берілген.
Егер астық дестеде ұзағырақ жатып жауынның астында 
қалса, Г. В. Кореневтің (1983) айтуынша, ол қайтадан ылғалдана 
бастайды. Бұл жағдайда ең алдымен дəннің түсі бұзылады, ағарады, 
оның тауарлық сапасы төмендейді, болмаса өніп те кетуі мүмкін. 
Сонымен бұл əдіс тек құрғақ ауада жүргізілгенде ғана талапқа сай 
нəтиже бере алады. Б. Т. Тарасовтың (1986) зерттеуіне қарағанда, 
қайта суланудың салдарынан туатын шығынның мөлшері кей жыл-
дары 40-50 пайызға дейін жетуі мүмкін. Бұл кемшілігі көбінесе, 
астықтың сапасына зиян келтіреді. Сонымен бұл əдістің де өзіндік 
кемшіліктері көп.
Осы қолданылып жүрген əдістермен қатар, қазір əр аймақтың өз 
ерекшеліктеріне қарай əртүрлі жаңа əдістер зерттеліп жатыр. Соның 
бipі – үшфазалы орып-жинау əдісі. Мұнда астықты орып, дестеге са-
лады да, ол кепкен соң барлық биологиялық массаны сабанымен қоса 
ұсатады да, содан кейін астықты қырманда тазалайды. Одан шыққан 
сабан-топанды қайта бастырады, яғни бастыру екі рет жүргізіледі.
Кубань даласында индустриалдық деп аталатын орақ технология-
сы тексерілуде. Мұнда астықты орып, жинап, ұсатып, осы ұсатылған 
массаны күшті желдеткіш арқылы түгелімен автотележкаға береді. Осы 
желдетудің күшімен ұсатылған масса 10 пайызға дейін кебеді. Содан 
кейін астықты бастырып, 70-95 пайызға дейін əбден кепкен жəне піскен 
астықты бөліп алады, ал қалған астықты екінші рет бастырып, сабан-
топаннан айырып алады. Оның сапасы дəл төмендеу болады, бipaқ оны 
бөлек жинап өңдеуге мүмкіндік туады.
Бұл əдістің жетістіктеріне егістікті орақ кезінде бірден тазалап кету 
мүмкіншілігін жатқызуға болады. Жер босаған соң, ол жерде зябь айдауды 
бастай беруге болады. Екіншіден, астық сапалы жиналады. Бұл əдіс жазы 


173
ұзақ, күзі құрғақ облыстарда жақсы нəтиже бере алады. Қазақстанның ауа 
райы жағдайында бұл əдіс тиімді нəтиже бере алмайды.
Қазақстанның астықты аймақтары мен батыс Ciбірдің жазы 
қысқа. Соңдықтан астықты тез жинап алу – қазіргі жағдайда ең кезек 
күттірмейтін міндеттердің бірi.
Екіншіден, шет мемлекеттерге шығарылатын күшті бидайдың 90 
пайызға жақыны Қазақстанда өндіріледі. Оның тауарлық түрін жəне 
сапасын қамтамасыз ету үшін, оны тек толық піскеннен кейін тез жи-
нап алу керек, тіпті, болмаса жауын-шашынға ұрындырмай сақтап, 
кептіруді камтамасыз ете бiлуiмiз керек.
Ресей механикаландыру институты жəне Ростовтың ГСКБ-мен 
бірiгiп, Қазақтың ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-
шаруашылық бірлестігі жаңа астық ору-бастыру технологиясын, 
оған керекті машиналардың кешенін шығарды. Бұл технология 
М. Г. Пенкиннің «Ауыл шаруашылығын механизациялау жəне 
электрификациялау» журналының 1984 жылғы 1, 1986 жылғы 8 
нөмірлерінде жəне «Қазақстанда орақ жұмысын интенсивтендіру» 
(Алматы, 1985) жəне Новосібірде шыққан «Жоғары ылғалды астықты 
үймекке салып бастыру» атты ВАСХНИЛ-дің еңбектерінде толық 
жазылған. Қысқаша бұл технология төменде келтірілген операцияларға 
негізделген. Егінді орып, оны жинап, үймекке салып, егістікті шетіне 
алып шығады да, кырманға жинайды. Белгілі уақыттан соң, оны 
комбайнмен немесе молотилкамен бастырады. Үймектің мөлшері 
6,0x2,8x3,2 м. Ол үймектердің астына сабан төселеді (0,04-0,05 м неме-
се 1 м
2
-қа 1 кг). Ауаның температурасы 25-31°С-та жиналған үймектегі 
массаның ылғалдығы 13-тен 17 пайызға дейін болғаны жөн. Осындай 
технологиялар АҚШ-та, Канадада (Д. Д. Арцыбашев, 1936), Ciбірде де 
(М. С. Буддо, 1975) зерттелген жəне жақсы нəтиже берген.
Бұрынғы қолданылып жүрген технологиялармен салыстырғанда 
бұл əдістің көптеген артықшылығы бар: бірiншідeн, жауын-шашынның 
астында қалу қаупі жойылады, автомашина жəне адам күшінің керектігі 
жоқтың қасы. Осылай жиналған үймектер көп уақыт сақталып тұра 
береді. Оны қыста бастыруға да болады. Бұл уақытта автомашиналар 
тегіс босаған, халықтың да қолы бос.
Осы астықтың үймекте қалай сақталатыны, оның технологиялық 
жəне биохимиялық қасиеттері қазақ ғалымы Ə. Ізтаевтің (Ə. Ізтаев, 
1989) басқаруымен жете тексерілген. Осы авторлардың ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, Қазақстанда осы табиғи 
жағдайда кепкен астықтың өте жақсы сақталатындығын көруге болады. 


174
Ə. Ізтаевтің тексеруіне қарағанда, тəжірибе учаскелерінде жиын-тepiн 
астықтың ылғалдығы 30 пайыз, сабанның ылғалдығы 35 пайыз кезінде 
жүргізілген. Осы үймектерде 6-8 тəуліктен кейін астықтың ылғалдығы 
орташа 15 пайызға дейін төмендеген. Осы кезде жауған қатты жаңбырдан 
кейін, үймектің ең жоғары қабаты 30 см тереңдікке дейін су болғаны 
мəлім болған. Бұл қабаттың көлемі 12 пайыз жəне есеп бойынша осы 
қабатта биологиялық шығындар 0,4 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, 
үймектің ең астыңғы қабатының шеткі жиектерінде бірaз дəннің өнгені 
байқалған. Олардың мөлшері 0,2 пайыздан аспайды.
Бұл – технологияның жетістіктерінің бірi, онда астықты орып-
жинауға керекті уақыт қоры 37 пайызға дейін көбейеді. Бұл елеулі 
фактор. Екіншіден, орақ жұмысы тездеп, ал астық бастыру жұмысы 
ауа райымен ешқандай байланысы болмайды. Астық бастырғанда 
кездесетін биологиялық жəне механикалық шырындар eкi ece (5,03-
тен 2,44 пайызға дейін) төмендейді. Бұл əдістің өте тиімді екенін 
Е. Я. Улицкий де (1986) дəлелдеген. Тағы бір айта кететін жағдай, 
астықты қыста бастыру өте қолайлы. Себебі оны үкіметке тапсы-
ру мерзімі өзгеріп, астық қоймаларында барлық астық тазалайтын 
машиналардың, астық кептіретін агрегаттардың жəне адамның 
да қолы бос кезінде келіп тіреледі. Осының салдарынан астықты 
кондицияға жеткізу мүмкіншілігі толық туады. Егер астықты қыста 
тапсыра қалсақ, онда элеватор жəне басқа да астық қоймаларының 
керегі де азайған болар еді.
Бұл технологияның бидайдың технологиялық қасиеттеріне 
тигізетін əcepi 1987-1989 жылдарға дейін тексерілмей келді. Біздің 
алған мəліметтерімізге қарағанда, астықтың сапасы жоғары деп 
бағаланады. Астықты қабылдау мекемелерінде көптеген күшті би-
дай партиялары, ылғалдығы жоғары болғандықтан түci бұзылуының 
салдарынан тек қатардағы бидай ретінде ғана қабылданып келді. 
Бұл үкіметке де, астық өткізушулерге де келетін үлкен зиян. 
Жаңа технология бұл кемшілікті де жою мүмкіншілігін береді. 
1987 жылы осы технология Алматы облысының, Қаскелең ша-
руа қожалығында, Ақмола облысының Климов атындағы шаруа 
қожалықтары сыннан өтті. Бұл сынақ кезінде кешенді агрегат 
ЖСС-10, Дон-1500 комбайны пайдаланылды. Қаскелең совхозын-
да астық орағы ауа құрғақ кезде (ауаның температурасы 30-35° 
астықтың балауызданып піскен кезеңінде) маусымның үшінші 
онкүндігінде жүргізілді. Бұл кезде астықтың ылғалдығы 26,7-29,5 
пайыз, сабанның ылғалдығы 32,0-34,3 пайыз болды. Үймектегі 


175
астықтың жəне оның сабанының ылғалдығы күнде тексеріліп, 
оның температурасын өлшеу арқылы шілденің аяғында ас-
тықтың толық кепкені белгілі болды, сапа көрсеткіштерінің 
төмендегендігі байқалмады. Осы eгic салыстырмалы түрде зерт-
теу үшін, тəжірибе учаскесінде астық комбайнымен тікелей орып 
та жиналады. Тəжірибелік үймектердегі астықтың сапасы əдеттегі, 
əдіспен жиналған астықтың сапасымен салыстырып тексерілді.
Осындай тексеру Ақмола облысында да жүргізілді. Онда астықтың 
ылғалдығы орақ кезінде 27,0-35,0 пайызға дейін, сабанның ылғалдығы 
36,5-56,5 пайыз болып, үймек салынып болған соң күздің ақ жауыны 
басталды. Соның өзінде үймектегі астық пен сабанның ылғалдығы 
күніне бірнеше пайызға дейін төмендейтіні сезілді, ал 15 тəуліктен 
кейін астықтың ылғалдығы 15,0-16,0 пайызға дейін, сабанның 
ылғалдығы 12,0 пайызға дейін төмендеді. Осы келтірілген мəліметтен, 
бұл технологияның өте тиімді екені айқын көрінеді. Осы сынақ ең ауыр, 
көп астық шipiп, шығынға ұшыраған 1987 жылы жүргізілді. Жүргізілген 
ғылыми-зерттеу жұмыстардың қорытындылары осы тəсілдің Қазақстан 
үшін қолайлы тəсіл екенін толық дəлелдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет