166
Тұрақты (негізгі) шек деп астық қабылдау кезінде астықтың сапа-
сына қойылатын шартты нормаларын айтады. Мемлекетке өткізілген
астықтың нарқы осы тұрақты шекке сəйкес қойылады. Бұл шек бо-
йынша астықтың ылғалдығына, дəнді жəне
шөп-шалаң қосындыларына,
көлемдік мөлшеріне тиісті норма қойылған.
Ең төменгі шек деп басқа қабылдау кезіндегі мемлекетік
қабылданатын астыққа қойылған ең төменгі шартты норманы айтады.
Астықтың сапасы осы шектен төмен болмаса қабылданады. Бұл шек-
те де жоғарыда көрсетілген сапалық көрсеткіштердің арнайы алынған
мөлшері көрсетілген. Бұл шектердің алдына мемлекетке тек қана толық
піскен, таза, құрғақ астық алынып, астық өткізетін жəне
оны қабылдап
алатын мекемелердің арасындағы қарым-қатынастарда бір мағынаға
келтіру мақсаты қойылған.
Мемлекетке тапсырылатын астықтың сапасы барлық уақытта,
диқаншылардан түскен астықта бірдей базистік кондицияға дəл сəйкес
болуы мүмкін емес. Ол көрсеткіштер базистік кондициядан не жоғары,
не төмен болуы мүмкін.
Қазақстанның солтүстік облыстарында базистік ылғалдылық
15 па
йыз, оңтүстік облыстар үшін 14 пайыз, белгіленген. Дəнді
қалдықтардың мөлшері жаздық бидай үшін 2 пайыз, күздік дидай үшін
1 пайыз, бір литр дəннің массасы 750 г\л, қатты бидай үшін 760 г\л
болып бекітілген. Егер өткізілген бидайдың сапасы осы көрсетілген ме-
жеден артық та, кем де болмаса, ол астықтың салмағы бірге бір есеппен
қабылданып, бағасы өз бағасымен төленеді. Егер астықтың сапасы осы
шарттан өзгеше болса, онда оның қабылданған салмағына,
төленетін
нарқына тиісті түзетулер енгізіледі. Ол түзетулер былай есептеледі.
Ол түсінікті болу үшін, осы түзетулерді екі топқа бөлген жөн. Бірінші
– натуралдық, екінші – ақшалай түзетулер. Натуралдық түзетулер
астықтың ылғалдығы мен шөп-шалаң қалдықтарына пайдаланылады.
Егер өткізілген дəннің ылғалдығы базистік кондициядан (14 пайыйздан)
төмен (мысалы, 12 пайыз) болсын дейік, ал шөп-шалаң қалдықтары тек
0,5 пайыз дейік. Сонда кеміген 14 – 12=+2 пайыз ылғалдығы үшін, 1,0 –
0,5=+0,5 пайыз шөп-шалаң қалдықтарының азайғаны үшін: 2,0+0,5=2,5
пайыз астық қосылып жазылады. Егер ұжым 100 тонна астық өткізсе,
оған 102,5 тонна өткізді деп жазамыз. Міне, осы түзетуді
қосып тапқан
сан (102,5 тонна) сынақтық салмақ деп есептеледі. Егер тапсырылған
астықтың сапасы базистік кондицияға қарағанда кері болса, ол екеуінің
қосындысы тапсырылған астықтың физикалық салмағынан алып таста-
лынады немесе есепке алынған салмағы 97,05 т деп жазылады.
167
Дəнді қосындылардың мөлшері тұрақты шектен қанша пайыз
жоғары болса, оның əр пайызына 0,1
пайыз ақша ұсталады, ал одан кем
болса, есепке алынбайды.
Көлемдік мөлшердің тұрақты шектен жоғары əр 10 грамына 0,1
пайыз үстеме ақша қосылады, ал одан кем болса, сол мөлшерде ақша
ұсталады.
Егер астықтың ылғалдылығы мен шөп-шалаң қосындыларының
мөлшері
тұрақты шектен жоғары болса, оны тазалау жəне кептіру
ақысы үшін олардың əр артық пайызына 0,3 жəне 0,4 пайыздан ақша
ұсталады.
Астық өткізушілер мен астық қабылдау мекемелері экономикалық
ынталандыру мақсатымен күшті жəне қатты бидайға үкімет қаулысына
сəйкес 1 класты қатты бидай 700, екінші класс – 580, үшінші класс
– 500, класқа жатпайтыны – 300, бірінші класс аса күшті
жұмсақ би-
дай (маңызы 32 пайыздан жоғары) – 500, екінші класс – 400, үшінші
класс – 300, төртінші класс – 235, осал бидай – сəйкесінше бағалармен
қабылданады.
Күшті бидай сорттарының тізімі жыл сайын үкімет денгейінде
қаралып бекітіліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: