159
Бірінші стандарттар Ресейде өткен ғасырдың 80-жылдары шет
мемлекеттермен сауда-саттық жасау басталғаннан кейін ғана іске
аса бастады. Онда бұл ұғым тек қана шетелге сатылатын астыққа
ғана қолданылып жүрді, ал 1923 жылдан бастап өз ішіміздегі халық
шаруашылығының барлық мекемелерін
бірімен-бірін тоғыстыру
үшін кең қолданыла бас тады. Сол жылы мемлекеттік астық инспек-
циясы ұйымдастырылды.
Қазіргі стандарттарды жəне оны басқаруды Мемлекеттік техникалық
реттеу комитеті (МЕМСТАНДАРТ) атқарады. Ол стандарт жасауды,
оны енгізуді жəне оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етеді.
Стандарттар өзара категория жəне түрлерге бөлінеді. Категорияға
мемлекеттік стандарттар (ГОСТ, МемСТ), салалық (ОСТ, ССТ),
республикалық (РСТ), мекемелік (МСТ) жəне технологиялық шарт (ТШ)
жатады. Мемлекеттік стандарттар ТМД елдерінің барлық аймақтарында
бірдей пайдаланылады. ОСТ –
тек осы салада, РСТ – тек республика
көлемінде, МСТ – тек осы мекемеде ғана қолданылады, ал ТШ (орысша
технические условия, ТУ) болса, ол мемлекеттік стандарттың бір тара-
мы ретінде, оның кейбір тармағын, əр жеке аймақтың жағдайына қарай
бөлек-бөлек шарттарды қолдануды қарастырады.
Стандарттардың түрлеріне
техникалық талаптар, астықтың сапасын
анықтау ережелері, т.б. түрлері кіреді.
Астықтың əр аймақтағы əртүрлі сапасына, оның пайдаланыла-
тын саласына байланысты көптеген стандарттар жасалған. Олардың
түрлері ГОСТ-та жəне осы оқулық авторларының «Астық
сапасын стан-
дарттау» кітапшасында берілген. Олардың бəрін түгел жазып жатуға
мүмкіншілік жоқ. Тек бір ғана бидайға жасалған стандартпен танысты-
рамыз, ал əр жасалған стандарттың негіздері
11-тарауда
беріледі.
С 12 тобы
ГОСТ 9353-85
1985 жылы 29 сəуірде бұрынғы мемлекеттік стандарт комитетінің
№60 қаулысымен бекітілген (бұл шарттың орындалуы заң жүзінде
қаралады).
Бұл стандарт үкіметке тапсырылатын жəне мал жеміне,
құрама жем-
дер жасауға пайдаланылатын бидайға арналған.