Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет104/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

8.10. Майлы тұқымды дақылдарды бағалау
Өсімдік майын халық шарушылығының көптеген салаларын-
да пайдаланады.Тамақ өнеркəсібінде тамаққа консерві жасауға, нан 
пісіруге, маргарин жасауға, техникада кір жуатын заттар глицерин, май 
қышқылы, жағар май алуға, медицинада дəрі жасауға пайдаланады.
Майлы тұқымдардан тамаққа пайдаланатын майды тек сығып қана 
алады. Ал техникалық майды экстракция тəсілімен бөліп алуға бола-
ды. Экстракция деп бензин, дихлорэтанмен ерітіп бөліп алуды айта-
ды. Барлық осы əдістердің алдына олардан неғұрлым түгелірек майды, 
басқа да керекті фосфоридтер сияқты денсаулыққа өте керекті заттарды 
бөліп алу жəне олардың күнжара жəне сығынды сияқты қалдықтарын 
мал азығы ретінде пайдалану мақсаты қойылады.
Зертханаларда дəннің майлылығын Сокслет əдісімен анықтайды. Ол 
əдіспен биохимия пəнінде танысамыз.
Майлы тұқымды дақылдардың технологиялық қасиеттеріне əр 
дақылдың өзіне меншікті жалпы көрсеткіштерден басқа ең алдымен 
майлылығы оны айырып алудың жолдары, алынған майдың сапасы 
қабығының шығымдылығы жəне майды бөліп алғаннан кейін алған 
қалдықтарды пайдалану жолдары тексеріледі.
Ресей ғылыми зерттеу Институты (ВНИИЖ) майлы тұқымдарды 
тез анықтайтын рефрактометр РЖқұралын шығарды. Бұл əдіс бо-
йынша бес грамм тұқымнан кеппейтін альфа-монохлорнафталин не-
месе альфа-монобромнафталин сияқты май еріткіштерді пайдаланып
бұл тұқымдардың майлылығын тез анықтайды. Бұл құралды еріт-
кіштермен майдың өз денелері арқылы өткен сəулені əртүрлі сындыру 
бұрыштарын табу, арқылы анықтайды.
Майдың қышқылдығын өзімізге таныс КОН немесе NAOH 
негіздерімен титрлеп табуға болады. Ол майдың ішінде қанша бос май 
қышқылы бар екенін көрсетеді. Майдың қышқылдығы өсіп жетілмеген 
немесе ылғалы жоғары қоймаларда сақталған өсімдік тұқымдарында 
көп болады. Ылғалы жоғары қоймаларда гидролиз көп жүріп май гли-
церин мен май қышқылдары бөлінеді де, майдың немесе майлы өсімдік 
тұқымдарының қышықылдығын жоғарылатады. Дəн тыныс алғанда 
да əртүрлі (пирожүзім, алма, сірке, т.б.) қышқылдар бөлінеді. Сөйтіп 


155
қышқыл заттардың бəрі дəннің ылғалдылығы көбейген жағдайда пайда 
болады.
Өсімдік майы, арахистың майынан басқасы, барлық уақытта 
сұйық болады. Сұйық майдың құрамында көптеген шынықпаған, 
қос байланыс 
ты май қышқылдары болады. Олардың саны бір май 
молекуласының құрамында бірден үшке дейін болуы мүмкін. Қос бай-
ланыстар өзіне оттегін қосып алып, – R ∙ R,R ∙ R май тотықтарына не-
месе R ∙ COOH қышқылына айналады. О – О – О май қышқылдары 
тотыққан кезде қышқыл немесе ащы дəмді, сасық иісті заттарға айна-
лады.
Майдың қышқылдығы май өнеркəсібі мекемелерінде ВНИИЖ 
тəсілімен майды негіздермен титрлеу арқылы анықтайды. Жақсы 
сақталған жаңа дəннің алынған қышқылдығы əр уақытта төмен болады. 
Күнбағыс майының қышқылдық саны 2,25 мл КОН-нан артық болмау 
керек. Егер одан көп болса, оны рафинирлайды, яғни майдан басқа зат-
тарды түгел бөліп алады. Майдың қышқылдығынан басқа, оның сапа-
сын – иісін, өңі-түсін, дəмін, мөлдірлігін, түбінде қалатын шөгіндісінің 
көлемін сенсорлық көз мөлшерлік əдіспен анықтайды.
Майдың ішінде аздаған еріген су болуы мүмкін. Ол май емес 
қоспалармен химиялық байланыста болады. Оның мөлшері 0,05 – 0,3% 
шамасында болуы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет