Сығынды шығу көлемі
Көлемдік масса, г/л
Ұсатылған заттың құрғақ затқа шаққандағы пайызы
сығымдылығы
ақуызы
700 г-нан артық
670-700
640-670
625-640
600-625
600-ден төмен
78,9
77,3
76,3
74,6
73,1
70,5
11,9
12,4
13,4
14,1
15,2
15,9
Уақыттың сығымдылығы көбейген сайын, сыраның да шығымы
да көбейеді. Ал көп сығымдылық тек ірі, 1000 дəнінің массасы 43-
47 г болғанда ғана болады. Ақуыздың көп болуы жақсы емес, ол
сыраның ішінде болатын жапырақ-жапырақ лай заттарды көбейтеді.
Сығымдылықтың мөлшері арпадағы крахмалдың пайызына да бай-
ланысты. Арпада крахмалдың көлемі 8-ден 22 пайызға дейін өседі.
Сондықтан крахмалдың мөлшері 60 пайыздан кем болмау керек.
Ақуыз, сағыз жəне дəннің шынылығы сыраның шығымын азайта-
ды, сапасын төмендетеді. Сондықтан ақуыздың мөлшері 12 пайыздан
аспау керек.
Арпаның қабығы 7,5-нан 15,0 пайызға дейін болады. Оның сы-
раны сүзуге пайдасы бар, 10 пайызға дейін қабық орналасқан сыра
ботқасынан таза кристалды сыра алынады. Егер ол көп болып кетсе,
онда аздап ащылау дəм пайда болады. Егер арпаның ішінде ұсақ немесе
піспеген көк дəн көп болса, олардан алынған ашыған ботқаның сапасы
төмен болады да, тауарлық түрі нашарлайды.
Қысқаша айтқанда сыраға арналған арпаны, тұқымға арналған астық
сияқты баптап сақтау жəне дайындауға керек.
Кейде арпа жоқ болса,оның орнына аршылған арпаны, оның ұнын,
майын алған жүгеріні жұмсақ бидайды, күріштің сағын тағы сол сияқты
бұзылмаған дəнді дақылдарды пайдалануға болады. Бірақ олардан
алынған сыраның сапасы төмен болады.
153
Достарыңызбен бөлісу: |