Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жарма алуға арналған дақылдардың технологиялық



Pdf көрінісі
бет97/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

8.4. Жарма алуға арналған дақылдардың технологиялық 
қасиеттерін анықтау
Дəнді жəне бұршақ тұқымдастарына жататын көптеген ауыл-
шаруашылық дақылдары жарма жасауға пайдаланылады. Оларды 
қысқаша бидай, қара бидай мен майлы тұқымдастардан басқа да-
қылдардың бəрі десек те болады. Олардан неше түрлі жармалар алы-
нып, малға жем, құрама жемдердің қоспасы ретінде пайдаланылады. 
Олардың (жүгеріден басқасы) бəрі дерлік қабықты жемістер.
Жарма алуға пайдаланылатын дақылдардың технологиялық 
қасиеттеріне олардың ядросының шығымдылығы, қабыршақтарының 
аршылуының оңайлығы немесе қиындығы, алынған жарманың мөлшері 
мен сапасы, ядросының шығу коэффициенті, 1 тонна астықтан жарма 
алуға жұмсалған энергияның мөлшері жатады.
Жарма зауыттарының тиімді жұмыс істеуі дəн аршылуының 
оңайлығы (қиындығы) мен оған кететін уақытқа, дақылдардың алмасу 
кезеңдеріне байланысты.
Бұл көрсеткіштердің тек жарманы алу технологиясына қатына-
сы болса, ал алынған дайын жарманың тамаққа жарамдылық қабіле-
тін бұдан əрі де тексере береді. Ол үшін жарманың сапасы, оның 
піскенде көлемінің үлкеюі, оның коэффициенті (қосымша көлемі), 
ботқаның құрылымы, түрі-түсі, дəмі, хош иісі анықталады. Бұл 
көрсеткіштер тек стандарттық тəсілдермен анықталады. Мұнда са-
палы ядроның саны, ылғалдылығы, жай көзбен сенсорлық баға беру, 
ішінде темір жəне денсаулыққа зиянды басқа нəрселердің жоқтығы, 


147
біркелкілігі, тауарлық түрі, күлділігі (геркулес пен жүгері жармасы 
үшін), сыртқы қабыршықтарының жоқтығы сияқты көрсеткіштер 
тексеріледі.
Ботқа пісіргенде оның көлемінің өсу коэффициентін:
формуласымен табады.
Егер ботқа тез пісіп, көп К
к
берсе, ол жарма өте жақсы деп бағаланады. 
Одан соң ботқаны шашылмалы, жартылай шашылмалы, жабысқақтау, 
жабысқақ, сұйық деген категорияларға бөледі.
Жарманың жаңа екенін немесе жақсы құрғақ жағдайда 
сақталғандығын оның түрі-түсіне, иісі мен дəміне қарай 
анықтайды.
Жарманың сапасына астық партиясының ішінде болатын дəн жəне 
шөп-шалаң қосындылары, аршылған дəннің саны, негізгі дəннің 
біркелкілігі, бір сортқа жатуы, 1000 дəнінің массасы, шынылығы 
сияқты көрсеткіштер өздерінің əсерін тигізеді. Жарма алуға арналған 
астық осылай тексеріліп, содан кейін ғана зауытқа жіберіледі.
Əр дақылдың жарма, т.б. адамға керекті өнім алуға 
жарамдылығы оқулықтың ең ақырғы «Жеке дақылдармен танысу» 
тарауында беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет