146
Қара бидайдың ұнының нан пісіруге жарамдылығын анықтау
үшін көптеген зертханалық тəсілдер қолданылады.
Олардың ішінде
кішкентай домалақ нан пісіру жəне амилограф арқылы баға беру
тəсілдері көбірек пайдаланылады.
Кішкене домалақ нан пісіру үшін 50 г ұнға 41 мл су қосып илеп,
домалақтап, 230
о
С температурада 20 минут ішінде пісіреді. Нан
суығаннан
кейін оның көлемін, сыртқы пішінін, түрі-түсін, ішінің
қандай екенін жəне суға еритін заттардың мөлшерін анықтайды.
Амилограф құралында ұнның суға ерітілген
ботқасын ысытқанда
жүретін өзгерістерді амилограмма деп аталатын қисық сызық ретінде
жазады. Ол ботқадағы крахмалдың клейстерге айналғандағы, яғни
қоюланғандағы өзгеру үдерісін тексереді. Міне,
осы арқылы қара бидай
ұнының нан пісіруге пайдаланылу қабілетін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: