8-тарау АСТЫҚТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ 8.1. Астықтың технологиялық қасиеттері жəне құндылығы туралы жалпы түсініктер Барлық астықты қабылдау, оны өңдеумен айналысатын мекемелердің
негізгі міндеті өздерінің қарамағындағы бар шикізаттан (астықтан)
мүмкіншілігі көп жəне жоғары сапалы дайын өнімдер алу болып табы-
лады.
Астықтың сапасы əр аймақта, əр жылы, əр мекемеде, оның ішінде əр
қоймада əртүрлі болады. Сондықтан астықтың технологиялық қасиеті
деп мүмкіншілігінше аз шикізаттан аз энергия жұмсап, көп жəне
жоғар ғы сапалы дайын өнімдер алуды ұғамыз. Бұл ұғымды астықтың
бағалылығы немесе технологиялық сапасы немесе технологиялық
кəмелеттігі деп те айтады. Астықтан алынатын өнімдердің шығымы,
олардың сапасы, т.б. мəліметтер түгелдей стандарттар арқылы
анықталады. Ол стандарттарда астықтың сапасына байланысты дай-
ын өнімдердің шығымы, оның сапасының қалай өзгеретіні толық
көрсетілген.
Астықтың технологиялық қасиеттеріне оның ұн тартуға, нан
пісіруге жарамдылық қабілеті, макарондық ұн жəне жарма беру қасиеті,
кондитерлік, крахмалдық, спирттік, сыралық өнім беру қабілеттері жа-
тады. Бұлардың бəрінің өзіндік ерекшеліктері бар.