137
туралды, яғни
табиғи жоғары сапалы болса, ол өзіне суды көп сіңіріп,
ұстап тұра алады, ал ақуыз ескірген сайын, оның су сіңіру қабілеті
төмендей береді. Қазақстанның солтүстік,
орталық облыстарында өскен
бидайдың сағызында судың көлемі ондағы ақуыздардың көлемінен
240-280 пайызға дейін көп болып жүр. Бұл өте жақсы сапалы бидай.
Сулы сағыздың мөлшері астық сапасының, оның ішінде нан пісіруге
жарамдылық қабілетінің ең басты көрсеткіші. Орташа сапалы нан
алу үшін сулы сағыздың мөлшері ұнда 20
пайыздан кем болмау ке-
рек. Жержүзінде өсірілетін бидайдың сағызды көп ұстайтыны өте аз
– 20-30 пайыз шамасында ғана, қалғаны орташа немесе төмен сапалы
(ақуыздың мөлшерінен қарағанда) бидай тобына жатады.
Сағыздың мөлшері мен сапасы оның күші нашар немесе төмен са-
палы
бидаймен араластырғанда, оның нан пісіруге жарамдылығын
керекті сатыға көтеру немесе оны жақсарту қабілеті деп айтады. Міне,
осы себептерге байланысты жұмсақ бидайды бізде 4 класқа: 1.40
пайыз; 2. 32; 3. 28 пайыз жəне 4. 28 пайыздан, ал қатты бидайды осы
сияқты үш класқа бөледі. Осы кластардағы бидай өте күшті, күшті, ор-
таша күшті жəне бағалы бидай деп бағаланады. Бұл бағалауда сағыздың
сапасы 1 топтан, ал кейде екінші топтан төмен болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: