Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет87/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
7.5.4. Ақуыз
Астықтың құрамында орта есеппен, 14 пайыз (бұршақ тұқымдастарда 
25 пайыз) ақуыз бар. Астықтың тамақтық құндылығы ақуыздың 
мөлшері мен оның сапасына байланысты. Бірқатар мемлекеттер-
де астықтың құндылығын толық сипаттау үшін оның құрамындағы 
ақуыздың мөлшерін жəне оның сапасын анықтайды.
Ақуыздың мөлшерін бір ғана стандартты Кьелдаль əдісімен анықтайды. 
Кең тараған ол əдіс астықтың құрамындағы азоттық заттардың көлемін 
анықтауға негізделген. Егер бидайдың немесе басқа дақылдардағы 
азоттың санын тапсақ, оны ақуыздық коэффициентке көбейтіп, ақуыздың, 
басқа сөзбен айтқанда, азоттық заттардың көлемін анықтаймыз. Ол коэф-
фициент ғылыми жұмыстардың нəтижесінде табылған. Ол бидайдың не-
месе ақуызын табу керек болса, 5,7-ге, ал кебектің, ұрықтың ақуызын табу 
керек болса, 6,25-ке тең. Мысалы, Кьелдаль əдісімен 2,34 пайыз азот бар 
екені анықталды десек, бұл санды (2,34х5,7 пайыз) 5,7 коэффициентіне 
көбейтіп, осы бидайда 13,34 ақуыз бар екенін білеміз.
Ақуыз масақтың əр жеріндегі дəнде, оның ірілігіне, ұсақтығына, т.б. 
толып жатқан себептерге байланысты өзгеріп тұрады. Орыс ғалымы 
Л. Ф. Торжинскаяның мəлімдемесімен танысып білуге болады.
17-кесте 
Дəндегі ақуыз
Масақтағы дəннің орналасқан 
орны
1000 дəннің массасы, 
грамм
Ақуыздың мөлшері, 
пайыз
Масақтың төменгі шетіндегі 
дəн ортасындағы 
жоғарғы 
35,1
42,0
29,7
14,7
15,7
13,6
Осы мəліметтерге қарағанда ірі, толық жетілген дəн ақуызды 
көп ұстайды. Көпжылдық ғылыми-зерттеулердің қорытындысына 
қарағанда Қазақстанның солтүстік, орталық қуаңдау аудандарында 
өсірілген бидайда ақуыздың көлемі 20 пайызға дейін жетеді. Мұндай 
бидай күшті бидай деп аталып, басқа ақуызы аз нашар бидайдың 
құндылығын арттыруға пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет