Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Астықтың ылғалдығына байланысты төрт күйлі



Pdf көрінісі
бет83/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

Астықтың ылғалдығына байланысты төрт күйлі 
жағдайының шектері
Дақылдар
Ылғалдылық, пайыздар
Құрғақ дəн
Орташа 
ылғалды
Дымқыл 
астық
Су астық
Бидай, қара бидай, 
арпа, сұлы, қарақұмық, 
күріш, жүгері
14-ке дейін 14,0 – 15,5 15,5 – 17,0 17-ден жоғары
Асбұршақ
14
14 - 16
16 – 18
18
Тары
13,5
13,5 – 15,0
15 – 17
17
Үрме бұршақ
16
16 – 18
18 – 20
20
Жасымық
14
14 – 17
17 – 19
19
Күнбағыс
11
11 – 13
13 – 14,5
14,5
Майкене
7
7 – 9
9 – 11
11
Осы астықтың ылғалдылығы өскен сайын оның ішіндегі жүріп 
тұратын физологиялық үдерістердің жүру жылдамдығы да өсе бас-
тайды. Олардың өсу деңгейі əр дақылда əртүрлі болады. Бұл деңгей 
де дақылдың тканьдарының құрылымы мен химиялық құрамының 
ерекшеліктеріне байланысты.
Дəннің ішінде ылғал сүйгіш крахмал, ақуыз сияқты заттар суды 
өзіне тартып алып ұстап тұрады. Олар да дəннің əр қабатында əртүрлі 
орналасқан. Бұршақ тұқымдастардың дəнінің құрамында ақуыз көп 
болғандықтан, оларда суды ұстау мөлшері деп көптеу.


125
Майлы тұқымды дақылдар өзінің құрамында майды көп ұстайтын 
болғандықтан, олар суды аз ұстайды. Ол судың көпшілігі майы 
аз, ылғал сүйгіш заттары көп бөліктерінде ғана ұсталады. Кестеде 
көрсетілгендей, егер майлы дəннің майы оның құрамынан шығарып 
тас тап, қалған құрамның ылғалдылығын тапсақ, оның ылғалдылығы да 
14 пайызға жақын болады. 
Міне, осы айтылған мəліметтерге сүйене отырып, мына жағдайларды 
еске аламыз. Барлық органикалық заттар жазда өсімдіктің көк 
жапырақтарында, күн сəулесінің ультра күлгін сəулесі жəне жасыл 
түсті пигмент хлорофиллдің қатысуымен су мен көмір қышқылынан 
пайда болады. Егер бұл органикалық заттардың химиялық құрамына 
кіретін су деп есептесек, бұдан басқа да, дəннің ылғал сүйгіш заттарды 
ұстап тұратын суды физикалық байлаулы су деп атайды. Бұл барлық 
тірі органикалық тірі организмге тəн, керек су. Көпшілік өсімдіктердің 
дəні үшін бұл судың көлемі 14-15 пайыз шамасында болады. Осы суды 
астық шаруашылығында шекаралық аумалы күйдегі су деп атайды. 
Бұл күйде астық сақтауға төзімді болады. Бұл ылғал сүйгіш заттармен 
тығыз молекулалық байланыста болғандықтан, микроағзалар пайдала-
на алмайды.
Осы шекаралық аумалы судың мөлшерінен артық суды сусымалы 
бос су немесе зиянды су деп атайды. Оның мөлшері 14-15 пайыздан 
астам болады. Олар дəннің ішінде де, астық қоспаларының арасында 
да бір орыннан екінші орынға, яғни дымқыл дəннен құрғақ дəнге қарай 
қозғалып ауысып тұрады. Оны кептіріп шығарып жіберуге де болады, 
микроағзалар да пайдалана алады. 
Естеріңізге саламыз, су немесе дымқыл дəн күштірек тыныс ала-
ды. Бұған көп органикалық заттар жұмсалады, яғни астықтың құрғақ 
заттары азаяды. Астық тыныс алғанда жылу бөлінеді, сөйтіп астық 
қоймаларында өзінен-өзі қызу аймақтары пайда болады да, астықтың 
шіріп кетуіне қауіп туады. Қысқаша айтқанда, сусымалы бос суы бар 
астық сақтауға тұрақсыз болады.
Астықты мемлекетке тапсыру кезінде тұрақты жəне төменгі шектер 
деп аталатын ұғымдар қолданылады. Қазақстанның оңтүстік облыста-
рында тұрақты шектік ылғалдық 14 пайызға тең, ал оңтүстік облыстар-
да ол 15 пайызға тең деп белгіленген. Барлық қабылданған астықтың 
салмағы осы тұрақты шекке есептеліп алынады. Мысалы, шаруа 
қожалықтары 100 тонна астық тапсырды делік. Оның ылғалдығы 10 
пайыз болсын, сонда алынған астықтың 100 тоннасына (14 – 10 = 4 тон-
на) үстеме 4 тонна қосылып, оның есепке алынған салмағы 104 тонна 


126
қабылданды деп жазамыз. Егер қабылданған астықтың ылғалдығы 20 
пайыз болса, (20 – 14 = 6) оның есепке алынған салмағы 100 – 6 = 94 
тоннаға тең болады. 
Ылғалдылықтың ең жоғарғы шегі 17 немесе 19 пайызға тең. Егер 
тапсырылған астықтың ылғалдығы осы шектен аспаса, сонда ғана ол 
қабылдануға тиіс.
Бұл тек қабылдау кезінде пайдаланылатын шарттар болса, бидай-
дан ұн тарту үшін оның ылғалдығын 15,5-16,0 пайызға жеткізу керек. 
Қорыта айтқанда, астық шаруашылығында судың атқаратын қызметі 
неше түрлі. Ол пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін.
Ғылыми, астықты қабылдайтын жəне өңдейтін мекемелерде 
астықтың ылғалдылығын анықтаудың көптеген əдістері қолданылады. 
Осы əдістердің бəрін екі топқа бөлуге болады: 1. Тура анықтау – 
суды кептіріп, ұшқан суды немесе кепкен астықтың салмағы арқылы 
анықтау; 2. Жанама əдістер – мысалы, астықтың ылғалдылығына бай-
ланысты оның электр тогын өткізе білу мөлшерін өлшеу əдісі арқылы 
есептеп табу.
Қазіргі қолданылып жүрген əдістердің əрқайсысы дəнге əртүрлі əсер 
етеді. Астықты кептіруде, сумен бірге одан көптеген көмір қышқыл 
газы, азот, оттегі, сутегі, кейбір көмірсутектер, азотты заттар ұшып 
шығып кетеді жəне дəннің құрамында бірқатар биохимиялық өзгерістер 
жүріп, оның құрамы аздап өзгеруі мүмкін. Барлық қолданылып жүрген 
əдістердің осындай өздеріне тəн жетістіктері мен кемшіліктері болады. 
Кемшіліктерін түгел жою мүмкін емес. Сондықтан бұл əдістердің бəрі 
тек жуықталған нəтиже береді. Олардың ішінде ең шындыққа жақын 
нəтиже берген əдіс – үлгілі немесе эталондық əдіс. Бұл əдіс бойынша 
ұшып кететін заттардың көлемі жоққа тəн. Сондықтан бұл əдісті жаңа 
шығарылған құрылғыларды жəне жаңа əдістерді сынауға пайдалана-
ды. Ол əдіс стандарт «Вакуумды-жылылық ОВЗ-1 қондырғысында 
астықтың ылғалдығын өлшеудің əдістерінде» жазылған. Мұнда 
астықты алдымен 105°С-да кептіреді. Тек осы жағдайда су тегіс ұшып, 
басқа өзгерістер аз жүреді. Астықтың өзінің ішінде ұсатқыш қондырғы 
бар.
ISO (Халықаралық стандарт жасайтын мекеме), IACC (Халықаралық 
астық химиясы ассоциациясы) жəне Англия, Франция, Польша сияқты 
бірқатар мемлекеттерде үлгілі əдіс ретінде Гильбо əдісі қолданалады. 
Мұнда астық вакуумды ( 10 – 20 мм сынап бағанасында), 40-50ºС темпе-
ратурасында Р2О5 үстінде 150 сағат ішінде дəннің тұрақты салмағына 
дейін кептіріп өлшейді.


127
ТМД-дағы стандарттық əдіс бойынша астықтың ылғалдылығын 
өлшеу. Бұл əдіс еліміздің барлық түпкір-түпкірлерінде қолданылады. 
Мұнда ұсатылған дəнді 130ºС температурада 40 минут СЭШ – 1, 
СЭШ – 3 жəне СЭШ – 3М қондырғыларында кептіреді. Су дəн мен 
құрғатылған дəннің салмақтарының арасындағы айырмасы сол дəннің 
ылғалдылығын көрсетеді. Егер дəн су болып ұсатуға келмесе оны ал-
дымен дəн күйінде 105ºС температурада 30 минут кептіріп алып, содан 
кейін ұсатып, 130 ºС-та 40 минут кептірді де, оның ылғалдылығын осы 
екі өлшемнің қосындысы ретінде алады.
Ғылыми мекемелерде астықты ұсатып, оны 105ºС температура-
да астық кептіретін қондырғыларда оның тұрақты салмағына дейін 
кептіріп анықтайды. Мұнда астықтың ішкі құрылысы бұзылмай өте 
жақсы нəтиже береді. Бұл өлшеу 5 сағатқа дейін созылады. Сондықтан 
өндіріс жағдайында пайдалануға қолайсыз.
Шетелдерде астықтың ылғалдылығын тексеру. Шетелдерде де 
астықтың ылғалдылығын анықтауға ең алдымен, əртүрлі кептіргіш 
шкафтар қолданылады. Англияда дəнді 130ºС температурада 1 сағат, 
ГФР-де 130ºС -та бір сағат 30 минутта, Белгияда – 100-150ºС -қа дейін 
4,5 сағатта кептіріп өлшейді. Бұлармен қатар Франция мен Белгия-
да Шопен шкафын қолданып, тез анықтау əдісі қолданылады. Оның 
ерекшелігі – өзінің ішінде таразысы бар, 200ºС-қа дейін қыздырады. 
Оның кептіріп біткен уақытын ұшып шыққан будың кальцийдің 
карбидімен қосылған кезде көрініп жанатын жалынының азаюына 
қарай анықтайды. Мұндағы бөлінген судың мөлшерін: СаС2 + Н2О = 
Са(ОН)2 + СН : СН реакциясы арқылы біледі. Ол жалындағанда ацети-
лен пайда болады.
АҚШ-та ылғалдылығы 13 пайызға дейінгі астықтың ылғалдылығын 
130ºС-та бір сағат бойы кептіріп анықтайды. Егер оның ылғалдылығы 
13 пайыздан жоғары болса, оны алдымен 13 пайызға дейін кептіріп 
алады да, содан кейін барып қалған ылғалдылықты табады. АҚШ 
мемлекеттік ауыл шаруашылығы химиктер ассоциациясы астықтың 
ылғалдылығын ұсатылған дəнді 135ºС-та 2 сағат бойы кептіру арқылы 
анықтайды. Бұлардан басқа да шет мемлекеттерде вакуум-жылулық 
жəне басқа да көптеген əдістер қолданылып жүр.
Астықтың ылғалдылығын электрлік əдістермен өлшеу. Астықты 
қабылдау кезінде автомашиналарды тез өткізу керек. Сондықтан бұл 
əдісті асқан нақтылықты керек ететін жағдайларда ғана, яғни астық 
қабылдау кезінде ғана қолданады. Бұл əдісті қоймада жатқан астықтың 
ылғалдылығын қадағалап тұру үшін де пайдаланады. Ол үшін БП-4, 


128
ВЭ-2М сияқты аспаптар арқылы электр тогын əртүрлі ылғалдықтағы 
астықтың əртүрлі жылдамдықпен өткізетіндігін пайдаланып өлшейді. 
Бұл аспаптарда жұмыс істеудің əдістемелігі зертханалық жұмыстар 
ережесі кітапшасында беріледі.
Астықтың ылғалдылығын өлшеудің жаңа тəсілдері. Астықты сақтау 
жəне өңдеу ғылыми-зерттеу мекемелерінде астықтың ылғалдылығын 
тез жəне нақты өлшеу жолында жиілік электрлік өрісті, инфрақызыл 
сəулелерді, ядро-магниттік резонансты, газ хромотографиясын пайда-
ланып, анықтау тəсілдері зерттеліп жатыр.
Жоғары жиілік электр өрісі 100 В генератор арқылы 40 МГЦ ток 
жиілігінде пайда болады. Осы өрістегі екі пластинканың арасына 
ұсақталған астықты қойсақ 14-18 минутта кеуіп шығады. Осы əдіспен 
ылғалды өлшеуге болады.
Инфрақызыл сəулелерде өте күшті өтіп кететін қабілет болады. Олар 
ұнтақталған дəннің бетінде қанша ылғал бар екенін анықтай алады.
Ядролық-магнит резонансын қолданғанда дəн өлшемін өзара пер-
пендикулярлы жүгіріп тұрған екі магниттің арасына қояды да, сол 
өрістегі барлық заттарды, соның ішінде суды да санайды. Бұл аспап 
асқан нақтылы нəтиже береді, бірақ өте үлкен жəне күрделі аспаптарды 
қоюды талап етеді.
Газ орталығында хромотография əдісін ылғалдықты анықтау үшін 
тек АҚШ-та қолданып жүр.
Осы күнгі жаңа аспаптардың ішінде ең қолайлысы – «БАРРО-
УС-700» (Швеция) ылғал өлшегіші. Бұған 250 г астықты салып, 2-15 
сек ішінде қанша пайыз ылғал бар екенін білуге болады.
ГФР-де «С – АОУАМетер» аспабы тез арада кальцийдің карбиді 
астықтағы судың арасындағы реакцияны, яғни ацетиленнің пайда бо-
луын пайдаланып, есептеп шығарады. Бұл аспапта барлық операция 
автоматтандырылған. Бірақ бұған да өте күрделі аспаптар қою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет