Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет82/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

7.5.1. Астықтың ылғалдылығы
Барлық жер бетіндегі тіршілік ететін тірі организмдер өзінің 
тіршілігін сақтау үшін құрамында азды-көпті судың болуын керек 
етеді. Дəн де тірі организм. Ол да тыныс алады. Тыныс алған кезде 
түрлі химиялық реакциялар жүріп тұрады. Бұл тірліктің белгісі. Егер 
оның құрамынан суды түгелдей ажыратып алып тастасақ, тоқтайды да, 
оның құрамында ақуыз жəне басқа органикалық заттар тез бұзылып, 
минералдық заттарға айналады. Бірақ бұл керекті судың көлемі де 


124
белгілі бір мөлшерде болады. Судың осы мөлшерден көп болып кетуі 
де қолайсыз жағдайға ұшыратуы мүмкін.
Егер сақталып жатқан астықтың құрамында қажетінен артық су бол-
са, онда астық шіріп бұзыла бастайды. Сонымен астықтың құрамындағы 
судың көлемі артық та, кем де болмауы керек. Мұндай жағдайда 
тұрақты ұстап тұру тағы да мүмкін емес. Астық ауадан ылғалды тар-
тып ала да, оған бере де біледі, дəн тыныс алғанда органикалық зат-
тар бөлшектеніп, ыдырап, су бөлініп шығады. Міне, осы өзгерістерді 
жақсы білген кезде ғана, астықты аман-есен сақтауға болады. Ол 
астықты өңдеу үдерісіне де қатынасады. Міне, осының бəрі астықты 
сақтау кезінде оның ылғалдылығын оқтын-оқтын қадағалап отыруды 
керек етеді.
Астықты оның ылғалдылығына қарай төртке: құрғақ астық, орташа 
ылғалды астық, дымқыл астық жəне су астық деп бөледі. 
15-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет