7.4.16. Астықтың тазалығы
Астықты ору, бастыру кезінде жəне қырманда, не болмаса оның өзі
өсіп тұрған орталарында көптеген неше түрлі арамшөптер, болмаса
басқа мəдени дақылдар да өсіп, осының бəрі астық қоспаларын ластай-
ды. Бұл қосындылар астықты сақтау жəне оны өңдеуді қиындатады,
ұнның, жарманың тағы басқа да одан алынатын өнімдердің сапасын
төмендетеді.
Астық қоспаларының ішіндегі барлық басқа түсті қосындыларды:
1. Дəнді; 2. Шөп-шалаң қалдықтар деп екі үлкен топқа бөледі.
Шөп-шалаң қалдықтарға тамаққа, малға немесе құстарға жем болуға
жарамайтын, тіпті, болмаса негізгі астықтан алынатын өнімдердің са-
пасын төмендетіп жіберетін қосымша заттар жатады. Оған:
1. Əр дақылдың дəніне арналған стандарттар бойынша белгіленген
елеуіштің тесіктерінен өтіп кеткен ұсақ заттар, мысалы, бидай үшін
121
тесігінің диаметрі – 1,0 мм, арпа үшін – 1,5 мм елеуіштерден өтіп кет-
кен ұсақ нəрселер;
2. Минералдық заттар – топырақ қиыршықтары, құм, тас, шлак, руда
тағы сол сияқтылар;
3. Органикалық – сабан, топан сияқты заттар;
4. Арамшөптердің тұқымдары;
5. Стандарт бойынша дəнді қосындыларға жатқызылмаған кейбір
мəдени өсімдіктердің дəндері. Мысалы, бидайда – қара бидай, полба
(қос дəнекті бидай) жəне арпа болса, дəнді қосындыға жатқызылады
да, ал басқа – барлық мəдени өсімдіктердің дəндері түгелдей шөп-
шалаң қалдықтарға жатады. Егер арпа қабылдасақ, онда бидай,
қарабидай, полба жəне сұлы дəнді қосындыға, ал қалғандары шөп-
шалаң қосындыға жатады. Мұның бəрі стандарт арқылы анықталады.
Ал қара бидай қабылдағанда онда бидай, полба жəне арпа болса, олар
дəнді қосындылар тобына жатады.
Егер қабылдап жатқан дақылдың жəне оның ішіндегі дəнді
қосындылардың шіріген, көгерген, қара көмірге айналып кеткен,
қуырылып кеткен, тағы басқа да бүлініп кеткен дəндері кездессе, оның
ішіндегі эндоспермін түгелдей зиянды жəндіктер жеп қойған дəн кез-
дессе, осының бəрі шөп-шалаң қалдыққа жатқызылады.
6. Денсаулыққа зиянды қосындылар – қастауыш, қара күйе, ішінде
құрт толған нематодалы дəндер, вязель, қызыл мия, кекіре, сафора,
арамқұмық, у бидайық, сүйелжазар, триходесма сияқты арамшөптердің
тұқымдары жатады да, оларды өзінше бөлек есептейді. Оларға да стан-
дарттарда шек қойылған. Шектен асып кетсе, ондай астықты тамаққа
пайдалануға болмайды.
Дəнді қосындылар тобына:
1. Барлық сынған, зиянды жəндіктер жеп тастаған дəндердің санының
50 пайызы жатады (қалған 50 пайызы негізгі дақыл дəніне жатады);
2. Негізгі дəннің жапырылған, өсіп жетілмей қалған, шөпек немесе
ұшық болып кеткен дəн (тамыры немесе жапырақтары сыртқа шыққан
болса немесе олар сынып қалған болса), қызып кеткен, көгеріп кеткен
(эндоспермі бүлінген) дəн;
3. Басқа дақылдардың бүтін дəні немесе олардың сынықтары (егер
олар шөп-шалаңға жатқызылмаған болса) дəнді қосындыға жатады.
Осы көрсетілген шөп-шалаң жəне дəнді қосындылардан басқа бүтін,
сынық дəннің 50 пайызы, зиянды жəндіктер жеген дəнді егер олардың
эндоспермін түгел жеп қоймаған болса, онда оны негізгі дəн тобына
жатқызады.
122
Дəнді немесе шөп-шалаң қосындыларға жататын, негізгі дақылға
жатпайтын заттардың қандай екені əр дақылға жасалған стандарттарда
көрсетіледі. Осы дақылдардың пайдаланылатын орнына байланысты
қабылдау кезінде, басқа жаққа жіберу кезінде шөп-шалаң жəне дəнді
қосындылардың қанша болатынына қойылған шек əр дақылдың өзіне
арналған кондицияларда көрсетілген. Ол кондициялардың екі түрі бар:
1. Базалық кондиция; 2. Осылардың ең төменгі шегін анықтайтын кон-
диция.
Бірінші, базалық кондиция деп əр ауданға жекеше бекітілген сапалық
(оның тазалығына, ылғалдығына, бір литрінің салмағына қойылған)
шек. Осы шек арқылы диқаншылармен есеп айырылысады. Бұл кон-
диция бойынша астықтың ішіндегі шөп-шалаң қосындылары 1, дəнді
қосындылары 2 немесе 3 пайыз, бір литр бидайдың массасы 750 г/л
болу керек. Бұл көрсетілген шектен айырмашылықтар болса, оларды
есептеп тауып не қосады, не алып тастайды.
Астықтың тазалығын, «Астық. Дəнді жəне шөп-шалаң, ерекше
есептелетін қосындыларды, ұсақ жəне ірі дəнді анықтаудың тəсілдері»
стандартына сəйкес анықтайды. Олар толығынша «зертханалық
жұмыстар» кітапшасында берілген.
Астықтың ішіндегі керекке жарамайтын қосындылар көлемін,
олардың астық қорында болатын шегін тағы басқа да көптеген осыған
байланысты мəселелер астық тазалаудың негізі болады. Осы тұрғыдан
қарасақ, астықтың ішіндегі негізгі дəннен басқа қосындыларды жай
машиналардан өткізіп оңай бөліп алуға келетін жəне бөлінбейтін
қосындылар деп екі топқа бөледі.
Жеңіл бөлінетін қосындыларға сабан, топан, қысқа жəне өте ұсақ,
желмен немесе елеуіш арқылы елеп бөліп алуға келетін қосындылар
жатады.
Бөлінбейтін немесе өте қиын бөлінетін қосындыларға негізгі дəнмен
пішіні, мөлшері, желкендік қасиеттері жəне салыстырмалы салмағы
бірдей заттар жатады. Оларды жай астық тазалайтын машиналар бөле
алмайды.
Қазіргі кезде зертханаларды Мəскеудегі «Продмаш» зауыты
шығарған ЗЛС сепараторлары қолданылып жүр. Ол қол жұмысын
едəуір жеңілдетеді. Өндіріс жағдайында астық тазалау үдерістерінде
көптеген БЦС, ЗСМ, БИС маркалы сепараторлар қолданылады.
Осы көрсетілген машиналарда астық мына төмендегі көрсетілген
принциптерді қолданып тазартылады: 1. Негізгі дəн мен оның ішіндегі
түрлі-түрлі қосындылардың мөлшерінің, пішіндерінің əртүрлі бо-
123
луы; 2. Олардың əртүрлі тығыздығы. Бұл көбінесе, пневмосорттағыш
столдарда қолданылады. Елеуіш əрі-бері қозғалғанда ауыр жəне жеңіл
заттар екі бөлініп, жел арқылы тазаланады; 3. Шарықтау жылдамдығын
пайдалану; 4. 1000 дəннің əртүрлілігін пайдалану. Мұны көбінесе,
зернопульт сияқты агрегаттарда пайдаланады; 5. Дəннің жəне оның
ішіндегі қосындылардың пішіндерін, олардың жылтырлығын пайда-
лану; 6. Маг ниттік қасиеттерін пайдалану. Астықтың ішіндегі металл заттар-
ды бөліп алуға жəне оның ішіндегі түрлі түсті қосындылардың бұлардан
басқа да айырмашылықтарын пайдаланып тазалауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |