120
Астық қоймаларында көзге көрінетін жəндіктерден басқа да, дəннің
ішінде болатын көзге көрінбейтін ұзынтұмсық қоңыздардың бо-
луы мүмкін. Осындай көзге көрінбейтін жəндіктермен зақымданған
дəннің саны 1 кг астықтың ішінде 7-ден 20-ға дейін болса,
олар екі
айдың ішінде 2 пайызға жақын астықты жеп құртады. Осыны ескеріп,
стандартта астық қоспаларында кене мен ұзынтұмсық қоңызға шек
қойылған. Осы шектен асып кетсе, оны
тамаққа пайдалануға болмай-
ды. Егер осы жəндіктер өте көбейіп кетсе, астықтың улануы да мүмкін.
Ұзынтұмсық қоңыздар, өздерінің астықты жеп азайтуымен қатар, олар
кантаридин деп аталатын жара шығаратын заттар бөледі де, астықты
тамаққа немесе мал жеміне жарамсыз етеді.
Астықты тамақ өнеркəсібінде немесе жемге пайдаланар алдында,
оны елеп ішіндегі тірі зиянды жəндіктердің санын, балапан құртын
анықтайды. Зақымданған астықта несеп қышқылын анықтау тəсілі
өріс алып келеді. Бұл қышқылдың мөлшері астықтағы тірі жəне өлі
жəндіктердің санына пара-пар екені анықталған.
Астық кенелерінің
өздерінің жегенімен тұрмай, олар көптеген шірік
бактерияларының, көгертетін саңырауқұлақтардың көбеюіне қолайлы
жағдай туғызады. Бұлардың бəрі адам өміріне өте қауіпті.
Барлық астық қоймаларында жылда бір рет алдын ала осы жəндік-
терге қарсы шаралар қолданылады. Ол үшін адам денсаулығына зияны
жоқ химиялық ұшқыш улы заттар қолданылады.
Олардың қолдану тех-
нологиясы мен улы заттардың түрлері «Астық сақтау» пəнінде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: