Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бидай дəніндегі минералдық заттар



Pdf көрінісі
бет85/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
Бидай дəніндегі минералдық заттар
Дəннің бөлшектері
Күлдің пайызы мына 
аралықта
Орташа
Бүтін дəнде
Жемістің қабыршағында 
Ұрық қабыршағында 
Алейрон қабатында 
Қабыршықтар мен алей-
рон қабатында
Эндоспермде 
Ұрықта 
1,5±2,48
1,7±4,1
7,0±20,0
14,7±17,22
6,42±12,93
0,23±0,63
3,66±8,02
1,97
2,78
9,82
15,98
8,71
0,43
5,82
Мына кестедегі мəліметтерге қарағанда, дəннің əр бөлшегінде 
минералдық заттардың мөлшері əртүрлі. Эндоспермде олардың саны 
өте аз – орташа 0,43 пайыз, оның өзінде ең сыртқы қабаттарынан бас-
тап ортасына қарай азая береді. Минералдық заттардың ең көбі алей-
рон қабатында (16 пайызға жақын) болады, яғни барлық минералдық 
заттардың 60 пайызы осы қабатта шоғырланған.
Орыс ғалымы М. И. Княгиничевтің зерттеуіне қарағанда жұмсақ 
бидайда, басқа бидайдың түрлеріне жəне формаларына қарағанда 
минералдық заттар көбірек – орташа 2,23 (1,26-2,97), қатты бидайда – 
2,20 (1,32-3,04), ал жұмсақ күздік бидайда ең аз – 1,95 (1,28-2,79) пайыз 
болатыны көрсетілген.
Ірі дəнде минералдық заттар азырақ болады. Оны орыс ғалымы 


130
Н. С. Суворовтың мəлімдемесінен көруге болады. Ірі, 2,5х20 мм 
елеуіш тен өтпей қалған дəннің минералдық заттары 1,76 пайыз болса, 
ұсақ. 1,7х20 мм елеуіштен өткен дəнде 2,10 пайызға жақын күл беретін 
заттар болатыны анықталған.
Минералдық заттардың мөлшері ауа райына, топырақтың құнар-
лылығына, берілген тыңайтқыштардың саны мен сапасына, астықтың 
сортына қарай өзгеріп тұрады. Қазақстанда қуаңшылық жылдары би-
дайда минералдық заттардың мөлшері екі пайыздан əлдеқайда көп бо-
лып, шөпек дəнде үш пайызға жақын болады, ал ұшық болып кетсе, 10 
пайыздан да асады.
Минералдық заттардың мөлшері астықты өңдеу жəне оларды да-
йындау кезінде де өзгеріп тұрады. Орыс ғалымдары Е. Д. Казаков пен 
И. А. Сахарованың зерттеулеріне қарағанда бидайдан ұн тартар алдын-
да сулаған кезде бірқатар минералдық заттар эндоспермнен, дəннің 
қабыршықтарынан, алейрон қабатынан сумен бірге ұрыққа қарай ауы-
сады да, олардың минералдық заттарының мөлшерін бұрынғыдан азай-
тып, ал ұрықтың күлділігін біраз көбейтеді.
Астықтың минералдық заттарының мөлшерін тек қана муфель 
пешінде жағу арқылы анықтайды. Мұның екі əдісі бар: 1. жай жағу; 
2. жылдамдатылған əдіс.
Жай жаққанда 2,0-2,5 г ұнтақталған аналитикалық таразыға өлшеп, 
алдымен 500-600
0
С температурада, кейін 800-850
0
С-та тұрақты 
салмақтыққа дейін күйдіреді. Бұл 5 сағатқа дейін созылады.
Жылдамдатылған əдісте пештің ішінде азот қышқылын немесе 
сіркеқышқылды магнийдің спиртке ерітілген ертіндісін жібереді де, 
940-980°С-қа дейін қыздырады. Бұлардан да басқа жануды жылдамда-
татын заттарды пайдалануға болады. Астық жанып болған соң, онда 
қалған күлді өлшеп, оның пайызын табады.
Бидайдың күлділік тұрақты шамасы 1,97 %. Ұн тартқанда бидай-
да күл беретін заттардың мөлшері осы тұрақты шамадан, 0,01 пайыз 
асса немесе төмендесе, онда осыған сəйкес ұнның шығымдылығы 
0,18 пайызға өзгереді, яғни өседі немесе төмендейді. Соған сəйкес 
кебектің шығымдылығы да өзгереді. Бұл есеп тек ұнның сапа-
сын тексеріп, қадағалап тұру үшін шығарылған шарт. Іс жүзінде 
ұнның шығымдылық мөлшерін тамаққа жарамайтын дəннің 
қабыршықтары сияқты заттардың мөлшері арқылы қадағалау керек. 
Бірақ қабыршақтарды бөліп алып есептеу өте қиын, ал минералдық 
заттардың мөлшерін анықтау өте оңай. Минералдық заттар алейрон 
қабатында, дəн қабыршақтарында көп болатындықтан соны анықтап, 


131
сол арқылы, дербес қана, тамаққа жарамсыз баласты заттардың 
мөлшерін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет