156
сірке, құмырсқа қышқылдары пайда болады. Жоғары температура-
да кептіргенде ақуыз – ферменттер өзінің меншікті химимялық
құрылы мын өзгертіп, денатурацияға ұшырап,
спирт сияқты алкогольді
заттардың пайда болуына жол бермейді. Қара бидай уыты, квастан басқа
да «бородинский», «заварной» сортты қара нан мен бидай ұнынан алы-
натын «карельский», «чайный», жүзім қосылған «заварной»
нан сорт-
тарын алуға пайдаланады.
Уыт алуға арналған қара бидай ірі, толық піскен, өнімділігі жоғары,
зиянды жəндіктермен, түрлі
аурулармен зақымданбаған, бөтен дəмі,
иісі жоқ астық болу керек. Өнімділігі 92 пайыздан, көлемдік өлшемі
685 г/л-ден кем емес, ылғалдығы 15,5 пайыз, дəнді қосындылары 5 па-
йыз, шөп-шалаң қосындылары 2 пайыздан артық болмауы керек.
Сыра жасалатын уыт шығару үшін арпаны 7-8 күн, спирт алу үшін
10-14 күн өндіреді. Спирт алуға арналған
уытта крахмалды ыдырата-
тын амилаза ферменттері көбірек болу керек, сондықтан оны ұзағырақ
өндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: