Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет106/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

Бақылау сұрақтары:
1. Астықтың технологиялық қасиеті дегеніміз не?
2. Астықтың ұн тартуға жарамдылығы.
3. Бидайдың ұнтартылғыш қабілетінің себептері.
4. Бидайды зертханалық диірменде тартқан соң анықталатын 
көрсеткіштер.
5. Астықтың механикалық қасиеттері.
6. Неге қара бидайдан ұнды қыс мезгілінде тарту тиімді?
7. Дайындалған астықтың қанша пайызы нан жəне басқа да ұннан 
алынатын тағамдар жасауға пайдаланылады?
8. Астықтың нан пісіруге жарамдылық қабілеті дегеніміз не?
9. Ұнның газ шығару қасиеті дегеніміз не?
10. Ұнның күші немесе бөлініп шыққан газдарды ұстап тұра білу 
қабілеті дегеніміз не?
11. Қай уақытта пісірген нанның іші шикі, көлемі кішкентай бо-
лады?
12. Ұнның күшін қандай құралдардың көмегімен анықтайды?
13. Жұмсақ бидайды нандық қабілетіне қарай неше топқа бөледі?
14. Қара бидайдың нан пісіруге жарамдылық қабілетін анықтау үшін 
қандай тəсілдер бар?
15. Қандай дақылдардан жарма өндіруге болады?


157
16. Жарма алуға пайдаланылатын дақылдардың технологиялық 
қасиеттеріне нелер жатады?
17. Алынған жарманың тамаққа жарамдылық қабілеті.
18. Макарон, вермишель, кеспе сияқты ұн тағамдары қандай бидай 
ұнынан алынады?
19. Қатты бидайдан макарон жасау үшін неше сортты ұн тартады?
20. 15+40+23 пайыздық ұн тартуындағы цифрлар нені білдіреді?
21. Макарондық ұн тартулар үшін қатты бидайдың көрсеткіштері 
қандай болуы керек?
22. Макарон жасауға арналған қатты бидайдың ұнына қойылатын 
талаптар.
23. Кондитерлік тағамдар жасау үшін ұнның қандай сорттарын пай-
даланады?
24. Жүгері ұнын қандай кондитерлік өнімдерді дайындағанда 
қосады?
25. Сыра қайнату үшін қандай дақылдар пайдаланылады?
26. Сыра қайнату үшін пайдаланылатын арпаның ерекшелігі.
27. Сыра қайнатуға арналған арпаға қойылатын талаптар.
28. Уыт дегеніміз не?
29. Уыт дайындаудың тəсілдері.
30. Арпадағы ақуыз, сағыз жəне дəннің шынылығы сыраға қалай 
əсер етеді?
31. Крахмалды қандай дақылдардан өндіреді?
32. Алынған крахмалды қай жерде жəне не үшін пайдалануға бо-
лады?
33. Қандай дəндерден крахмал өндіруге болмайды?
34. Спиртті қандай дақылдардан өндіреді?
35. Өсімдік майын қандай салаларда пайдаланады?
36. Майлы тұқымдардан тамаққа пайдаланатын майды қалай алады?
37. Техникалық майды қандай тəсілмен өндіреді?
38. Зертханаларда дəннің майлылығын қандай əдіспен анықтайды?
39. Майлы тұқымды дақылдардың технологиялық қасиеттеріне жа-
татын көрсеткіштер.
40. Күнбағыс майының қышқылдық саны қанша?
41. Уыттың түсі қандай болады?
42. Уыт алу үшін дəнді неше күн өндіреді?
43. Уыт өндіруге арналған қара бидайға қойылатын талаптар.
44. Спирт алу үшін дəнді неше күн өндіреді?


158


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет