Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бидайдың түрлері мен түр тармақтары



Pdf көрінісі
бет120/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.1.2. Бидайдың түрлері мен түр тармақтары
Жоғарыда көрсетілгендей жержүзінде бидайдың 27 мəдени жəне жа-
байы түрлері тараған. Оның ішінде Қазақстанда жұмсақ (Т. Aestivum) 
жəне қатты (Т. Durum) бидай көп тараған. Бұлардың аттары да олардың 
дəндерінің құрылысына сай берілген.
Жұмсақ бидай (Т. Aestivum) жалаңаш дəнді, 7x2x3=42 немесе гекса-
плоидты (гекса – (лат) алты), яғни əртүрлі үш жұп геномды бидай.
Полиплоидтардың бip ерекшеліктері олар табиғат жағдайларына 
байланысты тез өзгеріп, салыстырмалы түрде өнімді көбірек береді. 
Оның мысалы ретінде, бидайдың жаздық жəне күздік түрлерге бөлінуін 
айтуға болады. Біздің елімізде жұмсақ бидай барлық бидай егісінің 80-
90 пайызын құрайды. Мұның ішінде суыққа, қысқа, құрғақшылыққа 
төзімді көптеген сорттары бар.


184
Жұмсақ бидайдың масағы eкi қатар масақшалардан тұрады. Əр 
масақша үш гүл, яғни үш дəн салады. Құрғақшылық аудандарда бір-ақ 
немесе eкi дəн ғана жетілуі мүмкін; Масақтары қылтықты да, қылтықсыз 
да болуы мүмкін. Қылтықты масақтардың қылтығы жан-жағына ша-
шырап жайылған, масақтан қысқалау келеді. Масағы борпас тау бола-
ды. Сондықтан əбден піскен кезде төгіліп кетyi мүмкін.
Əр гүлдің ішкі жəне сыртқы қауызы бар. Осы екеуінің ортасында 
дəн орналасқан. Дəн піскен соң сол екеуінің ортасында бос жатады.
Қатты бидай (Т. Durum) жалаңаш дəнді, тетраплоидты (7Х2Х2=28) 
немесе eкi жұп геномды бидай. Тек жаздық форма түрінде кездеседі. 
Кейінгі кезде күздік формасына жататын сорттар шығарылып, тарап 
келе жатыр. Қатты бидай барлық өндірілетін бидай өнімдерінің 10 
пайы зын алады. Қатты бидай жаздық бидайға қарағанда, ауа райына 
жəне жер қыртысының құнарына тəуелділеу.
Қатты бидайдың масағы тығыз, қауызы қылтықты, қылтықтары 
ұзын болып, масақтан жоғары көтеріліп тұрады. Қылтығы жоқ сортта-
ры кездеспейді.
Қатты бидайдың дəні қауыздың ішінде мықты орналасқан. Сондық-
тан орып-бастырған кезде көбінесе, қауыздың ішінде қалып қояды.
29-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет