Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет128/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.3.2. Қара бидай дəнінің сипаттамасы
Қара бидайдың дəні бидай дəннінен ұзындау, ал ішкі құрылысы 
бірдей деп айтуға болады. Сыртқы құрылысы бойынша ұзыны 4,0-
9,8 мм, көлденеңі 1,4-3,4 мм, қалыңдығы 1,0-3,4 мм болады. Осы 
мөлшерінің əртүрлі болғандығына байланысты, оны жіңішке ұзын, 
жіңішке қысқа, жалпақ ұзын жəне жалпақ қысқа деп бөледі. Бұл бөлудің 
астықты сорттауға маңызы бар.
Қара бидайдың түсі көбінесе, жасыл-сұр, сары, қоңыр немесе күлгін 
болады. Бұл түстер кабыршақтары мен алейрон қабатының түстерінен 
жəне қабыршақтарының қалыңдығына байланысты болады. Жасыл 
дəннің алейрон қабатында хлорофилл, антоциан көк жəне алқызыл пиг-
менттер, ал қабыршақтарында сары каротиноидтар болады. Олардың 
қоюлығына байланысты түстері де өзгеріп тұрады. Осыған қарамастан 


193
жасыл түсті дəннің эндоспермі үлкен жəне шыны болады деген аңыз 
бар.
Қара бидайдың эндоспермі 73-77, алейрон қабаты 11-12, ұрығы 3,5-
3,7, қабыршақтары 6,9-13,0 пайыз болып, дəннің толықтығына қарай 
өзгеріп тұрады. 1000 дəннің массасы 8-37 г., көлемдік массасы 710-755 
г/л-ге жетеді.
Химиялық құрамы бойынша орташа 12,0 пайыз (10-17 пайыз) ақуыз 
болады. Бидайдың ақуызына қарағанда, ол суға жақсы ериді. Сағызы 
жуылмағанмен, қамырында ол бар. Қара бидайда крахмал 56-63 пайыз, 
кант 4-8 пайыз, гумми шырышы 1,5-2,5 пайыз болады. Осы шырыштар 
қара нанға өзіне тəн біртүрлі шырыштық тайрақ қасиет береді. Қара 
нанда суға еритін заттар да көп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет