Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет131/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.4. Тритикале (Triticale)
Тритикале деп бидай мен қара бидайды будандастырып алған жаңа 
дақыл амфидиплоидты айтады. Оның аты бидайдың латынша аты 
Triticum, қара бидайдың secale, яғни Triticum деген сөздің түбі іpi жəне 
secale деген сөздің жалғасы алынып, «Triticale» деп ат қойылған. Мұнда 
eкi бөлек тектің хромосомдары қосылып, бір кешен құрған. Бұл – адам-
зат жəне өсімдіктер тарихында бірінші рет болған оқиға. Сондықтан 
мұнда бидай мен қара бидайдың барлық шаруашылыққа 
тиімді 
қасиеттері қосылып жоғары өнім, сапалы астық бере алады. Мұның 
ақуызының амин қышқылдарының құрамы да, амин қышқылдық 
құрамы да өзгеше, ауа райының қолайсыз жағдайларына да өте төзімді. 
Бұл оның хромосомдарының. құрамына қарай болады. Қара бидай 14 
(7x2), қатты бидай 28 (7x2x2), жұмсақ бидай 42 (7x2x3) хромосомды 
болса, ал тритикале –
 
октоплоидтар 2П = 56= ((42 :2) + (14:2))х2 кестелі 
жұмсақ бидай мен қара бидай буданы жəне гексаплоидты 2П = 42= ((28 
: 2) + (14 : 2)) х2 кестелі немесе қатты бидай мен қара бидай буданы 


195
сияқты плоидты болады. Бұлар Украинаның Харьков қаласындағы егін 
шаруашылығы, селекция жəне генетика институтында проф. А. Ф. Шу-
лын диннің басқаруымен шыққан. Қазір үшплоидты – жұмсақ, қатты 
бидайлар мен қара бидай арасындағы будандар шығарылып, өpic алып 
ке леді. Бұл будандардың сорттары – Амфидиплоид 206, Амфидиплоид 201, 
Амфидиплоид 209, т.б.
 
əр гектарынан 75-82 центнерге жуық егінбере-
ді. Амфидиплоид 1, Амфидиплоид 2, Амфидиплоид 127 атты көк шөп 
алуға арналған сорттары гектарынан 500-550 центнер көк шөп бepiп 
жүр.
Тритикале шығару үшін кешенді бағдарлама жасалған. Ол бағдарлама 
бойынша оны өсіруден бастап, нан пісіруге дейін қолданылатын 
тетіктер қамтылған.
Тритикале дəнінің сыртқы құрылысы бидайға да, қара бидайға да 
ұқсайды. Бидай дəнінен ұзынырақ, қара бидайдың дəнінен қысқарақ, 
бірaқ жалпақтау. Дəннің алейрон қабаты 2-3 қатар (бидайда тек бір 
қатар) жəне орташа санды қатарлар да бар.
Амилазаның белсенділігі бидайға қарағанда күштірек, ал қара би-
дайдан төмендеу. 1000 дəннің массасы 32-41 г, кейде 50-53 г-ға жетеді 
(АД-201, АД-206), бір литр дəнінің массасы орташа 730-754 г/л (бидай 
750, қара бидай 712 г/л).
Нан пicipy қасиеті қара бидайға жақын. Ақуызы 1-2 пайыз бидай-
дан көбірек, ал малға жемдік қасиеті өте жоғары. Басқа дақылдарда 
өте аз болатын лизин жəне триптофан амин қышқылдары өте көп, яғни 
ақуызы толық бағалы.
Тритикале көпшілік аудандарда өте биік өсіп, жатып қалып жүр. 
Қазір оның бойын төмендетуге арналған көп жұмыстар icтeлуде.
Тритикаленің жаңа сорттары.
2002 жылдан бастап Алматы, Жамбыл жəне Оңтүстік Қазақстан 
облыстарында күздік тритикаленің жаңа сорты «Таза» кеңінен егіле 
бастады. Тритикаленің бұл сортының потенциалдық түсімділігі əрбір 
гектардан 80-100 ц құрайды. «Таза» сорты жемдік жəне бір өзінен не-
месе бидаймен араластыру арқылы наубайханалық мақсатта қолдану 
үшін шығарылған. Аталған сорттың түсімділігі мен дəндегі крахмал 
мөлшерінің жоғары болуына байланысты оны химия-технологиялық 
өнеркəсіптерде (биоэтанол, метанол, биодизель, спирт жəне т.б. 
өндірістерінде) шикізат ретінде қолдануға болады. Тритикаленің бұл 
сорты «Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу 
институты» ЖШС ұжымымен шығарылған.
Соңғы жылдары шығарылған күздік тритикаленің жаңа сорты 


196
«Орда» (2010) Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы 
министрінің 2009 жылдың 30 шілдесіндегі №434-бұйрығына сəйкес 
селекциялық жетістіктер мемлекеттік реестріне енгізіліп, қолданысқа 
рұқсат алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет