Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет133/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.5.2. Ботаникалық сипаттамасы
Арпа дəнді дақылдар тұқымдасына жатады. Табиғи жағдайда 
көпжылдық жəне біржылдық өсімдіктер. Біржылдық формасы күздік 
жəне жаздық түрінде егіледі. ТМД елдерінде тек біржылдық өсімдік 
ретінде тараған, оның ішінде жаздық формасы 90 пайыз, күздік форма-
сы 10 пайыздай мөлшерде аудандастырылған.
Арпа (Нordeum) тегінe 30-ға жақын түрлер жатады. Олардың ішінде 
мəдени өсімдік ретінде бір ғана түр – егістік арпа (Нordeum sativum) 
егіледі. Бұл түр үш кіші түрлерге бөлінген: көпқатарлы (Н. s. Pallidum), 
екіқатарлы (Н. s. Disticum) жəне осы екеуінің ортасындағы «орталық» 
қатарлы (Н. s. Iпtermedium) арпалар.
Арпаның гүл шоқтары масақ, сабақтың əр сатысында үштен гүл 
шығады. Көпқатарлы арпада осы үш гүлдің үшеуі де дəн 
береді, 
дəндері алты қатар орналасады. Егер оны көлденең кессек, алты 
бұрышты немесе төртбұрышты болып көрінеді. Төртбұрышты масақта 
үш дəннің ортаңғысы үлкен болып өсіп, шеткі екеуі ұсақ дəн береді, ал 
алтыбұрышты масақтың барлық үш дəндері бірдей өскен.
Екіқатарлы арпада үш гүлдің екі жағындағы гүлдері дəн байламай 
семіп қалады да, ортадағы бір дəн ipi болып өседі. Сонымен желінің екі 
жағында eкi дəн салады. Сондықтан осы арпаны көбірек себеді. Олар 


197
сыра жасауда өте қолайлы. Барлық дəндер біркелкі өнiп, крахмалы 
бірдей ыдырап, қантқа айналады, яғни спиртті көбірек береді.
«Орталық» қатарлы немесе көп жəне екі қатарлы арпалардың 
араларындағы арпа не үш, не eкi, не бір ғана дəн береді. Мұны көп 
екпейді. Əр кiшi түрдің өзі түрлерге бөлінеді. Оларға қабықты ақ, 
сары немесе қара дəнді жəне қабығы жоқ арпалар кіреді. Арпаның 
дəні қылтықты. Кейде қылтықтың орнына фурки деп аталатын қысқа 
қосалқы үш жапырақты қылтықша өсетін түрінің болуы мүмкін.
ТМД-да тараған түрлері:
– паллидум (Pallidum) – көпқатарлы арпа;
– нутанс (Пutaпs) – екіқатарлы, сары түсті, қылтықты арпа;
– медикум (Medicum) – екіқатарлы, қылтықты, жылтыр арпа. Нутанс 
пен медикум сыра алуға арналған өте сапалы уыт береді.
Көптеген оқымыстылар арпаны көпқатарлы жəне екіқатарлы деп eкі 
түрге бөліп жүр. Ол түрлерге барлығы 125-ке жақын түрлі түрлер жата-
ды деп болжалуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет