Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет135/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.5.4. Арпа дəнінің сипаттамасы
Арпа дəн қабықты, ipi, ұзыны 10 мм-ге дейін жетеді, көлденеңі мен 
қалыңдығы 4 мм шамасында. 1000 дəнінің массасы 20-65 г (орташа 


198
30-45 г). Формасы ромбыға ұқсайды. Қабықтары қырлы-қырлы, сары, 
кейде жасыл-сұр, қара түсті болып, дəннің 8-17 пайыз көлемін алады. 
Қабықтарының қалыңдығына қарай арпаны: қалың қабықты – егер 12 
пайыздан жоғары болса; орташа – 10-12 пайыз болса; жұқа қабықты – 
егер 10 пайыздан төмен болса, деп үшке бөліп жүр.
Арпаның қабықтылығын анықтау үшін, оны сумен, бумен, күкірт 
қышқылының ерітіндісімен, аммиакпен өңдеп, содан кейін ғана 
ақтайды.
Кейбір таулы аудандарда (Армения мен Тибетте) арпадан ұн тартуға 
ақ түстi сорттарын пайдаланады. Арпаның алейрон қабаты 2-4 қатар ipi 
клеткалардан тұрады жəне ол дəннің 12-14 пайыз көлемін алып жата-
ды. Осы ерекшелігін оның бидай ұнына қанша мөлшерде араласқанын 
табуға пайдаланады. Эндосперм дəннің 63-69 пайыз көлемін ала-
ды. Ұрық – 2,5-3,0 пайызға жақын болады. Эндоспермі шыны неме-
се ұнтəрізді болуы мүмкін. Арпаның қабығы кремний тотығын (SiO
2

көп ұстайды. Егер мұны есептемесек, оның химиялық құрамы бидайға 
жақын.
Арпаның амилазалары өте белсенді. Сондықтан ол сыра мен спирт 
алуға пайдаланылады. Сыра алуға тек қабықты арпаны пайдаланады. 
Арпаның кейбір сорттары 3-тен 28 пайызғадейін сағыз байлайды. Ол 
өте қиын қалыптасады, сапасы өте нашар, үзілгіш болады. Оны тек 
ыстық cyғa илеп, бірaз жатқаннан кейін ғана жуып алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет