11.5.6. Арпа дəнінің стандарттары Арпаға төрт стандарт жасалған. Олар оның пайдаланатын сала-
сына байланысты. «Сыралық арпа», «Арпа. Жарма алуға арналған
арпаға шарт», «Тамаққа жəне жемге арналған арпа», «Спирт шығаруға
арналған арпа» деп бөлінген. Осы стандарттарға сəйкес арпаның қай
салада пайдалануға жарайтындарын анықтап орналастырады.
Арпа типке, тармаққа бөлінбейді. Стандарттарда базистік жəне
шектік кондициялар көрсетілген. Олар бойынша ылғалдылығы 17-19
пайыздан, шөп-шалаң қалдықтары 8 пайыздан, дəнді қалдықтар 15 па-
йыздан, оның ішінде өніп кеткен дəннің саны 5 пайыздан аспау керек.
Сыра алуға арналған арпаның өнімділігі өте жақсы болу керек. Басқа
көрсеткіштері ең төменгі нормадан аспаса болғаны.