Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жүгері дəнінің орташа химиялық құрамы



Pdf көрінісі
бет145/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

Жүгері дəнінің орташа химиялық құрамы
Анат.бөлімі
Ақуыз
Крахмал
Қант
Клетчатка
Май
Күл
Ұрықта
17,5
8,6
14,0
2,7
30,0
9,0
Эндоспермде
8,5
76,0
0,7
0,6
0,9
0,4
Қабыршақтарда
4,7
8,2
0,3
22,2
1,4
1,3
Жүгеріде орташа 6,8 пайызға жақын пентозандар мен декстриндер 
бар. Онда лизин мен триптофан амин қышкылдары аз, яғни жүгері 
белогы амин қышқылдық құрамы бойынша толыққұрамды емес. 
Сондықтан оның, тамақтық қабілеті нашар деп есептеледі. Жүгеріден 
істелген тағамдарға лизин мен триптофан қышқылдарын үстеп қосады.
11.7.4. Жүгерінің сорттары мен будандары
Жүгері егістігі үшін будандардың маңызы өте зор. Будан тұқымның 
бірінші ұрпағы гетерозистік қасиет танытады. Гетерозисті (гетеро 
– көп, зис – зигот – жынысты деп түсінуге болады) будан өсімдіктің 
өнімдерінің кенеттен өсіп кету қабілеті деген мағынада қолданылады. 
Олар өздерінің аталық жəне аналық өсімдіктерімен салыстырғанда 10-
30 пайыздай өнімді артық береді. Одан кейінгі ұрпақтарының, өнімі 
жылдан жылға төмендеп, қалпына келеді.
Будандар сортаралық, сызықаралық, екі еселенген сызықаралық, 


205
сорт пен сызықаралық т. б. деп бөлінеді. Будандардың бірiнші ұрпағын 
алу өте қиын жəне қымбатка түседі. 1960 жылдардан бастап будан тұқым 
алу үшін аталық, тозаң, салмайтын аналық өсімдіктер (стерильная ма-
теринская форма гибридов) мен тозаң беретін аталық өсімдіктерді бу-
дандастыру арқылы алу жолға қойылды. ТМД-да бұл əдісті М. И. Хад-
жинов, Г. С. Ғалеев, Б. П. Соколов тағы басқа да көптеген ғалымдардың 
басқаруымен, АҚШ ғалымдарымен бірлесе отырып (1930 жылдан 1960 
жылға дейін), генетикалық тəсілдерді пайдаланып жетістікке жеткен. 
Осының арқасында жүгерінің жержүзінде буданды тұқымдарын өcipiп
ceyiп, жоғарғы өнім алатын болды.
Көк балауса мал азығының, сүрлемінің жəне астықтың ең жоғарғы 
түсімін екі еселік будандар береді. Оларды алу тəсілі «Селекция жəне 
тұқым шаруашылығы» тақырыбында берілген. Осы қысқа мəліметте 
оның теориясы мен практикалық алу жолдарын толық жазу жəне терең 
түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан біз мына төмендегі жайларды ғана 
білуіміз керек. Астық қабылдау мекемелерінде будан жүгері тұқымдары 
тек қапталған, аузы тігілген түрде түседі. Оны cөгiп ашуға болмай-
ды. Олардың этикеткаларында буданның атынан соң «Т» немесе «М» 
«стерильная», немесе «Т», «М» «закрепитель», немесе «Т», «М» «вос-
становитель» деген сөздер қосылып жазылады. Оларды алушыларға 
босатқанда ауыстырып алмау керек. Басқа сапасына, тек құрғақ қоймада 
сақталса, астық қабылдау мекемесі жауап бермейді.
Қазақстанда кең тараған будандар:
ВИР 156 ТВ – жай пісетін, жоғары өнімді екі еселі линиялық будан. 
Оның аналық формасы Победа Т стерильная жай сызықаралық будан
аталық формасы Прогресс Т восстановитель – линияаралық жай бу-
дан, ал Победаның 
өзі
аналық линия ВИР 154 жəне ВИР 155 аталық 
линия дан будандастырып алынған, ал Прогресс – ВИР 157 мен ВИР 158 
линиялардың ұрпағы.
Бұл сары түсті, дəннің сыртқы құрылысы. Тіс тəріздес жүгері. Дəн 
өнімi гектарынан 100 центнерден артық, көк өнici – 400-500 центнерге 
жетеді.
Краснодар 4 ТВ – сортлиниялық будан. Стерлинг Х Краснодар 3 (W 
155ХГ 23) сызбасымен алынады. Стерлинг АҚШ-тан алынған сорт, 
Краснодар 3 – көрсетілген eкi линиядан алынған жай будан. Краснодар 
4 – орташа мерзімде пісетін жоғары өнімді будан.
Қазақстанның солтүстік облыстарында сүрлем алу үшін оңтүстікте 
тұқымдық жүгері өсіріледі. Оған: Буковинский 2, Днепровский 56, т. 
б.будандар жатады.


206
Қазақстанда аудандасқан жүгері сорттары – Стерлинг, Алма-Атин-
ская 236, Воронежская 76, Өзбек тістəрізді, т. б. сорттар.
Соңғы төрт-бес жылдың ішінде өндіріске енгізілген жүгерінің сорт-
тары: Агристер (2012), БЦ 666 (2010), БЦ 503 ПК (2010), Дала Аруы 
446 П (2011), Елеонора (2010), Каз ЗП 499 (2012), Каз ЗП 509 (2010), Каз 
ЗП 629 (2012), Омка 130 (2010) жəне тағы басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет