11.7.3. Дəннің құрылысы жəне химиялық құрамы
Жүгерінің бір собықтағы дəнінің көлемі мен массасы əртүрлі – түп
жағында ipi, бас жағында ұсақ. Дəннің ұзыны 5-15 мм-ге, 1000 дəнінің
массасы 50-ден 100 гр-ға дейін жетеді.
Жүгері дəнінде, басқа дақылдардай, сайшасы болмайды, ұрығы
өте үлкен 15 пайызға дейін болады. Дəннің ұрық жағында собықтың
өзегімен байланысатын орнын қабы (чехлик) деп атайды. Ол жүгеріні
үгіткенде түсіп қалады. Жүгерінің эндоспермі 80-83, қабыршақтары 4-5,
ұрығы 8-15, қабы (чехлик) 1,2-1,8 пайыз болады. Жүгерінің қалқаншасы
өте үлкен, ол ұрықтың 90 пайызын алады. Эндоспермі мүйізтəріздес
немесе ұнтəріздес болады. Мүйізтəріздес эндоспермде ақуыз көп.
Дəннің орташа химиялық, құрамы: ақуыз (Пx6,26)–11,3+14,3,
крахмал – 45,2 + 64,2, қант – 1,74 + 8,0, май – 7,2+14,4, күлділігі –
1,0+1,37 пайыз. Бұлар оның анатомиялық бөлшектерінде төмендегіше
орналасқан.
32-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |