Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет140/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.6.2. Сұлы дəнінің сипаттамасы жəне 
химиялық құрамы
Сұлының жарма, жаншыма алуға, не болмаса жемге жарамдылығын 
ол толық піскен соң, сіңсімеде тұрған кезінде анықтайды. Мұнда оны 
сыртқы көрінісіне қарай Мəскеу, Харьков, инетəрізді жəне ұзынқауызды 
деп бөледі.


201
Мəскеу типті сұлының дəн ipi, жалпақ, жуан, белі бүкірлеу, ақ не 
сары түсті болады. 
Дəн 
қауызының жоғарғы басының аузы ашық бола-
ды, ядросы оның ішінде бос жатады.
Харьков типi – жіңішкерек, сары түсті, жоғарғы басы жабық, 
оның ішінде ядросы бос жатады. Бұл екеуінің қауызы тез аршылады. 
Сондықтан оларды жарма алуға пайдаланады.
Ине тəрізді тип – жіңішке, ұзын, түзу, жоғарғы басы үшкір, ақ, сары 
түсті болады.
Ұзын қауызды типтің дəні Харьков типіне ұқсас, бірaқ қауызы өте 
ұзын, оның ішінде ядро бос жатады.
Бұл eкeyiн көбінесе, малға жем ретінде пайдаланады.
Сұлы дəнінің ұзыны 8-16 мм-ге дейін, көлденеңі 1,4-4,0 мм, 
қалыңдығы 1,2-3,6 мм болады. Қабықтары 20-30 пайызға жетеді. Бұл 
дəннің ipiлігіне байланысты болады.
Ұрығы ipi – 3-4 пайыз, алейрон қабаты екі қатарлы клеткалардан 
тұрады – 6-8 пайыз, эндоспермі ұнтəріздес дəннің 50-55 пайыз көлемін 
алып жатады.
Бipлитр дəннің массасы 460-510 г/л.
Дəннің химиялық құрамы: ақуыз 9-19, крахмал 31-51, клетчатка 
8-19, май 3-7

минералдық, заттар 3-5 пайыз болады. Keйбір сорттарда 
дəннің майлылығы 11 пайызға дейін жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет